+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін
Автомобильші сақтандыру туралы нені білуге тиіс

Автосақтандыру сақтандырудың міндетті әрі қажетті түрі болып табылатынына автомобильшілер көз жеткізіп үлгерді. Міндетті автосақтандыру қолданылған уақытта оның талаптарына түзетулер енгізілді. Соңғы уақытта «НСК» АҚ компаниясына автосақтандыруға қатысты кейбір түсініксіз мәселелерді түсіндіруді сұраған автокөлік иелерінен сұрақтар жиі келіп түседі. Бүгін «НСК» АҚ-ның мамандары шұғыл желінің аясында азаматтардың сұрақтарына жауап береді.

КҚИ АҚЖ МС деген не?

Сөзбе-сөз бұл аббревиатура көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру деп түсіндіріледі. ҚР Үкіметінің көлік құралдары иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру қажеттігі туралы қаулысы 1996 жылғы 31 қазанда қабылданды. Міндетті сақтандыру полисі жол-көлік апаты кезінде басқа автокөлік құралына зиян келтіру тәуекелдеріңізді өтейді.

Басқа сөзбен айтқанда Сіз жол-көлік апатының нәтижесінде өзіңіз келтіретін зияннан бөтен машинаны сақтандырасыз. Сонымен қатар автосақтандырудың ерікті түрлері бар, олардың талаптары бойынша өзіңіздің автомобиліңізді немесе оның бөліктерін айталық айдап әкетуден немесе ұрлаудан, ағаштардың құлауынан ерікті түрде сақтандыруға болады. Жол қозғалысының басқа қатысушыларының алдындағы Сіздің жауапкершілігіңіз ғана міндетті түрде сақтандырылуға тиіс.

Азаматтар жол-көлік оқиғасы кезінде не істеу керек екенін және қандай мерзімдерде сақтандыру компаниясына хабарлау керек екенін білмей жатады

Әрине, жол-көлік оқиғасының нәтижесінде түрлі салдар туындайды, бірақ қандай болған жағдайда да қалыптасқан жағдайда уақытыңызды үнемдеу үшін нақты іс-әрекеттер алгоритмін білуге тиіссіз. Біріншіден, салонда адамдар болса, олардың зардап шекпегенін тексеріңіз. Жарақаттанғандар болса, жедел жәрдем шақырып, дәрігердің келгенін күтіңіз. Жол-көлік оқиғасы болған жерге жол полициясының инспекторын және апат комиссарын шақыртыңыз. «НСК» клиенттері кез келген телефондық оператордың нөмірінен 2258 қысқа нөміріне қоңырау шала алады (қоңырау құны минутына 10 теңге).

Жол-көлік оқиғасы болғаннан кейінгі екі сағат ішінде медициналық куәландырудан өту қажет. Бұдан әрі 3 күннен кешіктірмей Төлемдерге қызмет көрсету орталығында (егер Сіз «НСК» компаниясының клиенті болсаңыз) сақтандыру жағдайы туралы өтінішті ресімдеңіз. Кейінгі іс-әрекеттер және қажетті құжаттардың тізбесі жөнінде төлемдер орталығының маманынан біле аласыз.

Сақтанушы және сақтандырылушы бір тұлға болмаған жағдайларда сақтандырушыға көлік оқиғасының болғаны және сақтандыру жағдайының туындағаны туралы хабарлау міндеті сақтандырылған адамға жүктеледі.

Егер дәлелді себептер бойынша сақтанушы (сақтандырылушы) аталған іс-әрекеттерді жасай алмаса, ол мұны құжаттың негізінде растауға тиіс.

Сақтандыру жағдайлары бойынша белгілі бір төлем сомасы бар ма және көлік құралдарының иелерін міндетті сақтандыруда ол қалай есептеледі?

Бір сақтандыру жағдайы бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі қолданыстағы айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты болады.

Әр зардап шеккен адамның өміріне немесе денсаулығына келтірілген және оның өліміне әкеліп соқтырған зиян үшін төлем сомасы 1000 АЕК-ті құрайды. І топтағы мүгедектік берілген кезде сома 800 АЕК-ті, ІІ топтағы мүгедектік берілген кезде 600 АЕК-ті, ІІІ топтағы мүгедектік үшін 500 АЕК-ті, «мүгедек бала» санаты үшін 500 АЕК-ті құрайды.

