+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Жыл сайын күн жылыған кезде жұмыс істейтін қазақстандықтардың бір бөлігі демалыстарын қалай өткізуді ойластырып, жылы жаққа барсам ба, әлде пәтерімді жөндесем бе деп толғанады. Әрине, жаңа түсқағаз бен ламинат емес, шолақ шалбар мен панама таңдап демалысқа қамданған дұрыс.

Бірақ көпшілігіміз миллионер емеспіз ғой, жөндеуді де, демалысты да қалта көтере бермейді. Бұл мақала ауырдың үстімен жеңілдің астымен жүрмей, ЖӨНДЕУ жасауды шешкендерге арналған! Жалпы жөндеу деген жақсы ғой. Сапалы құрылыс материалдарына, жұмысшыларға қомақты қаржы бөліп, интерьердің дизайнына бас қатырсақ, пәтеріміз немесе үйіміз бізді ұзақ жылдар бойы қуантатын болады. Біз осыған үміттенеміз. Жөндеу осы мақсатта жасалады емес пе. Бірақ азаматтардың көбі бір жайтты тасадан тыс қалдырады, жөндеуді сақтандыру қажет!

НСК сақтандыру компаниясы пәтердің өзін, сондай-ақ оның әрлеуін сақтандырудың көптеген нұсқаларын ұсынады. Бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай, қазақстандықтар сақтандырудың бұл түрін жат көреді. Әрине, бұл бекерлік!

Төменде сипатталған жағдайларда пәтердің немесе үйдің әрлеуін сақтандыруды сатып алған жөн:

  1. Пәтерді ипотекаға сатып алған болсаңыз, әрі жөндеуге көп қаражат жұмсасаңыз, жылына кем дегенде 50-140 шартты бірлікке жөндеуді сақтандыру полисін сатып алған жөн. Бұл ақшаға пәтер иесі пәтер мен жөндеудің толық қорғанышын алады. Жөндеуді қалпына келтіру құны жылдан жылға арзандамай, көтеріліп келеді. Пәтерді жөндеу сақтандырылмаған жағдайда әрлеуге елеулі залал келтірілген кезде пәтердің иесі болып табылатын қарыз алушы несиені өтеу шығыстарын ғана емес, пәтердің интерьерін қалпына келтіру шығындарын да төлейді. 
  2. Тұрғын үйді жалға беруге ниеттенсеңіз, пәтерде тұрушылар мүлікке көбінесе немқұрайлы қарайды. Егер бұл кезеңде пәтер зақымдалған болса, оны қалпына келтіруге ақша шығындауға тура келеді. Бұл жағдайда жалдаушылармен соттасқаннан гөрі сақтандырушыдан залалды өтеуді талап еткен әлдеқайда оңай. 
  3. Жоғарыдағы немесе жаныңыздағы көршілер ішкілікке салынатын болса немесе пәтерде жиі жөндеу жұмыстарын жүргізетін болса да жөндеуді сақтандыруды көздеген жөн. 
  4. Төмендегі көршілердің пәтеріне су ағызып алған болсаңыз немесе басқа да зиян келтірсеңіз, ал көршіңіздің пәтерінің интерьері авторлық дизайнмен әрленіп, қымбат жөндеу жұмыстары жүргізілген болса, жөндеуді сақтандыру қажет болады. Үшінші тұлғаларға залал келтіру жағдайын көздей отырып азаматтық жауапкершілікті сақтандыру қажет.

Егер пәтерді дұрыстап жөндеуге ақша тапсаңыз, осы жөндеуді сақтандыру үшін жөндеу құнының шартты 1%-ын да табарсыз.

Нужна помощь?