+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Аудиторлық ұйымдардың АҚЖ МС

Аудиторлық ұйымдарды міндетті сақтандыру

Сақтандыруға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі жатады.

Сақтандыру Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 маусымдағы № 440-ІІ «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңының негізінде жүзеге асырылады.

Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мақсаты аудиторлық ұйыммен аудитті жүргізу кезінде мүліктік залал тигізілген аудит жүргізілген субъектілердің мүліктік мүдделерін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады.
 

Қандай жағдайларда өтем төленеді?

Сақтандыру жағдайы ретінде аудит жүргізу кезінде аудит жүргізілетін субъектілердің мүліктік мүдделеріне тигізілген залалды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактысы танылады.

Сақтандыру сомасы

Сақтандыру сомасы тараптардың келісімі бойынша белгіленеді, бірақ аудиторлық ұйыммен шартты жасау күніне 10 000 АЕК аз емес.

Сақтандыру сыйақысы

Тараптардың келісімі бойынша белгіленеді, бірақ сақтандыру сомасынан 4,5% аспайды.

Сақтандыру өтемінің мөлшері

Сақтандыру төлемінің мөлшері тигізілген залалды өтеу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің немесе аудит жүргізілген субъектінің талап ету сомасына сүйене отырып, сақтандырушымен анықталады.

Қалай тапсырыс беруге болады?

Бұл үшін бізбен келесі телефон арқылы хабарласыңыздар:+7 (727) 258-18-00 ішк. 1063. Хабарламаларға арналған мекенжай: corpsales@nsk.kz. «НСК» корпоративтік сақтандыру бойынша мамандары сіздермен хабарласады.

Бізбен хабарласыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға толық жауап береміз.
Қаланы таңдаңыз
Қоңырау шалыңыз:
+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін
Сіз бізге хабарлама жібере аласыз, біз Сізбен өзіміз хабарласамыз.
Нужна помощь?