+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Компания жүктерді сақтандырудағы және әуеКАСКО сақтандыруындағы төлемдердің мөлшері бойынша бірінші орын алды.

2014 жылдың алты айының қорытындылары бойынша «МСК» АҚ өз клиенттеріне сақтандыру төлемдері түрінде 1,68 млрд. теңге төледі. Компания жүктерді сақтандырудағы және әуеКАСКО сақтандыруындағы төлемдердің мөлшері бойынша бірінші орын алды.

Төлемдердің басым бөлігін бұрынғыдай автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (КҚИ АҚЖ МС) құрап отыр. Қызметкерлерді жазатайым жағдайлардан сақтандыру бойынша 337 млн. теңге төленді. Жалпы сақтандырудың міндетті түрлері бойынша компания 988 млн. теңге төледі.

Мүлікті ерікті сақтандыру бойынша 370 млн. теңге төленді. Соның ішінде КАСКО бойынша автокөлік иелеріне сақтандыру өтелімі түрінде 180 млн. теңге төленді.

ӘуеКАСКО бойынша 125 млн. теңге төленді, жүктерді сақтандыру бойынша 31 млн. теңге төленді. Бұл көрсеткіштер бойынша «МСК» нарықта бірінші орын алды.

Халықты медициналық сақтандыру және жазатайым жағдайлардан сақтандыру шарттары бойынша 324 млн. теңгеден астам сома төленді.

2014 жылдың бірінші жарты жылдығында сақтандыру жарналарының түсімі 6,4 млрд. теңгені құрады. Жарналардың ең көп көлемі – 1,5 млрд. теңге – автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың (КҚИ АҚЖ МС) есебінен қамтамасыз етілді. 1,3 млрд. теңге қызметкерлерді жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру бойынша жиналды.

Мүліктік тәуекелдерді сақтандыру бойынша сақтандыру алымдары 2,7 млрд. теңгені құрады, соның ішінде КАСКО бойынша – 388 млн. теңге, қаржы шығындарын сақтандыру бойынша – 218, 6 млн. теңге, жүктерді сақтандыру бойынша – 125 млн. теңге.

Халықты медициналық сақтандыру бойынша және жазатайым жағдайлардан сақтандыру бойынша жарналар 697 млн. теңгені құрады.

Нужна помощь?