+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Тасымалдаушының АҚЖ МС

Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

Жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындар мен жеке тұлғалар өздері пайдаланатын барлық көлік құралдары бойынша өз жауапкершілігін сақтандыруға міндетті. Бұл тасымалдау кезінде зардап шеккен жолаушылардың мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстанда сақтандырудың бұл түрі 01.07.2003 жылғы №444-ІІ «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» жеке заңымен реттеледі.

Тасымалдаушының АҚЖ сақтандыру кімге қажет?

Міндетті сақтандыруға иеленушілердің – ҚР заңды және жеке тұлғаларының, және де шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі жатады.

Нені сақтандыру қажет?

Сақтандыруға тасымалдаушылардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі жатады.
Сақтандыру арқылы қорғау көліктің келесі түрлерінде жолаушыларды тасымалдауға қолданылады:

  • Темір жол 
  • Теңіз 
  • Ішкі су 
  • Әуе
  • Автокөлік
  • Қалалық электр көлігі

Сақтандыру төлемдері

Бір сақтандыру жағдайы (сақтандыру сомасы) бойынша сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемі құрайды (айлық есептік көрсеткіштерде):

Теңіз және әуе тасымалы бойынша (АЕК)

  • әрбір жәбірленушінің өміріне және денсаулығына келтірілген зиян үшін және ол мыналарға әкеп соқса:
    • қайтыс болуға - 2 000;
    • мүгедектің:
    • I тобы белгіленсе - 1 600;
    • II тобы белгіленсе - 1 200;
    • III тобы белгіленсе - 800;
  • мертігуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектік белгіленбейтін өзге де зақымдалуына - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емдеуге жұмсалған нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ 200-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемінің мөлшері стационарлық емделудің әрбір күні үшін кемінде 1,5 айлық есептік көрсеткішті құрауы тиіс;
  • әрбір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 250-ден көп емес.

Темір жол, ішкі су және автокөлік тасымалы бойынша

  • әрбір жәбірленушінің өміріне және денсаулығына келтірілген зиян үшін және ол мыналарға әкеп соқса:
    • қайтыс болуға - 1000;
    • мүгедектің:
    • I тобы белгіленсе - 800;
    • II тобы белгіленсе - 600;
    • III тобы белгіленсе - 400;
  • мертігуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектік белгіленбейтін өзге де зақымдалуына - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге жұмсалған нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ 200-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемінің мөлшері стационарлық емделудің әрбір күні үшін кемінде 1,5 айлық есептік көрсеткішті құрауға тиіс;
  • әрбір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 250-ден көп емес.

Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша франшиза бір сақтандыру жағдайы бойынша және әрбір зардап шегуші бойынша айлық есептік көрсеткіштің бес еселік мөлшерін құрайды. Келтірілген зиянның мөлшері франшизаның белгіленген мөлшерінен асатын жағдайда, сақтандыру төлемі толық мөлшерде жүзеге асырылады.

Қалай тапсырыс беруге болады?

Біздің мамандар сіздің бюджетті, міндеттеріңізді және бизнесіңіздің ерекшелігін ескеретін жеке сақтандыру бағдарламасын жасайды.

Бұл үшін бізбен келесі телефон арқылы хабарласыңыз:+7 (727) 258-18-00 ішк. 1063 және ұялы: + 7 701 737 70 72 немесе өзіңіздің байланыс деректеріңізді қалдырыңыз және сіздің ұйымға қажет сақтандыруды сипаттаңыз және біздің «НСК» корпоративтік сақтандыру бойынша мамандарымыз сізбен хабарласады. Хабарламаларға арналған мекенжай: corpsales@nsk.kz.

Бізбен хабарласыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға толық жауап береміз.
Қаланы таңдаңыз
Қоңырау шалыңыз:
+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін
Сіз бізге хабарлама жібере аласыз, біз Сізбен өзіміз хабарласамыз.
Нужна помощь?