+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Мүлікті жедел сақтандыру

«Мүлікті жедел сақтандыру» Бағдарламасы көп пәтерлі үйлерде тұрғын жайлар ретінде пайдаланылатын ПӘТЕРЛЕРДІ сақтандыру үшін ғана қарастырылған.

БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША САҚТАНДЫРЫЛУЫ МҮМКІН:

«ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК» бөлімі бойынша:

  1. Пәтердің конструкциялық элементтері (ары қарай «КОНСТРУКЦИЯ»), с.і. терезе және есік конструкциялары (бөлмеаралықтардан басқа), жылыту, сумен қамтамасыз ету, канализация, газбен қамтамасыз ету жүйелерінің құбырлары;
  2. Пәтерді әрлеу, атап айтқанда, барлық сылау және майлау жұмыстары, оның ішінде жапсыру жұмыстары; қабырғалардың, төбенің, еденнің жабыны, бөлмеаралық есік конструкциялары, әйнек салуды, бөлме аралық терезе конструкцияларын қоса; кіріктірілген жиһаз;
  3. Техникалық жабдық: типтік емес жылыту жүйелері (оның ішінде жылытылатын едендерді, қабырғаларды, жылытумен төбелерді қоса), бақылаулар және күзет (оның ішінде камералар, домофондар), желдету, ауаны кондиционирлеу, сумен қамтамасыз ету (оның ішінде бекіту құрылғылары, шұңғылшалар, ванналар, душ кабиналары және т.б.), канализация (оның ішінде дәретхана бөлмелерінің сантехникалық жабдығы), қалдықтарды жою (қоқыс құбыры), газбен қамтамасыз ету (оның ішінде арматура, газ колонкалары, плиталар), электр қорегі, оның ішінде аз тоқты (антенна, телефон, дабыл жүйесі, радио және т.б.), басқа жабдық.

«Үшінші тұлғалардың алдындағы АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК» бөлімі бойынша (ары қарай «АҚЖ»):

  1. үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне сақтандырылған мүлікті пайдалану кезінде судан зақымдану (су басу) нәтижесінде залал тигізумен;

Шарт сақтандыру алдындағы тексеріп қараусыз жасалады.

САҚТАНУШЫЛАР / ПӘТЕРЛЕРДІҢ МЕНШІК ИЕЛЕРІ

Жеке тұлғалар.

ПАЙДА АЛУШЫ

  1. «ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК» бөлімі бойынша - Мүліктің зақымдануы, жойылуы және/немесе жоғалуы кезінде Пайда алушы аталған мүліктің меншік иесі болып табылады.
  2. «АҚЖ» бөлімі бойынша – Сақтандырылған мүлікті пайдалану нәтижесінде өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне залал/зиян тигізілген үшінші тұлғалар (мәтін бойынша – «үшінші тұлғалар»). Үшінші тұлға қайтыс болған жағдайда, Пайда алушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес үшінші тұлғаның қайтыс болуымен байланысты залалды өтету құқына ие тұлғалар болып табылады.
     

САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ ТӘУЕКЕЛДЕРІ

«ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК» бөлімі бойынша – төменде аталған қауіп-қатерлерден болған сақтандыру жағдайының нәтижесінде мүліктің жоғалуымен, құртылуымен немесе зақымдануымен байланысты Сақтанушының (Пайда алушының) мүліктік мүдделері:

  • Өрт және түтін, газдың жарылуы
  • Дүлей апаттар, жер сілкінісінен басқа
  • Ұшатын ұшу аппараттарының, ағаштардың немесе басқа бөгде объектілердің құлауы, қағып кету, соқтығысу, жер бетіндегі көлік құралдарының немесе өздігінен жүретін машиналардың соққысы;
  • Үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері - қарақшылық, бұзақылық, вандализм

«АҚЖ» бөлімі бойынша – Сақтанушының (Пайда алушының) мүліктік мүдделері, үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне төменде аталған қауіп-қатерлерден болған сақтандырылған мүлікті пайдалану кезінде судан зақымдану (су басу) сақтандыру жағдайының нәтижесінде залал тигізу кезінде:

  • Судан зақымдану кезіндегі азаматтық-құқықтық жауапкершілік

САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ /ШАРТ ҚОЙЫЛМАЙТЫН ФРАНШИЗА / СЫЙЛЫҚАҚЫ

«ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК» бөлімі бойынша:

САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ

КЕЗ КЕЛГЕН САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ БОЙЫНША ШАРТ ҚОЙЫЛМАЙТЫН ФРАНШИЗА

САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ
500 000 теңге 50 000 теңге 5 000 теңге
1 000 000 теңге 60 000 теңге 8 500 теңге
1 500 000 теңге 70 000 теңге 10 500 теңге

Мүшіктің «ТОЛЫҚ ҚҰРТЫЛУЫ» немесе оны жоғалту кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру кезінде шарт қойылмайтын франшиза 100 000 теңгені құрайды.
«ДҮЛЕЙ АПАТТАР, ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН БАСҚА», «ӨРТ» сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру кезінде шарт қойылмайтын франшиза 100 000 теңгені құрайды.

«АҚЖ» бөлімі бойынша:

САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ ШАРТ ҚОЙЫЛМАЙТЫН ФРАНШИЗА САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ
1 000 000 теңге 50 000 теңге 4 000 теңге
2 000 000 теңге 70 000 теңге 6 000 теңге

САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ МЕРЗІМІ

  • Сақтандыру сыйлықақысын төлеу Сақтандырушының кассасына қолма қол ақшамен немесе Сақтандырушының банктік есепшотына ақша қаражаттарын аудару арқылы жүзеге асырылады.
  • Сақтандыру сыйлықақысы бір рет, сақтандырудың барлық кезеңі үшін сақтандыру сыйлықақысының сомасының мөлшерінде төленеді.

САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ

  • Шарт сақтандыру сыйлықақысын төлеу күнінен кейін 3 (үшінші) күнге қолданылады.
  • Сақтандыру шартының қолданылу мерзімі 12 (он екі) ай.

САҚТАНДЫРУ АУМАҒЫ

«ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК» бөлімі бойынша:

  • Жылжымайтын мүлік Сақтандыру шартында анықталған сақтандыру аумағында ғана сақтандырылған ретінде саналады.

«АҚЖ» бөлімі бойынша

  • Сақтандыру аумағы ретінде пәтер орналасқан үйдің аумағы саналады.

Сақтандыру шартын жасау үшін қажетті ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ:

  • ЖСН көрсетілген жеке куәліктің (төлқұжаттың) көшірмесі
Бізбен хабарласыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға толық жауап береміз.
Қаланы таңдаңыз
Қоңырау шалыңыз:
+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін
Сіз бізге хабарлама жібере аласыз, біз Сізбен өзіміз хабарласамыз.
Нужна помощь?