+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Ауырып қалып, маңызды келіссөздерге қатыса алмай қалуыңыз, көптен күткен сапардан бас тартуыңыз, баланың таңертеңгі қойылымын көрмей қалуыңыз мүмкін. Қандай болған жағдайда да ауру әр уақытта орынсыз. Жақсы ем алу үшін ақша шығару қажет. Осы жағдайда медициналық сақтандыру қажет: ол Сіздің емделуге жұмсаған шығыстарыңызды өтейді. НСК-да осындай пайдалы бағдарламалар көп. Өзіңізге қажеттісін таңдаңыз.

НСК ұсынған аурудан сақтандыру – НСК-ның ірі төрт қаладағы бас серіктесі Open clinic желісінде қызмет көрсету. Open clinic желісінің Алматы қаласында 100-ден астам емдеу мекемесі, сондай-ақ Қазақстанның 26 қаласында 400-ден астам емдеу мекемесі бар. Тәжірибелі медициналық қызметкерлер кез келген жағдайларда қарапайым кеңес беруден бастап күрделі емделуге дейін жедел кәсіби көмек көрсетеді.

Қазақстанның 18 қаласындағы филиалдар сақтандыру шартын жасасқан кезде, сол сияқты сақтандыру жағдайы туындаған кезде клиенттеріміздің жанында болуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сапалы әрі сенімді сервисті қамтамасыз ету үшін біз еліміздің түрлі аймақтарында клиенттерге қызмет көрсететін 640-тан астам орталық аштық.

Компания қызметкерлерінің сақтандыру нарығында көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар, ал серіктестер өз қызметтеріндегі көпшілік мойындаған беделді ұйымдар болып табылады. Кәсіби менеджмент, күшті корпоративтік мәдениет және сауатты мамандар компанияның Қазақстанның сақтандыру нарығында жетекші орындарға жетуін қамтамасыз етуге қажетті білімді, тәжірибені және күш-жігерді қамтамасыз етеді.

Компанияның сақтандыру саласындағы тәжірибесі мен құзыретіне көптеген қазақстандық және шетелдік компаниялар және мемлекеттік құрылымдар сенім білдіреді.

Қазақстанның 30 000 азаматы НСК-ның медициналық сақтандыру картасына ие.

Медициналық сақтандыруды екі тәсілмен иемденуге болады. Бірінші нұсқасы – әлеуметтік пакеттің аясында компанияның қызметкері ретінде медициналық сақтандыру алу. Егер сіздің компанияңыз өз қызметкерлеріне арналған ұжымдық сақтандыру шартын әлі жасаспаған болса, әріптестеріңізбен және басшылықпен бұл жайлы сөйлесіңіз. Екінші нұсқасы – НСК-ның бүкіл Қазақстандағы 640 кеңсесінің бірінде ауырған жағдайда сақтандыру шартын өз бетіңізше жасасу. Бұл жағдайда стоматология, вакциналау, белгілі бір біліктілігі бар мамандардан кеңес алу түріндегі қосымша қызметтер, үйге дәрі-дәрмектер жеткізу және т.б. сияқты медициналық көмектің алуан түрлері бойынша сақтандыру лимитін өзіңіз таңдай аласыз.

Барлық медициналық сақтандыру бағдарламаларының талаптары және құны жөніндегі егжей-тегжейлі ақпаратты Алматы қаласындағы келесі телефондар бойынша «НСК» АҚ-ның Медициналық сақтандыру басқармасынан алуға болады: +7 (727) 258-18-00, ішкі нөмірлер: 1119, 1126 және 1115; немесе келесі e-mail мекенжайға өтінім жіберіңіз: Medicina@nsk.kz.

Нужна помощь?