+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін
Банкке арналған сақтандыру – әр қазақстандықтың жеке таңдауы.

Өз клиенттеріне белгілі бір сақтандыру компаниясының қызметтерін таңдауға мәжбүрлеуге банктердің құқығы жоқ. Банк қарызын ресімдеген кезде сақтандырушыны таңдау – әр қарыз алушының жеке таңдауы. Қазақстандық банктер клиенттерінің көбі бұл қарапайым ережені білмейді.

Алайда 2011 жылдың өзінде-ақ банктік сақтандыру нарығында елеулі өзгерістер болды: «Банктер және банктік қызмет туралы» заңға түзетулер енгізілді, оларға сәйкес сақтандырушыны таңдауда қарыз алушыны шектеуге банктердің құқығы жоқ. Бірақ сарапшылардың көбінің пікірі бойынша іс жүзінде кері жағдай қалыптасқан. Банктер несие алуды шешкен клиенттеріне банктің қызметтесуі тиімді болатын сақтандыру компаниясында сақтандырылуды бұрынғыша ұсынады, мәжбүрлейді, тіпті талап етеді. Банктен қарыз алушының өзі үшін бұл қолайлы ма? Көбінесе ол амал жоқтан көнеді. Бұл мәселенің бір жағы ғана. Басқа жағы – қарыз алушылардың сақтандырушыны таңдау еркіндігі жөнінде хабарсыздығы деңгейінің төмендігі. Негізінде қарыз алушылардың тиімдірек сақтандыру талаптарын таңдауға деген қызығушылығы жоқ, сондықтан олар банктер ұсынатын сақтандыру талаптарын қабылдайды. Нәтижесінде банктік сақтандыру нарығындағы баға құрылымы икемсіз болады, ал қарыз алушылар сақтандыру компанияларының қызметтеріне деген шынайы сұранысты көздемейді.

Қарыз алушылардың өздері сақтандыру компаниясын еркін таңдау құқығын толық-қанды пайдаланған уақытта ғана қызмет көрсету деңгейінде, сол сияқты сақтандыру талаптары бойынша нағыз бәсекелестік болады. Банк сақтандыру қызметтерін пайдалануды ұсынатын компанияда сақтандыру тарифтері мөлшерінің басқа сақтандыру компаниясында жасалған осындай шартқа қарағанда 15-20%-ға жоғары болуы мүмкін екенін барлығы түсіне бермейді. Ал автосалоннан жай ғана автомобиль емес, ипотекаға тұрғын үй сатып алынса ше? Нәтижесінде артық төлемнің мөлшері өте жоғары болуы мүмкін.

Банкте несиені қалай алған және сақтандырған дұрыс.

Несие алған кезде сақтандыру үшін артық ақы төлемеу мақсатында әр қарыз алушы бірнеше қарапайым кеңесті ескерсе болғаны. 
 

  1.  Несие алмас бұрын несие менеджерінен осы банкте қандай сақтандыру компаниялары аккредитациясының бар екенін, яғни банктің қандай компаниямен ынтымақтастық орнатқанын сұрап алыңыз. Егер банк тек бір ғана сақтандыру компаниясымен жұмыс істейтін болса, осы компанияның банктің өзімен аффилиирленгендігін және шын бәсекелестіктің жоғын білдіреді. Осындай сақтандыру компаниясында сақтандыру Сізге өте жоғары құнмен ұсынылады. Егер банкте бірнеше серіктес сақтандыру компаниясы болса, олардың әрқайсысындағы сақтандыру талаптарын мұқият салыстырыңыз. 
  2. Басты критерий – сақтандыру құны (тариф мөлшері). Қарызды қай компанияда арзанға сақтандыруға болатынын түсіну үшін бірнеше сақтандыру компаниясына қоңырау шалыңыз. Әдетте тарифтер мөлшерлерінің арасындағы айырмашылық елеулі болады. Мысалға, түрлі сақтандыру компанияларында ипотеканы сақтандыру сатып алынатын тұрғын үй құнының 0,5%-нан 0,8%-на дейін құбылады. Абсолюттік цифрларда айырма бірнеше жүз мың теңгені құрауы мүмкін. 
  3. Жеке ипотеканы сақтандырудың қанша тұратынын біліңіз: жылжымайтын кепіл мүлікті сақтандыру және қарыз алушыны жазатайым жағдайдан жеке сақтандыру. Көбінесе банктер ипотекалық несиенің құнына сақтандыру тарифін қосады. Сіздің міндетіңіз – банкке емес, өзіңізге тиімді болатын тариф бойынша сақтандыру сатып алу. 
  4. Қарызды сақтандыру үшін сақтандыру компаниясын өз бетіңізше таңдауға құқылы екеніңізді есте сақтаңыз.
Нужна помощь?