+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Автокөлік иелерінің АҚЖ ЕС

Автоиеленушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру

Қымбат тұратын автокөліктердің қатысуымен және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру туралы (КҚИ АҚЖ МС) Заңмен анықталған сомадан көп шығындармен ЖКО жиі орын алып тұрады. Ал заң бойынша жетпеген қаражатты ЖКО кінәлі тұлға өз есебінен төлеуі тиіс. Мұндай шығындарды болдырмауға автоиеленушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру (КҚИ АҚЖ ЕС) мүмкіндік береді.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті ерікті сақтандыру – бұл міндетті полиске толықтыру. Байыпты және жауапты жүргізушілердің таңдауы.

Жүргізушілердің жауапкершілігін ерікті сақтандыру артықшылықтары

  • Бұл шарт әсіресе ірі қалаларда тұратындар үшін қажет, себебі онда бірнеше машиналардың немесе қымбат тұратын шетелдік көліктердің қатысуымен апаттардың болу ықтималдылығы жоғары, және КҚИ АҚЖ МС бойынша төлемдер барлық шығындарды жабуға жетпеуі мүмкін.
  • Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті ерікті сақтандыру шарты үшін қосымша төлемнің аз мөлшері мұндай қызметтің нақты пайдасымен салыстыруға келмейді. Мысалы, Алматы қаласында жауапкершілік лимиттерін 15 млн.теңгеге дейін арттыру небәрі 18 000 теңге тұрады.
  • Сақтандыру төлемінің мөлшері шектеусіз.

Автоиеленушінің жауапкершілігін ерікті сақтандыру құны

Тарифтер 0,09% дан 0,5% дейін түрленіп тұрады және көлік құралының түріне және сақтандыру төлемінің нұсқасына (КҚИ АҚЖ МС полисін ескере отырып немесе ескермей) тәуелді болады.

Өнім туралы толық мәлімет
Бізбен хабарласыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға толық жауап береміз.
Қаланы таңдаңыз
Қоңырау шалыңыз:
+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін
Сіз бізге хабарлама жібере аласыз, біз Сізбен өзіміз хабарласамыз.
Нужна помощь?