+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Міндетті экологиялық сақтандыру

Міндетті экологиялық сақтандыру

Шаруашылық және басқа қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын кәсіпорындармен келтірілетін ықтимал зияндардан халықты және қоршаған ортаны қорғау үшін Қазақстанда 2005 жылы 13 желтоқсанда «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» заңы, сондай-ақ шаруашылық және басқа қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізімін бекітетін Үкіметтің Қаулысы қабылданды.

Міндетті экологиялық сақтандыру кімге қажет?

Шаруашылық және басқа қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өз қызметтерін міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасамай жүзеге асыруға құқылы емес.

Шаруашылық және басқа қызметтің экологиялық қауіпті түрлері

Жерді және жер қойнауын пайдалану
  1. Уытты, радиоактивті және басқа қауіпті зиянды заттармен ластанған жердің техникалық топырақ құнарлығын қалпына келтіру.
  2. 25 гектардан көп жер телімі аумағында пайдалы қазбаларды өндіру бойынша карьерлерді өңдеу.
  3. 25 гектардан көп жер телімінің аумағында кендерді өндіруді өңдеу.
Су ресурстарын пайдалану
  1. Өндірістік мақсаттарда су объектілерінің ластануына және бітеліп қалуына әкелетін ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттар мен радиоактивті материалдарды пайдаланатын кәсіпорындар мне құрылыстарда су жинау алаңдарының құрылысы мен орналастырылуы.
  2. 150 мың балама тұрғындардан жоғары өнімділікпен ағын суларды тазарту станцияларының қызметі.
Мұнай операцияларын жүзеге асыру
  1. Қоршаған ортаға зиянды әсер беретін техногенді минералды түзілімдерді орналастыру, сақтау және пайдалану.
  2. Мұнай операцияларын жүзеге асыру, соның ішінде:
    • коммерциялық мақсаттарда мұнай мен табиғи газды өндіру;
    • мұнайды, мұнай химиялық немесе химиялық заттарды сақтау;
    • мұнай өңдеу зауыттарының (шикі мұнайдан тек майлау материалдарын ғана шығаратын кәсіпорындардан басқа) және газбен жабдықтауға арналған құрылыстардың қызметі;
    • азды, мұнайды немесе химикаттарды тасымалдауға арналған құбырларды пайдалану.
  3. Шойын мен болатты бастапқы қорыту.
  4. Кендерден, концентраттардан немесе екінші қайтара шикізаттардан металлургиялық, химиялық немесе электролиттік процесстермен түсті металлдарды өндіру.
Атом және жылу энергиясын пайдалану
  1. Жылу электр станцияларын және басқа 300 мегаватт немесе одан көп жылу қуатымен жылу беру құрылыстарын пайдалану.
  2. Атом электр станциялары мен басқа ядролық реакторлардың қызметі, мұндай электр станцияларын немесе реакторларды бөлшектеу немесе пайдалануды тоқтатуды қоса (1 киловатт тұрақты жылу жүктемесінен жоғары емес ең жоғарғы қуатпен бөлшектейтін және өндіретін материалдарды өндіруге және қайта құруға арналған зерттеу қондырғыларынан басқа*).
  3. Пайдаланылған ядролық отынды қайта өңдеу.
  4. Келесілер бойынша қызмет:
    • уранды байыту және ядролық отынды өндіру;
    • пайдаланылған ядролық отынды және радиоактивті қалдықтарды орналастыру.

Ескерту: *Атом электр станциялары және басқа ядролық реакторлар барлық ядролық отын және басқа радиоактивті ластанған элементтер орнату алаңынан біржола жойылған кезде қондырғы болуын тоқтатады.

