+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

2014

2013 жылдың қорытындылары бойынша «МСК» АҚ-ның сақтандыру алымдары 11,4 млрд. теңгеден асты, сақтандыру төлемдері 3,11 млрд. теңгеге жетті.
Компанияның Бас кеңсесі арқылы сақтандыру төлемдерін реттеу үрдісі және бухгалтерлік есеп орталықтандырылды.
Компания Ан-72 ұшағының апаты фактісі бойынша ҚР ҰҚК-нің Шекара қызметіне 124 млн. теңгеден астам соманы төледі.

2013

Сәуір айында S&P халықаралық агенттігі қарсы агенттің ұзақ мерзімді несиелік рейтингін және қаржылық тұрақтылықтың ұзақ мерзімді рейтингін «В» деңгейінде растады және болжамды «Тұрақты» деңгейінен «Оң» деңгейіне көтерді. Маусым айында «Эксперт РА Казахстан» қазақстандық агенттігі «МСК» АҚ-ның сенімділік рейтингін А деңгейінен А+ деңгейіне дейін көтерді.

2012

Наурыз айында S&P халықаралық агенттігі қарсы агенттің ұзақ мерзімді несиелік рейтингін және қаржылық тұрақтылықтың ұзақ мерзімді рейтингін сәйкесінше «В+»/болжам – «тұрақты және «А»/болжам – «тұрақты» деп бағалады. «Эксперт РА» рейтингтік агенттігі «МСК» АҚ сенімділік рейтингін «А» деңгейінде растады. Жылдың қорытындылары бойынша компанияның тарихында алғаш рет жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 10 млрд. теңгеден асты. Сақтандыру төлемдері 2,4 млрд. теңгені құрады.

2011

Standard&Poor’s агенттігінен халықаралық қаржылық рейтинг алу рәсімі басталды.

2010

Компания «Эксперт 100 Казахстан» агенттігінің рейтингі бойынша «Эксперт Казахстан» журналының елдің 100 ең ірі компаниясының тізіміне қосылды.

2009

Шілде айында медициналық координаторлар мен отбасы дәрігерлерін қамтитын меншікті медициналық ассистанс ашылды. Тәулік бойы жұмыс істейтін диспетчерлік қызметін бастады.

2008

Ақпан айында апатты тәуекелдер туындаған жағдайға арналған, өтелімі 20 млн. АҚШ долларын құрайтын облигаторлық сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ұзартылды. Қыркүйекте сапа менеджменті жүйесіне және 9001-2009 ҚР стандартының талаптарына сәйкестік сертификаты алынды. Сол кезден бері компания жыл сайын тәуелсіз аудиттен өтеді және осы жоғары стандартқа сәйкестігін растайды. Компания Пекинде өткен ХХIХ Жазғы олимпиада ойындарына барған 600-ден астам қазақстандық жанкүйерді сақтандырды.

2007

Компанияның фирмалық стилі жаңартылды. Автокөлік иесінің АҚЖ-ін міндетті сақтандырудың ең көпшілік сегментінде «Әділ сақтандыру – тікелей төлем» атты жұмыстың жаңа пішімі енгізілді.

2006

Мамырда call-центр ашылды. Қарашада сақтандыру полистерін ресімдейтін автоматтандырылған жүйе енгізілді.

2005

Қаңтар айында сақтандыру компанияларының арасында өткізілетін «Автомобильдік сервис» байқауында компания екінші жыл қатарынан бірінші орын алды. Ақпанда жеке тұлғаларға төлемдер төлеу жөніндегі шешімдерді жедел қабылдау үшін Клиенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында мамыр айында компания ААҚ ұйымдық-құқықтық нысанынан АҚ етіп түрлендіріліп, қайта тіркелді. Қыркүйек айында жарғылық капитал екі есе ұлғайтылды, сөйтіп 1,5 млрд. теңге көлеміне жетті.

2004

Қаңтар айында сақтандыру компанияларының арасында өткізілетін «Автомобильдік сервис» байқауында компания бірінші орын алды. Мамырда Кадрларды даярлау орталығы ашылды. МСК сертификаттары бар сақтандыру агенттерін өз бетінше және кәсіби деңгейде даярлауды бастаған нарықтағы алғашқы сақтандыру компанияларының бірі болды.

2003

Қазан айында компания үшінші рет «Қазақстандағы №1 сақтандыру компаниясы» номинациясында «Жыл таңдауы» атты тауарлар мен қызметтер байқауының жеңімпазы болды. Қараша айында акционерлер жарғылық капиталды 750 млн. теңгеге дейін ұлғайтты. Желтоқсан айында бір тәуекел бойынша өтеу сыйымдылығы 10 млн. АҚШ долларын құрайтын шығын эксцедентінің негізінде мүліктік тәуекелдерді қайта сақтандыру жөніндегі облигаторлық шарт жасалды. Қараша айынан бастап сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қорының қатысушысы болып табылады.

2002

Компания «Қазақстан халқының таңдауы» байқауының жеңімпазы болды. Жылдың қорытындылары бойынша компания жинаған сыйлықақылардың көлемі 4 млрд. теңгеден асты. Ақтау қаласында филиал ашылды.

2001

Қазан айында жарғылық капиталдың мөлшері 125 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды. Жылдың қорытындылары бойынша «МСК» ААҚ «Жыл таңдауы» байқауының «Қазақстандағы №1 сақтандыру компаниясы» номинациясында қайта жеңімпаз болды. Сақтандырудың міндетті және ерікті санаттары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алынды.

2000

Жылдың қорытындылары бойынша компания жинаған сыйлықақылардың көлемі 1 млрд. теңгеден асты. «МСК» «Жыл таңдауы» байқауының «Қазақстандағы №1 сақтандыру компаниясы» номинациясында жеңімпаз болды.

1998

Тамыз айында компания Marsh Ltd сақтандыру брокерінің делдалдық көмегімен шетелдік қайта сақтандыру компанияларымен жауапкершілікті және мүлікті облигаторлық қайта сақтандыру шартын жасасты. Қызылорда қаласында өкілдік ашылды.

1997

28 шілдеде Қазақстанның мұнай-газ және қаржылық салаларындағы компаниялардан тұратын акционерлердің құрамына кіргеннен кейін «АстыкИнСтрах» сақтандыру қоғамы» ЖШС-нің құқықтық мұрагері бола тұра, компания қайта құрылды және «Мұнай сақтандыру компаниясы» ААҚ етіп түрлендіріліп, қайта тіркеуден өтті. Алматы, Атырау, Ақтөбе, Жезқазған, Павлодар, Петропавл, Қарағанды, Семей, Орал, Шымкент, Өскемен, Тараз, Талдықорған қалаларында филиалдар ашылды.

1996

10 сәуірде әділет органдарында ірі астық экспорттаушылар құрған «АстыкИнСтрах» сақтандыру қоғамы» ЖШС тіркелді. Қостанай, Көкшетау қалаларында филиалдар ашылды.

Нужна помощь?