+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Құрылыс-құрастыру тәуекелдері

Құрылыс-құрастыру тәуекелдерін сақтандыру

Құрылыс ұйымдарының қызметіне объектілердің құрылысы мен құрастыру, оларды пайдалануға беру бойынша жұмыстардың тұтастай бір кешені кіреді. Бұл процессті табысты аяқтау мамандар мен жұмысшылардың іс-әрекеттерінен, пайдаланылатын материалдар мен жабдықтардан, технологиялық процессті тиміді үйлестіруден ғана емес, сыртқы жағдайлардың қолайлы болуына да байланысты болады.

«НСК» АҚ құрылыс-құрастыру тәуекелдерін сақтандыру — бұл техникалық жобаларға қатысушылардың инвестициялары мен жеке қаражаттарын қорғаудың өркениетті жолы.

Құрылыс-құрастыру тәуекелдерін (ҚҚТ) сақтандыру шарты құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүзеге асырумен байланысты тәуекелдер туындауы мүмкін кез келген жеке немесе заңды тұлғалармен жасалады: тапсырыс берушілермен, мердігерлермен, қосалқы мердігерлермен, жобалау ұйымдарымен.

Сақтандыру жағдайлары:

  1. мүліктің зақымдануы немесе жойылуы (құрылыс материалдары, құрылыс техникасы);
  2. салынатын объектінің зақымдануы, жойылуы;
  3. үшінші тұлғаларға тигізілген залал үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің басталуы;
  4. өрт, жарылыс, найзағайдың түсуі;
  5. сақтандырылған объектіге ұшатын аппараттардың немесе олардың сынықтарының құлауы;
  6. құйын, дауыл, боран;
  7. қар көшкіні, сел, су тасқыны, нөсер жауын, топырақтың шөгуі;
  8. жер сілкінісі;
  9. ұрлау, тонау, қарақшылық;
  10. инженерлік желілердің апаты;
  11. құрастыру кезіндегі қате;
  12. объектінің қирауы немесе зақымдануы.

Нені сақтандыруға болады?

  • Құрылыс жұмыстары, құрылыс материалдары мен конструкциялары, еңбек ақы төлеу шығындары, тасымалдау, кедендік алымдар мен салықтары бойынша шығындар, сондай-ақ тапсырыс берушімен жеткізілетін құрылыс элементтері мен материалдарын қоса.
  • Құрастыру жұмыстары, құрастырылатын жабдықты, еңбек ақы төлеу шығындары, тасымалдау, кедендік алымдар мен салықтары бойынша шығындар, сондай-ақ тапсырыс берушімен жеткізілетін құрылыс элементтері мен материалдарын қоса.
  • Құрылыс алаңының жабдығы (уақытша ғимараттар мен құрылыстар, қойма жайлары, құрылыс сатылары, инженерлік коммуникациялар және т.б.).
  • Шартта көрсетілген аумақты сақтандыру жағдайының нәтижесінде зардап шеккен мүліктің сынықтарынан (қалдықтарынан) тазарту бойынша шығындар. Мұндай шығындар ретінде сақтандыру жағдайынан кейін құрылыс алаңын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жарамды күйге келтіру үшін жүзеге асырылулары тиіс шығындар есептеледі. Аумақты тазарту бойынша шығындар жалпы сақтандыру сомасының 2% аспайтын мөлшерде өтеледі.
  • Құрылыс алаңында немесе оған тікелей жақын маңда орналасқан объектілер, меншік құқы негізінде Сақтанушыға тиесілі, Шарттың 2.3.3. т. келісілген объектілерден басқа.
  • Құрылыс машиналары және жабдық: жер қазу техникасы мен жабдық (бульдозерлер, экскаваторлар және т.б.), жол-құрылыс техникасы (скреперлер, катоктар, асфальт төсегіштер және т.б.), құрылыс техникасы және құрылыс объектісінде орнатылған құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүргізуге арналған жабдық (крандар, көтергіштер, бетон-ерітінділерді араластырғыштар және т.б.)

Қосымша сақтандырылуы мүмкін:

  • үшінші тұлғалардың өміріне және/немесе денсаулығына және мүлкіне залал тигізгені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігі;
  • іске қосудан кейінгі кепілдімелік міндеттемелер.

Сақтандыру сомасы

Тараптардың келісімімен белгіленеді және төмендегілерден құралады:

  1. машиналар мен жабдықтардың баланстық құнынан, ең көп-ықтимал залалды ескере отырып, іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізу шығындарынан; 
  2. объектіні салу бойынша құрылыс материалдарының құнынан;
  3. үшінші тұлғалардың алдындағы жауапкершілік лимитінің мөлшерінен.

Сақтандыру құны:

Сақтандыру жарнасының мөлшері келісімшарттың жалпы құнының 0,15-1% құрайды, сақтандыру ұзақтығы мен көлеміне байланысты.

Сақтандыру сыйақысын бөліп-бөліп төлеуге болады

Қалай тапсырыс беруге болады?

Бұл үшін бізбен келесі телефон арқылы хабарласыңыз:+7 (727) 258-18-00 ішк. 1063 немесе өтінімді қалдырыңыз және сіздің ұйымға қажет сақтандыруды сипаттаңыз және біздің «НСК» корпоративтік сақтандыру бойынша мамандарымыз сізбен хабарласады. Хабарламаларға арналған мекенжай: corpsales@nsk.kz

Бізбен хабарласыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға толық жауап береміз.
Қаланы таңдаңыз
Қоңырау шалыңыз:
+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін
Сіз бізге хабарлама жібере аласыз, біз Сізбен өзіміз хабарласамыз.
Нужна помощь?