+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Мұнай операциялары

Мұнай операцияларын сақтандыру

«НСК» АҚ мұнай өндіру кәсіпорындарының тәуекелдерін сақтандыру саласында мол жұмыс тәжірибесіне ие. Компания тәуекелдерді сенімді халықаралық қайта сақтандыру ұйымдарына тапсыру мүмкіндігіне ие. «НСК» АҚ сақтандыру ұңғымаларды қалпына келтірумен, өшірумен, қайталап бұрғылаумен және ұңғымаларды пайдалануды қалпына келтіру бойынша басқа жұмыстармен байланысты шығындарды өтеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұнай компаниясының операциялық қызметімен байланысты кеңейтілген тәуекелдер де сақтандырылуы мүмкін. «НСК» АҚ Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігімен жер қойнауын пайдаланушыларға қойылатын талаптарға сәйкес мұнай өндіруші компаниялар үшін тәуекелдерді сақтандыру қызметін ұсынады.

Мұнай қауіп-қатерлерін сақтандырудың өзектілігі

Ұңғыманың бақылаудан шығуы кезіндегі өзінің ықтимал шығындарын өтеу және ұңғыманы бақылауды қалпына келтіру үшін қаражаттарға ие болуы, сондай-ақ төменде аталғандарды өтеу үшін:

  • апатты ұңғыманы жабу шығындарын;
  • тасталынды аймағын және тасталынды салдарларын тазарту шығындары. Бұл жағдайда ұңғыманың операторлары/иелері қоршаған ортаның ластануы үшін қатаң жауапкершілікке ие болады;
  • тасталындыға дейінгі тереңдікте ұңғыманы қайталап бұрғылау шығындары, ол алғашқы бұрғылауға қарағанда екі есе қымбат тұруы мүмкін.

Мұнай, газ және су ұңғымаларын пайдалану процессінде тигізілуі мүмкін ең көп залал ұңғымадағы процесстердің бақылаудан шығуы және үстіңгі бетке немесе түбіне бұрғылау ерітіндісінің, мұнайдың, газдың немесе судың жоспарланбаған ағынының шығуымен байланысты.

«НСК» АҚ сақтандыру артықшылықтары.

  • Энергетикалық ресурстарды сақтандыру саласындағы мол жұмыс тәжірибесі;
  • 20 млн. АҚШ доллары сомасына облигаторлық қайта сақтандыру шартының болуы ірі (апаттық) шығындар жағдайында да уақытында және адекватты төлемдерге кепілдік беруге мүмкіндік береді;
  • Энергетика саласындағы көп жылдық сақтандыру тәжірибесі және ірі мұнай компанияларымен ынтымақтастық.

Қалай тапсырыс беруге болады

Біздің мамандар сіздің бюджетті, міндеттеріңізді және бизнесіңіздің ерекшелігін ескеретін жеке сақтандыру бағдарламасын жасайды.

Бұл үшін бізбен келесі телефон арқылы хабарласыңыз:+7 (727) 258-18-00 ішк. 1063 және ұялы: + 7 701 737 70 72 немесе өзіңіздің байланыс деректеріңізді қалдырыңыз және сіздің ұйымға қажет сақтандыруды сипаттаңыз және біздің «НСК» корпоративтік сақтандыру бойынша мамандарымыз сізбен хабарласады. Хабарламаларға арналған мекенжай: corpsales@nsk.kz

Өнім туралы толық мәлімет
Бізбен хабарласыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға толық жауап береміз.
Қаланы таңдаңыз
Қоңырау шалыңыз:
+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін
Сіз бізге хабарлама жібере аласыз, біз Сізбен өзіміз хабарласамыз.
Нужна помощь?