+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін
Егер автосақтандыру 40%-дық жеңілдікпен сатып алынса, сақтандыру төлемін аласыз ба?!

Әр автоәуесқой автокөлік иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі полисін үнемі жаңартып отыруға міндетті. Бұл сақтандыруды ресімдемесе болмайды – оны жол полициясының қызметкерлері кездескен кезде және техникалық тексеруден өткен кезде техникалық орталықтардың қызметкерлері міндетті түрде сұрайды.

Көптеген автоәуесқойлар біздің қалада осындай полистердің барлық дерлік жерде сатылатынын, ал кейбір сақтандыру компанияларында оларға 40%-ға дейін жететін елеулі жеңілдіктер берілетінін біледі. Алайда осындай сақтандырудың Сізді қаншалықты қорғайтынын жол-көлік оқиғасы орын алған жағдайда ғана білуге болады. Сарапшылар «жеңілдікті» полис жалған болып шығуы мүмкін деп санайды.

Көптеген автоәуесқойлар міндетті сақтандыруды ресми бағасынан арзан бағамен сатып алуға болады деп сенеді. Ұсынылатын жеңілдіктің мөлшері полистің жалған болып шығуы ықтималдығымен қалай байланысты?

Мұнда тікелей тәуелділік бар. Автокөлік иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисінің құнын мемлекет айқындайды, бұл құн бекітілген болып табылады және автомобиль жүргізу өтіліне, оның шығарылған жылына байланысты болады. Жүргізушіде өткен жылы апаттар болмаған жағдайда бұл құн аз ғана түсірілуі мүмкін. Мұндай полистер бойынша ресми жеңілдіктердің болуы мүмкін емес. Сақтандыру агенті азаматтық-құқықтық жауапкершілік полисінің 10%-ын құрайтын агенттік сыйақысын төмендеткен жағдайда ғана көп дегенде 10%-дық жеңілдікті алуға болады. Бұл жағдайда ол тегін жұмыс істейді. Сондықтан шынында нарықта шынайы полис құнының 5%-нан көп жеңілдігін алу мүмкін емес. 20%-30%-дық және одан жоғары жеңілдіктер автосақтандырудың ерікті түрлеріне ғана берілуі мүмкін.

Ал егер жүргізушіге азаматтық-құқықтық жауапкершілік полисі жеңілдікпен ұсынылса ше? Бас тартқан дұрыс емес қой.

АҚЖ автосақтандыруын жеңілдікпен, айталық 10 мың теңгеге сатып ала отырып, Сіз жол-көлік апаты жағдайында жарамсыз болып қалатын полисті сатып алу, яғни сақтандыру компаниясының деректер базасында тіркелмеу, яғни жалған полисті сатып алу тәуекеліне ұшырайсыз. Мұндай полистердің тіпті сериялық нөмірлері болуы мүмкін, полистер су таңбалары бар қағазда басылып шығарылған болуы мүмкін. Олардың шынайы шарттардан басты айырмашылығы – сақтандыру компаниясының өзі олар жөнінде білмейді. Әдетте осындай сақтандыру полистерін алақол сақтандыру агенттері пайда көремін деп сатады, олар нөмірлері бар полистердің түпнұсқаға ұқсас көшірмелерін әзірлейді, бірақ оларды компанияның бірыңғай сақтандыру деректері базасына енгізбейді, себебі онда толық құнға сатылып алынған шынайы шарт болады. Сонымен қатар жалған полисті сатып алғаны үшін автокөлік иесі әкімшілік айыппұл төлеуге тиіс.

Ұсынылып тұрған полистің шынайы ма жалған ба екенін бірден қалай айқындауға болады?

Ең басты белгісі – сақтандырудың құны. 10%-дан астам жеңілдігі бар полистің сақтандыру компаниясының деректер базасына енгізілмеуі ықтималдығы жоғары. Біз тұрақты сату нүктелері бар және нарықта беделі жоғары компанияларда көлік құралдары иелерінің АҚЖ сақтандыру полистерін сатып алуды ұсынамыз. Сақтандыру компаниясына хабарлассаңыз да болады, кез келген менеджер полистің бірыңғай сақтандыру деректері базасында (БСДБ) тіркелгенін-тіркелмегенін тексереді. Біздің компанияда тәулік бойы Байланыс орталығы жұмыс істейді, 2258 нөмірі бойынша кез келген сақтандыру компаниясының клиенті полисінің заңдылығын тексере аласыз, яғни шарттың базада тіркелгенін-тіркелмегенін біле аласыз.

Нужна помощь?