+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Сақтандыратын бизнес
"Караван" газеті, 2012 жылғы 07 қыркүйек
Автор: Александра Мыскина

Үйден шықпай шаруаларды бітіре жүріп тұрақты кірісті қамтамасыз ететін, оңай әрі қиналмай айналысуға болатын шағын бизнес ашуды көп адам армандайтын шығар. Мұндай бизнестің бірден кіріс әкеле бастауын қамтамасыз ету үшін көп ақшаны қажет етпегені де жақсы болар еді. Мұндай бизнес жоқ дейсіз бе? Бүгін біз Сізге үйде автосақтандыру бизнесін қалай ұйымдастыруға болатыны жайлы баяндаймыз.

Менің үйіме жақын жерде бір пысық әйел автосақтандыру бизнесін ашыпты. Бұған дейін көршілерден осы әйел туралы әңгімелерді көп еститінмін. Бірнеше жыл бұрын оның күйеуі қайтыс болып, балаларымен жалғыз қалған екен. Қарапайым үй шаруасындағы әйел бірнеше жыл жұмыс істемеген еді, себебі балаларын бағып үйде отырып қалды.

Бір кезде санаулы-ақ ай ішінде ол нағыз бизнесвуменнің өзіне айналды, айналадағылардың таңдасынында шек жоқ.

Қазір үйінің қақпасының жанында әрдайым автомобильдер кезегі тұрады, жұмысының жақсы жүріп жатқаны анық. Көрейінші деп, оның клиенті болайын деп шештім. Аты Наталья, өте жігерлі, ақ жарқын әйел екен. Бұл бизнес-идеясының қалай туындағаны жайлы және оны қалай іске асыра алғаны жайлы айтып берді.

– Мен жеке меншік секторда тұрамын, бұл жерде шағын техникалық қызмет көрсету орталықтары өте көп, мұнда автокөлік иелері үнемі көптеп келеді. Сондықтан мұнда автосақтандыру орнын ашуды шештім.

Қалай сақтандыру агенті болуға болады?

Қазақстанда 37 сақтандыру компаниясы жұмыс істейді. Сақтандыру агенті болу үшін осы компаниялардың кез келгеніне хабарласа аласыз. Егер өз сақтандыру нүктеңізді ашқыңыз келсе, арнайы оқудан өтуіңіз қажет. Оқу тегін. Әдетте 10 сабақ өткізіледі, сабақтарда оқытушылар Сізді нормативтік-құқықтық актілермен таныстырады және түрлі сақтандыру өнімдері жайлы айтады. Оқудан өткеннен кейін компания сертификат береді және ынтымақтастық туралы шарт жасасады.

Сақтандыру полистерін сату қызметін жүзеге асыру үшін өзіңіздің ЖК-ді ашып, кассалық аппарат сатып алған жөн, себебі Сіз қолма-қол ақшамен жұмыс істейтін боласыз.

Айтпақшы, түрлі сақтандыру компанияларымен неғұрлым көп шарт жасассаңыз, болашақта соғұрлым көп клиент тарта аласыз, өйткені жүргізушілер әдетте автосақтандыруды қалыптасқан әдет бойынша таңдайды. Көлік иелері бір компанияда сақтандырылады, оны сирек ауыстырады. Таңдауға бірнеше компания ұсынатын болсаңыз, клиент Сізден кетіп қалмайды.

Жұмыс орнын ұйымдастырамыз.

Сізге жұмыс орны қажет болатыны түсінікті.

– Басымды қатырған жоқпын, жеке үйім дәл жолдың үстінде тұр, - дейді Наталья. – Жеке кіретін есік жасап, учаскеге ауданы үш шаршы метрлік пластик кабинет орнаттым, оған жалпы 800 доллар жұмсадым. Салған барлық қаражатым осы болды. Үйден үстел, орындықтар, компьютер және принтер әкелдім, телефон желісін қостым. Сөйтіп санаулы күнде жоқ жерден жұмыс кабинетін жасадым.

Компаниялармен байланысу үшін Интернет қажет. Егер компаниялармен шарттар жасасатын болсаңыз, олар автосақтандыру жөніндегі бірыңғай базаны өздері орнатады. Бұл бағдарлама сақтандыру сомасын есептейтін болады, тек клиенттің деректерін дұрыс енгізіп, полистерді дұрыс толтырсаңыз болғаны. Бұл кезде өте мұқият болған жөн, себебі әр бланк қатаң есептілікке алынады. Бланк жоғалтылған жағдайда Сіз жауапкершілік атқарасыз – айыппұл төлейсіз, газеттерге жоғалғаны туралы хабарландырулар жариялайсыз. Қысқасы, шаруасы көп.

Қанша ақша табуға болады?

Енді ең маңызды мәселеге ауысайық: бұл бизнес-идеямен қанша ақша табуға болады?

Егер Сіз тек міндетті автосақтандырумен ғана айналысуды жоспарлап отырсаңыз, аса байып кете қоймайсыз. Себебі Сіздің пайдаңыз нақты бекітілген, заңда көзделген. Егер жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істесеңіз, сақтандырудың көп дегенде 10 пайызын ала аласыз. Ал заңды тұлға ретінде жұмыс істесеңіз, мөлшерлеме көп дегенде 15 пайызды құрайды. Автомобиль жүргізу өтілі кем дегенде 10 жылды құрайтын және тарихы жақсы (жол-көлік апаттарынсыз) жүргізуші үшін автомобильді бір жылға міндетті сақтандырудың орташа құны 20 мыңдай теңгені құрайды. Сіз осындай мәміледен агент ретінде 2000 теңгедей ақша табасыз. Бірақ басқа да өнімдерді, атап айтқанда «сақтандырудың ерікті түрлерін» де сата алсаңыз, жалақыңыз жоғары болады. Мысалға, осындай сақтандыру түрлерінің құны автомобиль сомасының 2-дей пайызын құрайды. Ал Сіздің маржаңыз компаниялармен жасалған шартқа сай белгіленеді, ол 30 пайызға дейін болуы мүмкін. Яғни осындай бір мәміледен Сіз соманың үштен біріндей бөлігін табасыз. Бірақ осындай сақтандыруды сату үшін барлығына беріле бермейтін шешендік және сендіру қасиеттеріне ие болу қажет.

Цифрлармен көрсетілген бизнес

Бизнеске қалай көмектеседі?

«Бизнес жол картасы-2020» бағдарламасы барлығы 30 мың кәсіпкерді қамтиды! Ал Қазақстанда шағын және орта бизнеспен айланысатын белсенді субъектілердің саны – 715 394. 2012 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша үш бағыт бойынша барлығы 1717 өтінімнің субсидиялануы мақұлданды, несиелердің жалпы құны 528,33 миллиард теңгені құрады.

Нужна помощь?