Атмосфералық ауаға, климатқа және Жердің озон қабатына әсер ету
  1. өндірістік объектілердің санитарлық сыныптамасына сәйкес 1 қауіптілік класының зиянды (ластаушы) заттардың атмосфераға тасталындыларымен бірге жүретін өндірістік процесстерді жүзеге асыру - жылына 1 тоннадан көп, 2 қауіптілік класы өндірістік объектілердің санитарлық сыныптамасына сәйкес - жылына 50 тоннадан көп.
  2. Озонды бұзатын заттардың және құрамында бұл заттар бар өнімдердің импорты, экспорты, озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстарды жүргізу, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеу, құрастыру, қызмет көрсету.
Қауіпті қалдықтарды кәделеу
  1. Қауіпті қалдықтарды жою, кәдеге асыру және көму.
  2. Меншік құқында, шаруашылықты жүргізу құқында немесе оперативті басқару немесе оларды кәделеу құқында қауіпті қалдықтарды иелену.
  3. Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындаумен байланысты қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау.
Шаруашылық және басқа қызметтің басқа экологиялық қауіпті түрлері
  1. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін химиялық және биологиялық заттарды өндірумен, іске асырумен, қолданумен және зарарсыздандырумен байланысты қызмет.
  2. Аэроғарыштық қызмет, соның ішінде ғарыштық аппараттарды және ғарыш қызметінің объектілерін пайдалану және пайдаланудан шығару.
  3. Әскери және қорғаныс объектілерінің қызметі.
  4. Генетикалық түрлендірілген организмдердің өндірісі.
  5. Микробиологиялық өндіріспен байланысты қызмет, микроорганизмдерді кәделеу және зарарсыздандыруды қоса.

Сақтандыру жағдайы не болып табылады?

Сақтандыру жағдайы ретінде апаттық ластану нәтижесінде қоршаған ортаға және үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне тигізілген залалды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактысы танылады.

Қоршаған ортаның апатты ластану түрлері:
  • шаруашылық және басқа қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыру кезінде орын алған апат
  • зиянды зарттардың атмосфераға шығарындысы және (немесе) суға тасталындысы
  • жердің үстіңгі бетінде учаскеде, жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ тәріздес ластаушы заттардың бытырап орналасуы 
  • аталған уақыт үшін рұқсат етілетін деңгейден асатын иістің, судың, дірілдің, радиацияның, немесе электрмагнитті, температуралық, жарықтық немесе басқа физикалық, химиялық, биологиялық зиянды әсердің түзілуі.

Сақтандыру сомаларының мөлшері тараптардың келісімі бойынша белгіленеді:

  • 5 000 АЕК бастап, жеке кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғамен 
  • 65 000 АЕК бастап, заңды тұлғамен 
  • 17 000 АЕК бастап, егер міндетті экологиялық сақтандыру шарты қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін АҚЖ сақтандыру бөлігінде ғана жасалған болса.

Сақтандыру сыйақысы

Сақтандыру сыйақысының мөлшері тараптардың келісімі бойынша белгіленеді, алайда бұл орайда сақтандыру сыйақысының мөлшері болуы керек:

  • жеке кәсіпкер және заңды тұлға үшін сақтандыру сомасынан 0,76% дан 2,65% дейін;
  • егер шарт тек қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бөлігінде ғана жасалған болса, сақтандыру сомасынан 0,59% дан 2,05% дейін;

Сақтандыру төлемдерінің мөлшері

Сақтандыру төлемі сақтандырушымен анықталған мөлшерде,зардап шегушінің (пайда алушының) талап ету сомасына немесе келтірілген залалды өтеу туралы заңды күшіне енген сот шешіміне сүйене отырып, жүзеге асырылады.

Қалай тапсырыс беруге болады?

Біздің мамандар сіздің бюджетті, міндеттеріңізді және бизнесіңіздің ерекшелігін ескеретін жеке сақтандыру бағдарламасын жасайды.

Бұл үшін бізбен келесі телефон арқылы хабарласыңыз:+7 (727) 258-18-00 ішк. 1063 және ұялы: + 7 701 737 70 72 немесе өзіңіздің байланыс деректеріңізді қалдырыңыз және сіздің ұйымға қажет сақтандыруды сипаттаңыз және біздің «НСК» корпоративтік сақтандыру бойынша мамандарымыз сізбен хабарласады. Хабарламаларға арналған мекенжай: corpsales@nsk.kz
 

Бізбен хабарласыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға толық жауап береміз.
Қаланы таңдаңыз
Қоңырау шалыңыз:
+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін
Сіз бізге хабарлама жібере аласыз, біз Сізбен өзіміз хабарласамыз.
Нужна помощь?