+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Арнайы ұсыныс: жол-көлік оқиғасы болған кезде 150 000 теңгеге дейінгі төлем көзделген сақтандыру құны – 100 теңге!

«МСК» сақтандыру компаниясы барлық көлік иелеріне жол-көлік оқиғасының нәтижесінде туындайтын ықтимал шығындардан арнайы сақтандыру қорғанышын ұсынады, бұл сақтандыру түрі Сіздің зардап шегуіңізге кінәлі болған адамның азаматтық-құқықтық жауапкершілік жөніндегі міндетті полисінің мерзімі кешіктірілген немесе ҚР Заңына сәйкес жарамсыз болған жағдайда қолданылады.

Бұл сақтандыру түрі бойынша Сіз сомасы 150 000 теңгеге дейін шығындарыңыздың өтемақысын аласыз.

Шарттың құны: 100 теңге.

Сақтандыру жағдайы – кінәлі үшінші тұлғада көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (КҚИ АҚЖ МС) жөніндегі қолданыстағы полис болмаған кезде үшінші тұлғаның көлік құралын пайдалануының нәтижесінде көлік құралына келтірілген мүліктік зиянды өтеу бойынша зардап шеккен автокөлік иесінде шығыстардың туындауы фактісі.

Сақтандыру аумағы: Қазақстан Республикасы.

Сақтандыру шартының қолданылу мерзімі көлік құралы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (КҚИ АҚЖ МС) полисінің қолданылу мерзіміне сәйкес келеді.

Автокөлік иесінің АҚЖ-нің міндетті полисін сатып алған кезде «МСК» АҚ-ның барлық сатылым кеңселерінен ықтимал шығындардан қауіпсіздендіретін «Профи+» сақтандыруын сұраңыз.

Нужна помощь?