+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Құрметті тілшілер!

«Мұнай сақтандыру компаниясы» ақпараттық тұрғыдан барынша ашық болуға ұмтылады. Компания клиенттерінің, серіктестерінің, көпшілік қауымның алдындағы беделін қадірлейді, сондықтан Баспасөз қызметі өзінің жұмысында ақпарат беруде ашықтық, жеделдік және сұхбаттасуға даярлық принциптерін ұстанады.

Баспасөз қызметі қазақстандық және халықаралық басылымдар оқырмандарының «МСК» сақтандыру компаниясы туралы сапалы және кәсіби ақпаратты алуын көздейді, сондықтан біз әр уақытта шынайы және жедел деректерді беруге дайынбыз.

Біз жұмысымызды жақсы көреміз және отандық журналистиканың үздік өкілдерімен қуана жұмыс істейміз. Біз Сізді сапалы ақпаратпен қамтамасыз етуге дайынбыз және Сізбен бірлесе отырып ортақ істі атқарғандықтан, жұмысымыздың кәсіби ерекшеліктерін түсінесіз деп күтеміз.

Егер Сіз сақтандыру компаниямыздың өкілдерінің түсініктерін алғыңыз келсе, бізге хат жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз. Біз қысқа мерзім ішінде Сізге жауап беруге тырысамыз.

E-mail: info@nsk.kz.
Жұмыс тел.: 7 (727) 258-18-00, ішкі нөмір: 1056.


Сұратуда мүмкіндігінше келесі ақпаратты көрсетіңіз:

  • басылымның атауы және байланысуға қажетті ақпарат;
  • жауап алғыңыз келетін сұрақтардың тізбесі;
  • түсініктер берілуге тиіс мерзім;
  • түсініктің түрі (жеке сұхбат, түсірілім, жазба, жазбаша жауап және т.б.).

Ынтымақтастығыңыз үшін алғыс айтамыз!

Нужна помощь?