+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Медициналық сақтандыру шарты емделуге және емделу барысында қажет болатын медициналық препараттарға жұмсалатын шығыстарды қамтиды. Медициналық сақтандыру кеңейтілген тізім бойынша шұғыл медициналық көмек көрсету мүмкіндігін береді, бұл футболшылар үшін аса маңызды.

Жазатайым жағдайдан сақтандыру шарты бойынша негізгі құрамның 27 ойыншысы әр футболшыға шаққанда 10 млн. теңге мөлшеріндегі кеңейтілген сақтандыру лимитімен қамтамасыз етілді.  

«2014 жылдың футбол маусымында клубымыз өз алдына Чемпионат медальдерін жеңіп алу, Қазақстан Кубогында жеңу, сондай-ақ Еуропа Лигасында лайықты деңгейде ойнау сияқты жоғары мақсаттарды қояды. «МСК» компаниясымен шарт жасасып, біз сенімді сақтандырушы серіктеспен ынтымақтастыққа қол жеткіздік, компанияның сақтандыру қорғанышы мен медициналық қызмет көрсетуі бізге ойынға толықтай көңіл бөлуге мүмкіндік береді», - дейді «Астана» футбол клубының президенті Қайсар Бекенов.

Сонымен қатар барлық сақтандырылған қызметкерлер «МСК» АҚ-ның бүкіл Қазақстандағы серіктестері болып табылатын 400-ден астам емханада және басқа да медициналық мекемелерде отбасы дәрігерінің қызметтеріне қолжетімділік ала алады, үйде емделе алады, сондай-ақ медициналық тексеруден, диагностикадан өте алады.

«Біз екінші жыл қатарынан «Астана» футбол клубының ресми сақтандырушы серіктесі болып келеміз. «МСК» үшін бұл зор құрмет әрі медициналық сақтандыру саласында жоғары сапалы сақтандыру қызметтерін көрсету жауапкершілігі», - деді «МСК» АҚ-ның Басқарушы директоры Ержан Балабеков.

«Астана» футбол клубы (www.fca.kz)

«Астана» футбол клубы 2009 жылы құрылды. Команда Қазақстанның премьер-лигасында ойнайды. Жетістігі: Қазақстан Кубогы (2010, 2012 жж.), Қазақстан Суперкубогы (2011 ж.), Қазақстан Чемпионатының күміс жүлдегері (2013 ж.).

2014 жылғы маусымда 12 ойыннан кейін 22 ұпай жинаған команда екінші орында. 

Нужна помощь?