+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Су көлігін сақтандыру

Су көлігін сақтандыру

Сақтандырудың бұл түрі кеме иелері мен кемелерді немесе басқа су көліктерін пайдалануға қатысы бар басқа тұлғаларды сақтандыру арқылы қорғауды қамтамасыз етеді. Сақтандыру өтемақысы кеме иесіне тиесілі су көлігіне залал келтіру немесе құртылуы жағдайында, немесе мұндай көлікті пайдаланумен байланысты оның мүліктік мүдделеріне басқа залал келтіру жағдайында төленеді.

Сақтандыру жағдайы

Сақтандыру жағдайы ретінде төменде аталғандардың нәтижесінде су көлігінің зақымдануы, жоғалуы және/немесе жойылуы танылады:

  • кездейсоқ сыртқы соққының әсері;
  • өрт немесе өздігінен жану;
  • көлік оқиғасы, су көлігінің қозғалысы процессінде немесе оның қатысуымен болған, нәтижесінде адамдар жарақат алған немесе қайтыс болған, басқа көлік құралдары, құрылыстар, жүктер зақымданған, немесе басқа материалдық залал тигізілген оқиғалар; 
  • су көлігін ұрлау немесе айдап әкету. Ұрлау ретінде су көлігін кінәлі тұлғамен өз пайдасына немесе меншік иесіне немесе басқа иеленушісіне залал келтірген басқа тұлғалардың пайдасына, пайдақорлық мақсатпен жасалған құқыққа қайшы сұраусыз алу және/немесе пайдалану түсініледі. Айдап әкету ретінде ұрлау мақсатынсыз сақтандырылған су көлігін құқықсыз иелену түсініледі;
  • дүлей апат; 
  • үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы іс-әрекеттері.

Қосымша сақтандыруға болады:

  • залал келтіру немесе портқа мәжбүрлі кіру салдарынан су көлігін құтқару кезіндегі шыққан орынды шығындар;
  • жоғалған деп есептелген немесе рейстің ұзақтығының ең көп мерзімінен асқаннан кейін ол туралы мәліметтер болмаған сақтандырылған су көлігін іздеуді және табуды жүзеге асыру кезіндегі Сақтанушымен шегілген шығындар;
  • сақтандырылған су көлігі апатқа ұшыраған порттың аумағында апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша шығындар;
  • жөндеу кезінде су көлігі орналасқан жерге жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін қажетті жұмыскерлерді, материалдарды, құралдар мен жабдықтарды жеткізу бойынша шығындар, немесе жөндеу жүргізілуі тиіс жерге неғұрлым үнемді тәсілмен су көлігін немесе зақымданған бөлшектерін тасымалдау бойынша орынды шығындар; 
  • жаттығу сапарларына немесе сақтандыру жағдайынан кейін су көлігін тікелей қалпына келтіруден кейін пайдалануға жарамдылығы туралы куәлікті алумен байланысты басқа сапарларға шығу шығындары;
  • оқиға орнынан су көлігінің өз портына немесе оқиға орнына жақын орналасқан қолайлы портқа қайтып келуі. 

Қалай тапсырыс беруге болады?

Біздің мамандар сіздің бюджетті, міндеттеріңізді және бизнесіңіздің ерекшелігін ескеретін жеке сақтандыру бағдарламасын жасайды.

Бұл үшін бізбен келесі телефон арқылы хабарласыңыз:+7 (727) 258-18-00 ішк. 1063 және ұялы: + 7 701 737 70 72 немесе өзіңіздің байланыс деректеріңізді қалдырыңыз және сіздің ұйымға қажет сақтандыруды сипаттаңыз және біздің «НСК» корпоративтік сақтандыру бойынша мамандарымыз сізбен хабарласады. Хабарламаларға арналған мекенжай: corpsales@nsk.kz

Бізбен хабарласыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға толық жауап береміз.
Қаланы таңдаңыз
Қоңырау шалыңыз:
+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін
Сіз бізге хабарлама жібере аласыз, біз Сізбен өзіміз хабарласамыз.
Нужна помощь?