+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Шетелде дем алу кезінде сақтандыру жағдайы туындаған уақытта жасалатын іс-әрекеттер:

1. Тәулік бойы жұмыс істейтін «Ассистанс» көмек көрсету орталығына қоңырау шалыңыз және берілген нұсқаулықтарды орындаңыз.
2. Көмек орталығының операторына келесі ақпаратты хабарлаңыз:

  • Тегіңізді, атыңызды, шартыңыздың нөмірін, шарттың қолданылу мерзімін; 
  • «НСК» АҚ-да сақтандырылғаныңызды; 
  • Көмекке жүгінген себебіңізді (шағымдарыңызды); 
  • Орналасқан жеріңізді (ел, қала, отель); 
  • "Ассистанс" координаторы Сізге хабарласа алатын телефон нөмірін және кодын хабарлаңыз; 
  • Қажет болған жағдайда, "Ассистанс" орталығына полистің көшірмесін жіберіңіз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

«Assistance» орталығына уақтылы хабарласу және медициналық шығыстарыңызды келісу сақтандыру өтемақысын төлеу талаптары болып табылады. Сақтандыру компаниясы Сервистік компаниямен келісілмеген сақтандыру жағдайлары бойынша жауапкершілік атқармайды және сақтандыру өтемақысын төлеуден бас тартуға құқылы.

Егер Сіз сервистік компаниямен немесе сақтандырушымен келісе отырып, медициналық қызметтердің ақысың өзіңіз қолма-қол ақша түрінде төлеген болсаңыз. Өтемақы алу үшін сақтандыру жағдайының туындағанын растау ретінде НСК-на келесі құжаттарды беру қажет:

  1. сақтандыру жағдайының туындау жағдайлары егжей-тегжейлі сипатталған сақтандыру жағдайы туралы өтініш; 
  2. сақтандыру шартының түпнұсқасы; 
  3. жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі: төлқұжат және ЖСН көрсетілген жеке куәлік. Азаматтығы жоқ тұлғалар үшін – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі; 
  4. фискалды чектердің түпнұсқалары;
  5. тауарлық чектердің, шот-фактураның, ақы төленгені туралы түбіртектің түпнұсқалары (осындай құжаттарда әр медициналық препараттың атауы, процедура, дәрігердің қабылдауы, олардың саны және құны көрсетілуге тиіс);
  6. емдейтін дәрігердің медициналық препараттарды қабылдау, процедуралардан өту, дәрігерлердің қабылдауы жөніндегі тағайындаған, шоттары берілген жолдамалары; 
  7. медициналық қорытындылардың түпнұсқалары; 
  8. мамандандырылған медициналық көлікке жұмсаған шығыстарды растайтын құжаттардың түпнұсқалары; 
  9. сервистік компанияға қоңырау шалғанын растайтын құжаттар (телефондық әңгімелердің басылып шығарылған даналары); 
  10. жұмсалған шығыстардың мөлшерін растайтын дәлелдер ретінде сақтандырушыға қажет болатын басқа да құжаттар; 
  11. құжаттардың орыс немесе мемлекеттік тілге жасалған, нотариалды түрде расталған аудармасы; 
  12. сақтандыру жағдайының туындау фактісін, жағдайларын растайтын құзыретті органдардың құжаттары.

Сақтандырылушы сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру төлемін төлеу жөніндегі өтінішті Қазақстан Республикасының аумағына келген сәттен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде жазбаша түрде беруге тиіс.

Төлемге құжаттар тізімі
Төлемге сақтандыру жағдайы туралы өтініш

Нужна помощь?