+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Темір жол көлігі

Темір жол көлігін сақтандыру

Темір жол көлігімен апаттар тұрақты болып тұрады және олар алдын ала ескеру және алдын ала болжау барлық кезде мүмкін болмайтын көптеген себептермен байланысты болады. «НСК» АҚ темір жол көлігінің иелерінің мүдделерін сенімді қорғауды ұсынады.

Сақтандыру объектісі

Сақтандыру объектісі темір жол көлігінің зақымдануымен, жойылуымен және/немесе жоғалуымен, айдап әкету немесе ұрлауды қоса, байланысты сақтанушының мүліктік мүдделері болып табылады.

Сақтандыру жағдайы

Сақтандыру жағдайы — сақтандырылған көліктің зақымдануы, жойылуы немесе жоғалуы, айдап әкетуді, сақтандырылған көлікті ұлап әкету жағдайларында сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті болатын жағдай.

Сақтандырылған темір жол көлігіне тигізілген және келесі қауіп-қатерлердің біреуінен туындаған залалды өтеу бойынша сақтандыру арқылы қорғауды ұсынамыз:

  • кездейсоқ сырттан болған соққының әсері;
  • өрт немесе өздігінен жану (электр жабдығының элементтерінің тұйықталуы нәтижесінде тигізілген залалдан басқа);
  • темір жол көлігінің қозғалысы процесінде немесе оның қатысуымен туындаған, және оның барысында адамдар жарақат алған немесе мерт болған, басқа көлік құралдары, құрылыстар, жүктер зақымданған, немесе басқа материалдық зала келтірілген оқиға ретінде танылатын көлік оқиғасы;
  • темір жол көлігін ұрлау немесе айдап әкету; 
  • дүлей апат; 
  • үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы іс-әрекеттері (айдап әкету немесе ұрлаудан басқа).

Төменде аталғандардың нәтижесінде зақымдану, жоғалу және/немесе жойылу қауіп-қатерлерінен темір жол көлігін қосымша бағаға сақтандыруға болады:

  • жөндеуден кейін темір жол көлігін жүргізіп бейімдеу;
  • жаттығу сапарлары;
  • жаңа конструкцияларды сынақтан өткізу, сондай-ақ арнайы рұқсатты қажет ететін сынақтық, көрсету сапарларын жүргізу.

Қалай тапсырыс беруге болады?

Бұл үшін бізбен келесі телефон бойынша хабарласыңыз:+7 (727) 258-18-00 ішк. 1063. Хабарламаларға арналған мекенжай: corpsales@nsk.kz «НСК» корпоративтік сақтандыру бойынша мамандары сізбен хабарласады.

Бізбен хабарласыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға толық жауап береміз.
Қаланы таңдаңыз
Қоңырау шалыңыз:
+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін
Сіз бізге хабарлама жібере аласыз, біз Сізбен өзіміз хабарласамыз.
Нужна помощь?