+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

ҚЖЖ МС (қызметкерді жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру)

Қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру

Сақтандырудың бұл түрі Қазақстан Республикасының «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Заңына сәйкес міндетті болып табылады.
 
Сақтандыру барлық жұмыс берушілер үшін міндетті! Міндетті сақтандыру шартын жасаудан бас тарту ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.

Кәсіпорынның жұмыскерлерін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы жұмыскердің қайтыс болуы немесе еңбекке жарамдылығынан айырылуымен байланысты залалды өтету құқына ие тұлғалар мен жұмыскердің мүдделерін қорғайды.
Кәсіпорынның жұмыскерлерінің өмірі мен денсаулығы күтпеген жағдайлардан сақтандырылған.

Жұмыскерлер мен олардың асырауындағы жандардың алдындағы жұмыс берушінің әлеуметтік жауапкершілігі
Жұмыскер еңбеккке жарамдылығынан айырылған жағдайда сақтандыру компаниясы зардап шеккен жұмыскерге ай сайынғы аннуитеттік немесе бір жолғы төлемдерді жүзеге асырады, ал ол қайтыс болған жағдайда – ҚР азаматтық заңнамасына сәйкес залалды өтету құқына ие тұлғаларға.

Төлемдер зардап шегушінің кінәсінің дәрежесіне тәуелсіз жүзеге асырылады.
Егер жұмыскердің өміріне және денсаулығына еңбекке жарамсыздыққа немесе өлім жағдайына әкелген жазатайым жағдайдың нәтижесінде залал келтірілген болса, сақтандыру компаниясымен жұмыскердің кінәсі болған болса да төлемдер жүзеге асырылады.

2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті сақтандыру туралы Заңға өзгертулер енгізілуіне сәйкес ҚЖЖ МС түрі бойынша сақтандыруды жүзеге асырудың айрықша құқы өмірді сақтандыру бойынша компанияға (ӨСК) тапсырылған.

Алайда өмірді сақтандыру бойынша компанияның (ӨСК) төмен капиталдандырылуы және жеткіліксіз сақтық қорлары салдарынан қабылданатын тәуекелдердің елеулі бөлігін жалпы сақтандыру бойынша компанияларда, соның ішінде «НСК» АҚ қайта сақтандырады.

«НСК» АҚ өмірді сақтандыру бойынша компаниялар үшін сенімді қайта сақтандырушы ретінде танымал!

«НСК» АҚ қайта сақтандыру келесі кепілдемелер мен артықшылықтарды береді:

  1. 1998 жылдан бастап өндірісте сақтандыру жағдайларын қарастырудағы мол тәжірибе.
  2. Дамыған филиал желісі, демек сіз ҚР кез келген аймағында кеңес ала аласыз.
  3. Әрбір филиалда штатта заңгердің болуы – Еңбек департаментімен бірлесіп жазатайым жағдайды тексеруге көмек көрсету.

«НСК» АҚ КЖЖ МС бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшері 

  • 2011 жылы 198,6 млн. теңге.
  • 2012 жылы 298 млн. теңгеден астам.
  • 2013 жылы төлемдер 378,5 млн. теңгеден асты.

«НСК»-мен ынтымақтастық

 Бұл үшін бізбен келесі телефон арқылы хабарласыңыз:+7 (727) 258-18-00 ішк. 1055, өтінімді келесі мекенжайға жіберіңіз: Tleeva.M@nsk.kz

Бізбен хабарласыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға толық жауап береміз.
Қаланы таңдаңыз
Қоңырау шалыңыз:
+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін
Сіз бізге хабарлама жібере аласыз, біз Сізбен өзіміз хабарласамыз.
Нужна помощь?