+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Саяхатшыларды сақтандыру

Шетелге шығатын тұлғаларды сақтандыру

Шетелге демалуға, іссапарға немесе оқуға баруға жиналдыңыз ба? «НСК» АҚ сақтандыру шарты кездейсоқ ауырып қалу немесе жарақат алу жағдайында қымбат тұратын емдеуді өтейді. Ал бұл ауруханаға жатқызу және көрсетілген медициналық қызметтер мен дәрілер үшін қомақты сомалы есепшоттың келуіне әкеліп соғуы мүмкін. Сақтандыру шарты шетелде емдеуге шығатын қомақты жоспарланбаған шығындардан сақтайды

Сақтандыру қандай да бір себептермен уақытша шетелге шығатын әрбір адамға қажет:

  • туристерге;
  • шетелге оқуға баратын студенттерге;
  • іссапарға және жалдану бойынша жұмысқа шығатын тұлғаларға.
  • Кәсіпқой спортшыларға және белсенді демалыстың әуесқойларына.

Бару үшін міндетті түрде сақтандыруды сатып алу қажет болатын елдер:

  • Еуроодақ мемлекеттері;
  • АҚШ, Канада, Жапония, Австралия;
  • Африка, Азия, Латын Америкасы елдері және Еуроодаққа кірмейтін Еуропа континентінің аумағындағы мемлекеттер;

Сақтандыру құны және оның қолданылу аумақтары?

Шетелге шығуларды сақтандыру құны сақтандыру сомасына, сапар мақсатына, бару еліне және шетелде болу уақытына байланысты болады.

Елдер, континенттер 1 адамға 10 күнге сақтандыру құны, евромен Сақтандыру сомасы, евромен
Түркия, Египет, Таиланд 6,6 бастап 10 000 бастап
Еуропа (Шенген аумағы) 12 бастап 30 000 бастап
АҚШ, Жапония, Австралия 15,4 бастап 50 000 бастап

ТМД елдеріне бару үшін мұндай сақтандыру шекарадан өту кезінде міндетті емес, бірақ сол елде болу уақытында қажет. Сақтандырусыз Қазақстанның азаматтары жедел жағдайларда медициналық көмек ала алмайды.

Сақтандыру арқылы қорғау қандай жағдайларда қолданылады?

Егер шетелде уақытша болатын адам кездейсоқ ауырып қалған, жазатайым жағдайдың нәтижесінде жарақат алған болса.

 Сақтандыру жағдайы болып табылады:

  1. сақтандыру аумағында болу уақытында сақтандыру жағдайы басталған кезде жедел медициналық және медициналық-көліктік көмекті алу.
  2. Сақтандырылушының сапар кезінде қол жүгінің жоғалуы немесе зақымдануы, егер қол жүгінің сақталуы үшін жауапкершілік оны тасымалдау кезінде тасымалдаушының жауапкершілігіне өткен болса. 
  3. Қазақстан Республикасынан тысқары сапарға шығудың мүмкін болмауы салдарынан туындаған шығындар.

«НСК»да сақтандырудың артықшылықтары:

  • Әлемнің кез келген елінде қорғауды қамтамасыз ету 
  • Тәулік бойына қызмет көрсету: сақтандырылушыларға 24 сағат, аптасына 7 күн әлемнің кез келген түкпірінде біздің негізгі халықаралық серіктестеріміз "КЛАСС-АССИСТ" және Акдениз Аларм көмек көрсетеді. 
  • Білікті медициналық көмек көрсету мекемесі 
  • Медициналық көмек үшін төлем клиенттің қатысуынсыз жүзеге асырылады, сақтандыру жағдайы бойынша шығындарды «НСК» АҚ өз мойнына алады.
  • 120 астам туристік компаниялар өз клиенттерін бізге сеніп тапсырады. Жыл сайын шамамен 80 мың туристер «НСК» АҚ шартымен бірге саяхатқа шығады.
Бізбен хабарласыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға толық жауап береміз.
Қаланы таңдаңыз
Қоңырау шалыңыз:
+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін
Сіз бізге хабарлама жібере аласыз, біз Сізбен өзіміз хабарласамыз.
Нужна помощь?