+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Агенттерге

Сақтандыру агенті деген кім?

Сақтандыру агенті дегеніміз – сақтандыру компаниясының ресми өкілі болып табылатын, жеке және заңды тұлғалармен мүліктік және жеке сақтандыру шарттарын жасасу операцияларын жүзеге асыратын, еркін жұмыс кестесі бойынша жұмыс істеу және шектелмеген табыс табу мүмкіндігіне ие тұлға. Сақтандыру агентінің жұмысы нәтижеге бағдарланған жігерлі, көпшіл адамдарға жарайды. Сақтандыру агенті адамдар мен ұйымдарға барынша толық сақтандыру қорғанышын таңдауға көмектеседі.

Заполнить анкету для агентов

Бізде жұмыс істеудің тиімділігі қандай?

Сақтандырудың негізгі бағыттарында жетекші орындарды алатын, сенімділіктің жоғары рейтингіне ие ірі, әрі мықты компанияның беделі Сізге мәмілелерді жылдам әрі оңай жасасуға мүмкіндік береді.

Сақтандыру өнімдерінің алуан түрлері клиенттердің әр түрлі сұраныстарымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

«НСК» АҚ өзіңізді оқыту міндетін өзіне жүктейді. Сақтандыру агентінің мектебінде Сіз арнайы оқыту курсын тегін өтесіз.

Қанша табыс табуға болады?

Агенттің негізгі кірісі сақтандыру қызметтерін сатқаны үшін төленетін комиссиялық сыйақылардан тұрады, осындай сыйақылар сақтандырудың әр түрлері бойынша сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің 10%-ынан 25%-ына дейін болуы мүмкін:

КҚИ АҚЖ МС

Сақтандыру сыйлықақысының көп дегенде 10%-ы. Көп пе әлде аз ба?

Автомашина полисінің құны 18 000 теңге болса, Сіздің сыйақыңыз 1 800 теңгені құрайды.

КАСКО

Сақтандыру сыйлықақысының 25%-ына дейін. Көп пе әлде аз ба?

Мысалға, автомашинаның нарықтық құны 3 000 000 теңге болса, КАСКО бойынша сақтандыру 120 000 теңге тұрады, Сіздің сыйақыңыз 30 000 теңгені құрайды.

Жазатайым жағдайлардан сақтандыру

Сақтандыру сыйлықақысының 25%-ына дейін. Көп пе әлде аз ба?

Құны 10 000 теңге болатын жазатайым жағдайлардан ерікті сақтандыру шарты үшін Сіздің сыйақыңыз 2 500 теңгені құрайды.

Мүлікті сақтандыру

Сақтандыру сыйлықақысының 25%-ына дейін. Көп пе әлде аз ба?

Мысалға, қала сыртындағы шағын үйдің нарықтық құны 36 000 000 теңге болса, сақтандыру 108 000 теңге тұрады, Сіз 27 000 теңге табыс табасыз.

Мансап кезеңдері

Оқыту және даярлау
Машықтану
Мансап

Оқыту Қазақстандағы үздік сақтандыру мектебі болып табылатын компанияның ҚДҚО (Қызметкерлерді даярлау және қабылдау орталығы) жанында тегін жүргізіледі.

Агенттерді ММОБ (Міндетті минималды оқыту бағдарламасы) бойынша оқыту, соның ішінде тестілеу және сертификаттау 4 күн жүреді (курс жұмыс күндері жүргізіледі).

Егер сақтандыру агенті болғыңыз келсе, осы жерде сауалнаманы толтырыңыз.

Сұрақтарыңыз бар ма?

Қоңырау шалыңыз: + 7 (727) 258-18-00 .ішк 1592
Орман Дархан
Хат жазыңыз: Orman.D@nsk.kz
Нужна помощь?