+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Мүлікті сақтандыру

Мүлікті сақтандыру

Пәтер немесе үй – кез келген отбасының негізгі активі. Оттың, судың әсерінен, тонаушылардан және т.б. өз тұрғын үйіңізді қалпына келтіру бойынша шығындардан НСК мүлікті ерікті сақтандыру шарты сақтай алады.

«НСК» АҚ мүлікті сақтандырудың артықшылықтары:

«НСК» АҚ мүлікті сақтандырудың көп жылдық тәжірибесіне ие, бұл бізге бір шартта Қазақстанның тұрғындары кездесіп отыратын неғұрлым маңызды тәуекелдерді ескеруге мүмкіндік берді.

Нені сақтандыруға болады

1. Жылжымайтын мүлікті:

  • пәтердің/үйдің конструкциялық элементтері
  • пәтердің/үйдің әрлеуі
  • техникалық жабдық

2. Жылжымалы мүлікті:

  • Үй тұрмысы және жеке заттар, соның ішінде: жиһаз, үй жиһаздау заттары, интерьер заттары, шаруашылық құрал-саймандары, аудио-, бейне-, фотоаппаратура, электроника және тұрмыстық техника, өлшеу және оптикалық аспаптар, киім, ыдыс аяқ, құрал-саймандар, спорт және аңшылық құрал-саймандары және т.б.

3. Көршілер мен басқа тұлғалардың алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті

Мүлік неден қорғалатын болады:

  • өрттен және түтіннен, газдың жарылысынан;
  • судан және басқа сұйқытықтардан зақымданудан (көршілерден су басу, құбырдың жарылуы және т.б.);
  • қарақшылықтан, бұзақылықтан, вандализмнен;
  • ұрлаудан және тонаудан;
  • найзағайдың түсуінен, дүлей апаттан;
  • жер сілкінісінен;
  • ағаштардың және басқа бөгде заттардың құлауынан, автомобильдердің соғып кетуінен, қақтығысуынан, ұшу аппараттарының құлауынан;
  • көршілеріңізге су өту кезіндегі, сондай-ақ басқа жағдайлардағы келтірілген зиян үшін сіздің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру; 

Мүлікті сақтандыру құны

Жылжымайтын мүлік:
Құны пәтердің сипаттамасына, таңдалған тәуекелдерге, франшиза мөлшеріне байланысты.
 
тариф пәтердің/үйдің құнынан 0,16% дан 0,30% дейін.
Жылжымалы мүлік: Тариф мүліктің құнынан 0,16% дан 0,28% дейін және таңдалған франшизаға тәуелді болады.
Көршілер алдындағы жауапкершілік тариф 0,19% дан 0,30% дейін және таңдалған франшизаға тәуелді.

Сақтандыру сомасы

Жылжымайтын мүлік Шартты жасау сәтіне анықталатын нақты құнына сақтандыруға болады.
Жылжымалы мүлік Пәтердің/үйдің нақты құнынан 20% аспайтын сомаға.
Көршілердің алдындағы жауапкершілік 250 000 теңгеден 5 000 000 теңгеге дейін сомаға.

Шарт қойылмайтын франшиза таңдау бойынша ( өтелуге жатпайтын және сақтандыру өтемін есептеу кезінде жалпы өтем сомасынан шегерілетін залалдың бөлігі):

  • 15 000 теңге
  • 30 000 теңге
  • 50 000 теңге
  • 75 000 теңге

 

Бізбен хабарласыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға толық жауап береміз.
Қаланы таңдаңыз
Қоңырау шалыңыз:
+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін
Сіз бізге хабарлама жібере аласыз, біз Сізбен өзіміз хабарласамыз.
Нужна помощь?