+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

КАСКО

Автокөлік құралдарын ерікті сақтандыру

КАСКО дегеніміз не және ол не үшін қажет?

КАСКО – бұл сіздің автокөлігіңізді көптеген қауіп-қатерлерден қорғау: майда сырып кетулерден айдап әкетуге дейін. Егер сіз ЖКО тап болсаңыз, сіздің машинаңызды бұзақылар бүлдірсе немесе айдап әкетсе, онда сақтандыру компаниясы сіздің автокөлігіңізді жөндеуге және қалпына келтіруге ақы төлейді, немесе жаңа авто сатып алуға өтемақы төлейді.

КАСКО бойынша нені сақтандыруға болады?

Жеңіл, жүк көліктерін, тіркемелерді, жартылай тіркемелерді, құрылыс және ауыл шаруашылық техникасын, сондай-ақ 23 жылға дейін пайдалану мерзімімен мотоциклдерді, және де автокөлікке орнатылған қосымша жабдықты.

Қандай сақтандыру жағдайларында өтемақы алуға болады?

ЖКО кезінде, көлік құралын айдап әкету немесе ұрлау кезінде; көлік құралына бөгде объектінің немесе заттың құлауы немесе тиюі кезінде; өрт, жарылыс, найзағайдың түсуі, дүлей апат жағдайында; үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы іс-әрекеттері кезінде; күтпеген жерден болатын және автокөлікке сырттан әсер ететін басқа жағдайларда.

Сақтандыру арқылы қорғау қалай жұмыс істейді?

Егер сақтандыру жағдайы орын алатын болса, онда автокөлік иесінің таңдауы бойынша автокөлікті қалпына келтіреді немесе сақтандыру өтемін төлейді. Жөндеу авторландырылған автокөліктерге техникалық қызмет көрсету станцияларында немесе «НСК» АҚ серіктес-ТҚС жүргізіледі. Сақтанушы автокөлік қалпына келтірілетін ТҚС таңдау мүмкіндігін анықтайтын «Залал» тәуекелі бойынша сақтандыру бағдарламасын таңдай алады. Бағдарламалар бағалары бойынша шамамен 20% ерекшеленеді.

НСК-да КАСКО қанша тұрады?

Тариф автомкөліктің құнынан 0,9% дан 4,8% дейін түрленеді және келесілерге тәуелді болады:

  1. көлік құралының жылына,
  2. таңдалған тәуекелдерге,
  3. таңдалған *шарт қойылмайтын франшизаға,
  4. сақтандыру төлемінің нұсқасына.

*Шарт қойылмайтын франшиза – бұл сақтандырушымен өтелуге жатпайтын және сақтанушыға төленуге жататын сақтандыру өтемін есептеу кезінде жалпы өтем сомасынан шегерілетін залалдың бөлігі.

НСК-да КАСКО сатып алу артықшылықтары

  • Тегін жеткізу;
  • Дербес алып жүру (бекітілген менеджер немесе агент);
  • Мерзімін созу қажеттілігі туралы тегін смс-хабарлама;
  • ЖКО орнына апаттық комиссардың баруы;
  • Қажетіне қарай тегін эвакуатор.

Төлемді алу мерзімі?

Ақша теңгемен барлық қажетті құжаттарды өткізу сәтінен бастап 7 жұмыс күні ішінде төленеді.

Өнім туралы толық мәлімет
Бізбен хабарласыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға толық жауап береміз.
Қаланы таңдаңыз
Қоңырау шалыңыз:
+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін
Сіз бізге хабарлама жібере аласыз, біз Сізбен өзіміз хабарласамыз.
Нужна помощь?