+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Ипотекалық сақтандыру

Ипотекалық сақтандыру - Банктен қарыз алушыларға арналған сақтандыру бағдарламасы

Ипотекалық сақтандыру – бұл жылжымайтын мүлікті ипотекамен сатып алатын адамдарға қажет сақтандырудың ерекше түрі. Сақтандыру сатып алу кезінде сіздің және банктің арасында шартты жасаудың міндетті шарты болып табылады.

Қандай тәуекелдер сақтандырылатын болады?

Жылжымайтын мүлік келесі тәуекелдер пакеті бойынша сақтандырылуы мүмкін:

  • өрт және түтін, газдың жарылуы 
  • судан және басқа сұйықтықтармен зақымдану 
  • үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы іс-әрекеттері: қарақшылық, бұзақылық, вандализм
  • ұрлау, тонау 
  • найзағайдың түсуі, дүлей апаттар, жер сілкінісінен басқа 
  • жер сілкінісі
  • ұшуы басқарылатын ұшу аппараттарының, ағаштардың немесе басқа бөгде объектілердің құлауы, жер үстіндегі көлік құралдарының немесе өздігінен жүретін машиналардың соғып кетуі, қақтығысуы, соққысы.

По страхованию от несчастного случая:

  • жазатайым жағдай басталған күннен бастап 12 күнтізбелік ай ішінде жазатайым жағдайдың нәтижесінде туындаған сақтандырылушының (қарыз алушының) қайтыс болуы;
  • жазатайым жағдайдың нәтижесінде туындаған себептер бойынша мүгедектік тобын белгілеумен сақтандырылушының (қарыз алушының) еңбекке жарамдылығынан тұрақты айырылуы;

Банк қарызгерін титулды сақтандыру:

  • Жылжымайтын мүлікке меншік құқынан айырылу тәуекелі, келесі себептер бойынша:
  • мүлікке құқықты белгілейтін құжаттарды ресімдеу кезінде оларда қателер жіберу;
  • мүлікті алдыңғы сатып алу-сату шарттарын жасау кезінде қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын бұзу; 
  • шектелген өкілеттіктермен және/немесе мұндай құқы жоқ тұлғамен мүлікті сатып алу-сату шартын жасау;
  • сатып алу-сату шартын құқықтық субъектілік емес заңды тұлғамен жасау;
  • кәмелетке толмаған меншік иелерінің құқын бұзушылықпен сатып алу-сату шарттарын жасау;
  • ҚР қолданыстағы заңнамасының нормаларына қайшылықпен сатып алу-сату шартын жасау;
  • сатып алу-сату шарттарын адастыру нәтижесінде үшінші тұлғалардың әсерімен жасау.

Сақтандыру бойынша шектеулер

Сақтандыруға қабылданбайды:

  • ескі және апатты құрылыстар;
  • ағаштан, каркас-қамыстан, саманнан салынған үйлер;
  • салынып бітпеген объектілер;
  • салынып бітпеген объектілерге тікелей жақын орналасқан құрылыстар;
  • кірпіш, тас, бетон үйлер – 1960 жылдан бұрын салынған.

Төлем мөлшерлері:

Жылжымайтын мүлікке қатысты туындайтын тәуекелдер бойынша сақтандыру төлемі шартта белгіленген шарт қойылмайтын франшизаны есептен шығара отырып, нақты залал мөлшерінде жүзеге асырылады, бірақ сақтандыру сомасынан көп емес.

Жазатайым жағдай бойынша туындайтын тәуекелдер бойынша сақтандыру төлемі негізгі қарыз сомасынан аспайтын, келесі мөлшерде (сақтандыру сомасынан пайыздарда) жүзеге асырылады:

  • қайтыс болу кезінде -100%;
  • 1 топ мүгедектік белгіленген кезде – 80%;
  • 2 топ мүгедектік белгіленген кезде – 60 %;
  • 3 топ мүгедектік белгіленген кезде - 40%;

Шарт қойылмайтын франшизаны есептен шығара отырып, нақты залал мөлшеріндегі титулды сақтандырумен байланысты тәуекелдер бойынша, бірақ сақтандыру сомасынан көп емес

Ипотекалық сақтандыру шартын жасау үшін қажетті құжаттар:

  • жеке куәлік, төлқұжат ЖСН-мен немесе заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік;
  • техпаспорт;
  • қарыз шарты және/немесе кепілзат шарты;
  • сауалнама-өтініш нысаны.

Бұл құжаттардың көшірмелері сақтандыру шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Өнім туралы толық мәлімет
Бізбен хабарласыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға толық жауап береміз.
Қаланы таңдаңыз
Қоңырау шалыңыз:
+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін
Сіз бізге хабарлама жібере аласыз, біз Сізбен өзіміз хабарласамыз.
Нужна помощь?