+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Жеке сақтандыру

Жазатайым жағдайдан сақтандыру

Кездейсоқ жарақат алу – бұл ересек адам мен бала үшін аса жағымсыз жағдай. «НСК» АҚ сақтандыру шарты – жазатайым жағдай нәтижесінде емдеуге шығатын шығынның орнын толтыратын және күйзеліс деңгейін төмендететін ересектер мен балаларға арналған әрбір күнге тәулік бойына қорғаныс.

Кімді сақтандыруға болады?

  • 1 жастан 17 жасқа дейінгі балаларды;
  • 18 жастан 65 жасқа дейінгі ересектерді;
  • Жүргізушілер мен жолаушыларды.

Сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу мерзімі

Икемді қолданылу мерзімі 1күннен бастап 1 жылға дейін таңдалған сақтандыру аумағында.

«НСК» АҚ жазатайым жағдайдан сақтандыру артықшылықтары:

  • Сақтандыру шартының икемді қолданылу мерзімі: 1 күннен бастап 1 жылға дейін;
  • 5 000 000 теңгеге дейін сақтандыру төлемінің ең көп мөлшері;
  • Сақтандыру өтемінің кеңейтілген пакеті;
  • Таңдалған сақтандыру аумағында сақтандыру арқылы қорғаудың тәулік бойына әрекет етуі; 
  • Жылдам төлем. Төлем барлық құжаттарды ұсыну сәтінен бастап 15 күн ішінде жүзеге асырылады.
  • Медициналық тексерусіз. Шартты жасау үшін тек жазбаша өтінім қажет. Медициналық куәландыру талап етілмейді.

Неден сақтандыруға болады?

Сіздің таңдауыңызға іс жүзінде жазатайым жағдайдың барлық ықтимал салдарларынан:

  • дене жарақаты немесе жарымжан болып қалу, 
  • мүгедектік, еңбекке жарамдылығынан уақытша айырылу, 
  • өмірден өту.

Таңдау бойынша сақтандыру аумағы:

  • Қазақстан Республикасы;
  • Қырғызстан Республикасы;
  • ТМД елдері;
  • бүкіл әлем, әскери іс-қимылдар аумағынан басқа.

Сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтандыру сомасының мөлшері

НСК сақтандыру компаниясы әрбір клиентке қолайлы жағдайларды ұсынады. Әрбір сақтандырылған тұлға сақтандыру сомасын дербес 5 000 000 теңгеге дейін таңдай алады.

Жазатайым жағдайдан сақтандыру бойынша төлем мөлшерлері:

  • қайтыс болу кезінде – сақтандыру сомасынан 100%;
  • 1 топ мүгедектігі белгіленген кезде – сақтандыру сомасынан 80%;
  • балаға мүгедектік белгіленген кезде – сақтандыру сомасынан 80%;
  • 2 топ мүгедектігі белгіленген кезде – сақтандыру сомасынан 60 %;
  • 3 топ мүгедектігі белгіленген кезде – сақтандыру сомасынан 40%;
  • еңбекке жарамдылығынан уақытша айырылған кезде және жарақат алған жағдайда – жарақаттар кестесіне сәйкес немесе 45 күннен аспайтын кезеңге еңбек жарамдылығынан айырылған әрбір күн үшін бір сақтандырылушыға сақтандыру сомасынан 0,2%. 

Жазатайым жағдайдан сақтандыру шартының құнын есептеу кезінде қосымша жағдайлар да есептеледі:

  • әуесқой спортпен айналысатын сақтандырылушыларға арналған спорт тәуекелдері;
  • сақтандыру шартының қолданылу мерзімі;
  • ұжымдық сақтандыру кезіндегі жеңілдіктер (25 адамнан бастап).
Бізбен хабарласыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға толық жауап береміз.
Қаланы таңдаңыз
Қоңырау шалыңыз:
+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін
Сіз бізге хабарлама жібере аласыз, біз Сізбен өзіміз хабарласамыз.
Нужна помощь?