+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Гордий түйіншегін шешу қаншалықты күрделі әрі пайдасыз іс болса, автосақтандырудың мәнісін ұғынуға тырысу да оңайға түсе қоймайды. Алайда осы мәселені түпкілікті шешу үшін «Форум» қолыңызға қылыш береді, яғни ақшаңызды қалай үнемдеп, барынша тиімді сақтандыруды қалай сатып алуға болатыны жөніндегі білім береді.

1. Сақтандырудың ең қажетті опцияларының кейбіреуі өте арзан тұрады.

Автосақтандыру Сіз ойлағаннан арзан болуы мүмкін! Мысалға, жеңілдік кезеңі, жолдарда көмектесу немесе автокөлік иесінің азаматтық жауапкершілігін кеңейтілген түрде сақтандыру сияқты кейбір қабылданған жайттарды аз ақшаға сатып алуға болады. Оның қасында сақтандыру жағдайы орын алған кезде жүйке мен ақшаны үнемдеу мөлшері елеулі болады. Мысалға, НСК-да 150 000 теңгені құрайтын кеңейтілген лимиті бар «Профи+» сақтандыруы бар-жоғы 100 теңге тұрады.

2. Сіздің тарифіңізге көптеген факторлар әсер етуі мүмкін.

Компаниялар өздерінің болашақ ықтимал клиенттерін бағалаған кезде көптеген алуан түрлі критерийлерді пайдаланады. Бұл үрдіс (тәуекелдерді бағалау) андеррайтинг деп аталады. Негізінен бағалау кезінде автомобильді жүргізуге рұқсаттың кімге берілетіні талданады (барлық жүргізушілер топтарға бөлінеді, олардың әрқайсысы компания үшін тартымдылық дәрежесі бойынша бағаланады) және автомобильдерінің маркалары сараланады. Деректер бірдей болған жағдайдың өзінде екі компания түрлі қорытындылар шығаруы және сәйкесінше түрлі тарифтерді ұсынуы мүмкін.

3. Түрлі компаниялардағы сақтандыру бағалары түрлі болуы мүмкін.

Мұның себебі неде? Автосақтандыру – бәсекелестігі өте жоғары бизнес, бұл өзіңіздің талаптарыңызды ұсынуға болатын «сатып алушы нарығы». Сақтандыру бағаларының, сол сияқты нұсқаларының алуан түрлі болуы да содан. Біздің нарықта да осындай жағдай қалыптасып отыр. Дағдарыс кезінде бұл жағдай ерекше өзекті болады.

4. Мерзімін ұзартуды ұмытпаңыз.

Компаниялар шарттарын уақтылы жаңартатын сақтанушыларды артық көреді. Бұл жағдайда (залалсыздық жағдайында) жеңілдіктің мөлшері 20%-ға дейін болуы мүмкін. Айтарлықтай үзіліс (әдетте бір айдан астам) жасалған жағдайда жеңілдікке деген құқықтан айырыласыз.

Егер Сіз көлікті сатып, жаңасын сатып алсаңыз, ескі шартты бұзыңыз, бірақ бұл кезде сыйлықақының қалдығы жаңа шарттың есебіне есептеліп жазылуға тиіс деген талап қойыңыз. Компанияны ауыстыратын болсаңыз, өкінішке орай бұл нұсқаны қолдану мүмкін болмайды.

5. Франшиза сақтандыруды айтарлықтай арзандатуы мүмкін.

Кез келген тарифтік мөлшерлеменің сақтандыру жағдайы туындаған кезде Сіз (немесе Сіз үшін басқа тұлға) қандай соманы төлеуге тиіс болатыны жөніндегі ұсынысқа негізделетінін әр уақытта есте сақтаған жөн. Франшиза түріндегі болашақ ықтимал залалдың бөлігін өзіңізге ала отырып, Сіз сақтандыру компаниясының қаржылық ауыртпалығының бөлігін жеңілдетесіз. Осы үшін ризалық білдіре отырып, компания Сіз үшін міндетті түрде полистің құнын төмендетеді. Ұқыпты жүргізушілердің бұл мүмкіндікті ескермеуі жөнсіз болар.

6. Көптеген факторлар Сізге жеңілдіктің берілуін қамтамасыз етуі мүмкін.

НСК алдыңғы жылдардағы шығынсыз сақтандыру, автомобильдің қауіпсіздік жүйелері (жүргізушінің өмірін сақтауға, сол сияқты автомобильдерді айдап әкетушілерге қарсы тұруға бағытталған жүйелер), сақтандыру құнын толық төлеу (бөліп төлемей) сияқты және т.б. факторлар үшін жеңілдіктер ұсынады.

7. Өтелімнің мөлшері төлейтін сомаңызға тікелей әсерін тигізеді.

Сіздің сақтандыру сыйлықақыңыздың басым бөлігі сақтандырушы өзіне алатын ықтимал тәуекелдерді өтеу міндеттемелерін қамтамасыз етуге бағытталады. Өтелімнің мөлшерін қысқарту (қарапайым тілмен айтқанда ішінара сақтандыру сомасына пропорционал түрде сақтандырылу, бұл жағдай мүлікті сақтандыру кезінде жиі кездеседі) дұрыс емес, себебі сақтандыру жағдайы орын алған кезде сақтандыру өтемақысының мөлшерінен аспай қоймайтын бүкіл залалды өз бетіңізше төлеуге мәжбүр боласыз. Тіпті мысалға үй ішінара өртенсе де, сақтандыру компаниясы әдетте сақтандыру сомасының шегіндегі шынайы залалдың мөлшерін емес, сақтандыру сомасының (қандай сомаға сақтандырғаныңыздың) сақтандыру сомасына (үйдің шынайы құнына) деген қатынасы түріндегі пропорцияны төлейді. Дегенмен бұл егжей-тегжей талаптарды өзіңіздің агентіңізбен келіскеніңіз, кеңседе менеджермен кеңескеніңіз немесе телефон бойынша кеңес алғаныңыз дұрыс болады.

8. Көліктің маркасы тарифіңізге әсерін тигізуі мүмкін.

Барлық сақтандыру компаниялары автомобильдердің белгілі бір модельдерін жөндеу құны жөніндегі деректерді пайдаланады. Егер айдап әкетушілер белгілі бір марканы артық көрсе немесе осы марканы жөндеу құны жоғары болса, әрине мұндай көліктерге жоғары тарифтер белгіленеді. Автомобильді таңдаған кезде осы факторларды ескерген жөн, себебі сақтандыру автомобильге жыл сайын жұмсалатын міндетті шығындардың ең қымбат элементтерінің бірі болып табылады.

Нужна помощь?