+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Қауіпті нысандар иелерінің АҚЖ МС

Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлердің иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру

Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты кәсіпорындардың иелерімен өндірістегі апаттар немесе технологиялық процесстің бұзылуы кезінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және/немесе мүлкіне зиян келтірілуі мүмкін. Осы себепті де 2004 жылы 7 шілдеде қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлердің иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы №580-ІІ заңы қабылданды.

Қауіпті объектілерді сақтандыру міндетті!

Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектіні қауіпті объектілердің иелерінің жауапкершілігін сақтандыру шартын жасамай пайдалануға тыйым салынады.

Сақтандыру жағдайы не болып табылады?

Сақтандыру жағдайы ретінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіруге әкелген объектідегі апат, оқиға фактысы танылады.

Қауіпті объектілердің иелерінің АҚЖ сақтандыру құны

Шарт бойынша сақтандыру сыйақысының мөлшері тараптардың келісімі бойынша белгіленеді, сақтандыру сомасының мөлшерінен 0,75 тен 2,02% дейін.

Сақтандыру төлемдерінің мөлшерлері

Денсаулыққа зиян келтіру

  1. Қайтыс болған кезде – 1000 АЕК;
  2. Мүгедектік белгіленген жағдайда:
    • 1 топ – 800 АЕК;
    • 2 топ - 600 АЕК;
    • 3 топ 500 АЕК;
    • «мүгедек-бала» - 500 АЕК.
  3. мертiгу, жарақаттану немесе денсаулықтың өзге де зақымдануы кезiнде мүгедектiк белгiленбей - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге жұмсалған iс жүзiндегi шығыстар мөлшерiнде, бiрақ 300-ден аспайтындай мөлшердi құрайды. Бұл ретте сақтандыру төлемiнiң мөлшерi әрбiр стационарлық емделу күнi үшiн кемiнде 2 айлық есептiк көрсеткiштi құрауға тиiс.

Мүлікке залал келтіру

Мүлiк зақымданған кезде келтiрiлген зиянның мөлшерi оны қалпына келтiру құнының есебi негiзге алынып, сақтандыру жағдайы басталғанға дейiн мүлiктiң орын алған тозуы ескерiле отырып айқындалады.

Қалай тапсырыс беруге болады

Біздің мамандар сіздің бюджетті, міндеттеріңізді және бизнесіңіздің ерекшелігін ескеретін жеке сақтандыру бағдарламасын жасайды.
Бұл үшін бізбен келесі телефон арқылы хабарласыңыз:+7 (727) 258-18-00 ішк. 1063 және ұялы: + 7 701 737 70 72 немесе өзіңіздің байланыс деректеріңізді қалдырыңыз және сіздің ұйымға қажет сақтандыруды сипаттаңыз және біздің «НСК» корпоративтік сақтандыру бойынша мамандарымыз сізбен хабарласады. Хабарламаларға арналған мекенжай:
corpsales@nsk.kz

Бізбен хабарласыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға толық жауап береміз.
Қаланы таңдаңыз
Қоңырау шалыңыз:
+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін
Сіз бізге хабарлама жібере аласыз, біз Сізбен өзіміз хабарласамыз.
Нужна помощь?