+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Бүгінгі таңда батыс елдерінде қала сыртындағы жылжымайтын мүлікті сақтандыру кеңінен тараған. Ол жақта адамдар ақшаларын санай біледі, олар қымбат тұратын күзет жүйелерін, сигнал жабдықтарын және өрт сөндіру жүйелерін орнатқаннан гөрі жылжымайтын мүлікті сақтандыру әлдеқайда арзан түсетінін бұрыннан түсінген, себебі аталған жабдықтар үйді, коттеджді немесе саяжайды әрдайым барлық апаттардан қорғап қала алмайды.

Қала сыртындағы жылжымайтын мүлік көптеген тәуекелдерге ұшырағыш келеді. Жаз және күз мезгілдерінде оларға табиғи, сол сияқты жасанды өрттер қауіп төндіреді. Көктемде су басу қаупі бар, ал қыста бұзып ұрлау жағдайлары жиі болады. Айтпақшы жазғы уақытта саяжай иелері үйлеріне телевизорлар және басқа да қымбат тұратын, қылмыскерлерді қызықтыратын заттар әкеледі.

Алайда, соңғы жылдары құрылыс жүргізіліп жатқан аудандар көбейіп, солардың салдарынан стихиялық апаттардан келтірілетін залал да өсуде. Адамдардың қарапайым қауіпсіздік техникасын ұстанбай, қауіп ықтималдығы жоғары жерлерге қоныстайтыны жағдайды қиындатады.

Біздің отандастар не істесе де тәуекел деп, туысқандарының көмегіне үміттенсе де, адамдар сақтандыру қажеттігін біртіндеп түсіне бастағандай.

Жылжымайтын мүлікті (қалалық болсын, қала сыртындағы болсын) сақтандыру құны айтарлықтай төмен. Мысалға, құны 100 мың долларды құрайтын коттеджді сақтандыру жөніндегі жылдық шарттың құны тәуекелдерге байланысты 200 доллардан 400 долларға дейін құрайды. Бірақ егер жылжымайтын мүлік қауіп-қатер ықтималдығы жоғары жерде орналасқан болса, сақтандыру құны өсуі мүмкін.

- Стандартты пакетке өрттен, найзағайдың соғуынан, газдың жарылуынан, құбырлардың жарылуының нәтижесінде су басудан, стихиялық апаттардан (жер сілкінісі, сел, дауыл, көшкін, боран, құйын, жауын, бұршақ, су тасқыны, жердің отыруы, қар көшкіндері және т.б.), басқарылатын ұшу аппараттарының және олардың сынықтарының құлауынан қорғау кіреді. Көктемде су тасқындары, жазда өрттер, қыста тұрғындар болмаған кезде ұрлықтар зақымдалу себептері болуы мүмкін. Жылжымайтын мүліктің өзінен басқа жиһаз, тұрмыстық техника, суреттер, киім, ыдыс, құрал-саймандар, спорт және аңшылық жабдықтары сияқты үй ішіндегі мүлікті де сақтандыруға болады.

- Жылжымайтын мүлікті пайдаланған кезде көршілерге зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыруға болады. Бұл үйлері бір-біріне жақын салынған коттедждік кенттерге және тұрғын массивтеріне қажет сақтандыру түрі, себебі өрттің нәтижесінде көрші үйлер де зақымдалуы мүмкін. Мұндай сақтандыру көрші құрылыстарды қалпына келтіруге жұмсалатын шығындардан қорғайды. НСК-да 250 000 теңгеден 5 000 000 теңгеге дейінгі сомаға жауапкершілікті сақтандыруға болады.

Сақтандыру шартын ресімдеу рәсімі қарапайым.

  1. Сақтанушы сақтандыру компаниясының сауалнама-өтінімін толтыруға тиіс. 
  2. Сақтандыру ережелерімен танысуға және сақтандыру бағдарламасының қолайлы нұсқасын таңдауға тиіс. 
  3. Тәуелсіз бағалау компаниясы жүргізген мүлікті бағалау қорытындысын беруге тиіс немесе бағалауды Сақтандырушының өзі жүргізеді.
  4. Сақтандыру шартын ресімдеуге және сыйлықақы төлеуге тиіс.

НСК-да жылжымайтын мүлік нысанын сақтандыру міндеттемелерін қабылдамас бұрын әдетте нысанды қарап тексеру жүргізіледі. Жалпы бүгінгі таңда сақтандыру қала сыртындағы саяжайларды, коттедждерді және үйлерді қорғаудың барынша нәтижелі тәсілдерінің бірі болып табылады.

Нужна помощь?