Жарақат, зақым алған кезде немесе мүгедектік берілмей денсаулыққа зиян келтірілген кезде төлем сомасы амбулаториялық және (немесе) стационарлық емдеуге жұмсалатын іс жүзіндегі шығыстардың мөлшерінде, бірақ көп дегенде 300 АЕК көлемінде айқындалады. Бұл кезде стационарлық емделудің әр күні үшін сақтандыру төлемінің мөлшері кем дегенде 10 айлық есептік көрсеткішті құрауға тиіс. Бір зардап шеккен адамның мүлкіне келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі келтірілген зиянның мөлшерінде болады, бірақ көп дегенде 600 АЕК-ті құрауға тиіс. Бір уақытта екі және одан көп зардап шеккен адамның мүлкіне келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі келтірілген зиянның мөлшерінде болады, бірақ әр зардап шеккен адам үшін көп дегенде 600 АЕК төленеді. Бұл кезде барлық зардап шеккен адамдарға төленетін сақтандыру төлемдерінің мөлшері 2000 АЕК-тен аспайды. Зиянның мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен асқан жағдайда әр зардап шеккен адамға төленетін сақтандыру төлемі оның мүлкіне келтірілген зиянның дәрежесіне сай төленеді.

Зардап шеккен адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның мөлшері тиісті медициналық ұйымдар берген құжаттардың негізінде айқындалады. Мүлік зақымдалған кезде келтірілген зиянның мөлшері сақтандыру жағдайы туындағанға дейінгі мүліктің есептеліп жазылған амортизациясын (тозуын) шегере отырып, зақымдалған мүлікті қалпына келтіру құнын негізге ала отырып айқындалады.

Зақымдалған мүлікті бағалауды кім жүргізеді?

Мүлік зақымдалған кезде келтірілген зиянның мөлшерін тәуелсіз сарапшы бағалайды, ол жүргізген бағалаудың нәтижесі сақтандырушы үшін міндетті болып табылады. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауға жұмсалған шығындарды сақтандырушы төлейді. Сақтанушы (сақтандырылушы) немесе зардап шеккен адам (пайда алушы) немесе олардың өкілдері тәуелсіз сарапшының қызметтерін өз бетінше пайдалануға құқылы.

Тікелей реттеу деген не?

Тікелей реттеу дегеніміз – зардап шеккен адам көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасасқан сақтандырушының көлік оқиғасында зардап шеккен адамның өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеуді жүзеге асыратыны көзделетін сақтандыру төлемін төлеу механизмі. «НСК» компаниясында «Тікелей жасалатын төлем» бағдарламасы бар. Бұл бағдарламаға сай Сіз жол-көлік оқиғасына кінәлі болмасаңыз, ал кінәлі адамда сақтандыру полисі болса, «Тікелей жасалатын төлемді» алу үшін оның СТН нөмірін, аты-жөнін және полисінің нөмірін біліп, «НСК» компаниясының Төлемдерге қызмет көрсету орталығына бара аласыз. Қарапайым сөзбен айтқанда, тікелей реттеу сызбасы бойынша жол-көлік оқиғасында зардап шеккен адамға залалды өтеу үшін кінәлі адамның сақтандыру компаниясына барудың қажеті жоқ, ол бұл компания туралы ештеңе білмеуі мүмкін және бұл компания оны қуана қарсы алмауы мүмкін.

Зардап шеккен сақтанушыға залалды тұрақтылық және төлем жасау қабілеттілігінің негізінде өзі таңдаған сақтандырушысы төлейді. Іс жүзінде тікелей жасалатын төлем Сіздің жол-көлік оқиғасына кінәлі болған адаммен осы мәселені шешуіңіздің қажеттігін жоққа шығарады.

Мен жеңілдік ала аламын ба?

Бонус-мапус жүйесінде жеңілдік ескерілген. Ол азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған тұлғалардың кінәсі бойынша сақтандыру жағдайларының бар-жоғына байланысты болады. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі алдыңғы шарттар қолданылған кезеңде Қазақстан Республикасы заңнамасының негізінде белгіленген коэффициенттер қолданылады. Зейнеткерлер, Ұлы Отан Соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген тұлғалар, І және ІІ топтағы мүгедектер 50%-ға азайтылған сақтандыру сыйлықақысын төлеуге құқылы.

Бірақ егер көлік құралын осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың санатына жатпайтын басқа иелер де пайдаланатын болса, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру осындай жеңілдіксіз жүзеге асырылады.

Нужна помощь?