+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Медициналық сақтандыру компаниялар

Компанияларға арналған медициналық сақтандыру

Корпоративтік клиенттер өз қызметкерлерін ауыру жағдайына сақтандырудың бірнеше бағдарламаларының ішінен оңтайлы нұсқасын таңдай алады.

Олардың әрқайсысына амбулаторлық-емханалық көмек көрсетуден бастап санаторий жағдайларында сауықтыру шараларымен аяқтай отырып, медициналық қызметтердің белгілі бір жиынтығы кіргізілген.

Сонымен қатар, «НСК» мамандары нақты ұйымның сақтандыру бюджетіне сүйене отырып, сақтандыру жағдайлары мен оның құнының ең оңтайлы үйлесімін таңдауға көмектеседі.

Сақтандырушыны таңдау кезіндегі маңызды басымдылық!

«НСК» АҚ компанияны бір жекеменшік клиникаға бекітпейді. Керісінше, біз медициналық орталықты таңдау құқын береміз, мұның Қазақстанның әр түрлі қалаларында медициналық көмек алу үшін хабарласу кезінде қолайлы екені сөзсіз. «НСК» АҚ бүкіл Қазақстан бойынша 400 клиникамен тікелей шарт жасаған. Сонымен қатар, «НСК» АҚ өзінің бас серіктесі – «Open Clinic» ЖШС медициналық клиникалар желісімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді, ол сақтандырылған клиенттерге қызмет көрсетуге бағытталған. Біз өз клиенттеріміздің тілектерін ескере отырып, әрдайым өз қызметтеріміздің спектрін кеңейтуге тырысамыз.

Біз өз қызметкерлерінің денсаулығы туралы қамқорлықты бізге сеніп тапсырған әрбір клиентті бағалаймыз. Компанияның қызметкері қайда болмасын, ол әрдайым дәрігерлерден кеңес және көмек ала алады.


Медициналық сақтандыру бағдарламалары


«НСК» АҚ медициналық сақтандыру артықшылықтары

CALL – CENTER
  • тәулік бойына кеңес беру-диспетчерлік қызметі 
  • дәрігердің шақыру бойынша баруларын ұйымдастыру 
  • жедел жәрдемді шақыруды ұйымдастыру 
  • мамандардың қабылдауларына жазу 
  • медициналық қызметкерлер туралы ақпарат
Жедел жәрдем
  • жедел медициналық көмек 
  • ауруханаға жатқызуды ұйымдастыру 
  • жедел жәрдем мамандарымен алғашқы кеңес беру және емдеу

Амбулаторлық-емханалық көмек

Стационарлық емдеу

Отбасылық дәрігерлердің кеңесі
  • отбасылық дәрігердің жедел және емдеу көрсетілімдері (тексеріп қарау, диагностика, емдеу) бойынша клиенттің үйіне немесе офисіне баруы.
  • рецепт бланкілері мен тар көлемді мамандарға жедел, емдеу және профилактикалық көрсетілімдер бойынша жолдамалар жазып беру.


Белгіленген медициналық манипуляцияларды жүргізу үшін клиенттің үйіне орта медицина қызметкерлерінің жоспарлы баруы. 

Қосымша қызметтер
  • дәрігердің үйде кезекшілік етуі.
  • медбикенің үйде кезекшілік етуі.
  • стационарға жеткізу кезіндегі медициналық алып жүру 
  • тексеру жүргізу кезіндегі алып жүру.
  • дәрілерді үйге, офиске жеткізу.
  • көрсетілімдері бойынша үйде немесе офисте рецепт бланкілерін және тар көлемді мамандарға жолдамалар жазып беру.

Медициналық сақтандыру бағдарламаларына қосылуы мүмкін: стоматологиялық көмек, отбасылық дәрігердің рецепті бойынша тегін медикаменттер, вакцинация, профилактикалық тексерулерді жүргізу. Сонымен қатар бағдарламаға компанияның қызметкерінің отбасын қосу және шетелге шығатын тұлғаларды сақтандыруды кіргізу мүмкіндігі де бар.

Шартты жасағаннан кейін «Ауыру жағдайына сақтандыру» шартын алып жүру және басқару бойынша дербес менеджер ұсынылатын болады.

Сіздің кәсіпорынның қызметкерлерін сақтандыру мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі ақпаратты алу үшін қоңырау шалуға және ауыру жағдайына сақтандыру туралы неғұрлым егжей-тегжейлі ақпаратты алуға болады.

Алматы қ. телефон бойынша анықтама: +7 (727) 258-18-00 ішк. 1119, ішк. 1126, ішк. 1115

Бізбен хабарласыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға толық жауап береміз.
Қаланы таңдаңыз
Қоңырау шалыңыз:
+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін
Сіз бізге хабарлама жібере аласыз, біз Сізбен өзіміз хабарласамыз.
Нужна помощь?