+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Медициналық сақтандыру жеке тұлғалар

Жеке тұлғаларға арналған сақтандыру бағдарламалары

Амбулаторлық және үйге барумен кәсіби медициналық қызмет көрсету және білікті емдеу. Бұл туралы ауруханаға келген көптеген қазақстандықтар ойлайды. «НСК» АҚ клиенттеріне медициналық сақтандырумен бүкіл Қазақстан бойынша 400 үздік клиникалар мен медицина орталықтары қызмет көрсетеді. «НСК» АҚ жеке тұлғалар үшін сапалы медициналық қызмет көрсету мен емдеуді ұсынады.

«Долана», «Долана Эконом», «Долана минимум» бағдарламасы

«НСК» АҚ өз клиенттерінің денсаулығына қамқорлық көрсетеді. Қазақстандықтар тұрғылықты жері бойынша емханаға бару кезінде кездесетін көптеген қиындықтардан Медициналық полистің иеленушісі құтылады:

  • кезектен;
  • мамандардың жетіспеушілігінен;
  • жедел жәрдемге байланысты туындайтын мәселелермен.

Бұл бағдарламамен «НСК» АҚ клиенттері үйде медициналық қызметті алу, сондай-ақ Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және Құлсары қалаларында Open Clinic медициналық орталықтарының желісінің базасында медициналық көмек пен қызметтерді алу мүмкіндіктерін алады. Open Clinic НСК сақтандыру компаниясының бас серіктесі болып табылады, ал бұл – әрбір емделушіге деген басымдықпен қызмет көрсету және жеке қызмет көрсету.

«Долана» бағдарламасы бойынша медициналық сақтандыру мүмкіндіктері:

  • Жедел және емдеу көрсетілімдері бойынша отбасылық дәгірердің/балалар дәрігерінің үйге, офиске тәулік бойына баруы
    «Долана» бағдарламасы бойынша сақтандыру мерзімі ішінде 30 реттен көп емес;
    «Долана эконом» бағдарламасы бойынша сақтандыру мерзімі ішінде 15 реттен көп емес;
    «Долана минимум» бағдарламасы бойынша сақтандыру мерзімі ішінде 4 реттен көп емес;
  • Емхананың жұмыс уақыты кезінде жедел және емдеу көрсетілімдері бойынша шектеусіз Open Clinic отбасылық дәрігерінің/балалар дәрігерінің баруы; 
  • Open Clinic тар көлемді мамандарының отбасылық дәрігердің жолдамасымен жедел және емдеу көрсетілімдері бойынша кеңес беруі:
    «Долана» бағдарламасы бойынша сақтандыру мерзімі ішінде клиниканың жұмыс уақытында 10 реттен көп емес
    «Долана эконом» бағдарламасы бойынша сақтандыру мерзімі ішінде клиниканың жұмыс уақытында 3 реттен көп емес 
    «Долана минимум» бағдарламасы бойынша диспетчерлік қызметтің телефоны арқылы білікті дәрігерлік кеңес беру; 
  • Диспетчерлік қызметтің телефоны бойынша білікті дәрігерлік кеңес беру;
  • Медициналық орталықтар, стоматологиялар, дәріханалар туралы ақпаратқа қол жеткізу;
  • Ғылыми орталықтардың жетекші мамандарынан, профессорлардан кеңес алуды ұйымдастыру;
  • Қаланың кез келген ауруханасына жатқызуды және Сақтандырушының өкілінің тарапынан емдеуді ары қарай бақылауды ұйымдастыру;
  • Орта медициналық қызметкердің үйде 5% жеңілдікпен қызмет көрсетуін ұйымдастыру; 
  • OpenClinic диагностикалық қызметтер мен емдеу процедуралары, зертханалық талдаулардан басқа, 5% жеңілдікпен;
  • Ауыруы бойынша және бала күтімі бойынша еңбекке жарамсыздық парағын беру.

«Долана» бағдарламасының құны 10 000 теңгеден бастап.

Сонымен қатар жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді:

«Simple» бағдарламасы шетелдіктер (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері) үшін

«Нәресте» бағдарламасы - бір жасқа толғанға дейін жаңа туылған нәрестеге медициналық қызмет көрсету

«Жүктілік және босану» бағдарламасы.

НСК-да медициналық сақтандырудың басымдылықтары

  • Аптасына 7 күн тәуліктің кез келген мезгілінде отбасылық дәрігерді/ балалар дәрігерін үйге шақыру мүмкіндігі. 
  • Open Clinic медицина орталығында жазылу бойынша өзіңізге қолайлы уақытта дәрігердің кеңесін алу мүмкіндігі. 
  • Тәулік бойына диспетчерлік қызмет тәулігіне 24 сағат қажетті медициналық ақпаратпен қамтамасыз етеді. 
  • Телефон бойынша білікті дәрігерлік кеңес алу мүмкіндігі.
  • Сақтандыру компаниясы пациенттің құқының сақталуын қамтамасыз етеді, емдеу барысында тікелей медициналық көмектің сапасын бақылайды.

Барлық медициналық сақтандыру бағдарламаларының шарттары мен құны туралы егжей-тегжейлі ақпаратты «НСК» АҚ Медициналық сақтандыру басқармасынан алуға болады.

Алматыдағы телефон бойынша: +7 (727) 258-18-00 ішкі нөмірлер 1119, 1126 және 1115 немесе келесі электронды почтаға өтінімді жіберу арқылы Medicina@nsk.kz 

Бізбен хабарласыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға толық жауап береміз.
Қаланы таңдаңыз
Қоңырау шалыңыз:
+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін
Сіз бізге хабарлама жібере аласыз, біз Сізбен өзіміз хабарласамыз.
Нужна помощь?