+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Титулдық сақтандыру

Меншік құқынан айырылу тәуекелін сақтандыру (титулды сақтандыру)

Жылжымайтын мүлік объектісіне меншік құқын алу кезінде, сондай-ақ аталған объектіні иелену процессінде, меншік иесі алдыңғы мәмілелердің бұзушылықтармен жасалуының салдарынан өзінің сатып алу бойынша мәмілесінің жарамсыз деп танылуы мүмкін болатын тәуекелдерден сақтандырылмаған. Бұл орайда Қазақстанда олардың көмегімен меншік иесінің, тіптен ол адал сатып алушы болып табылатын болса да, жылжымайтын мүлік объектісіне меншік құқынан айырылуымен байланысты туындаған шығындарын өтей алатындай, немесе жартылай болсын шығындарын қайтара алатындай құқықтық құралдары жоқ.

Мұндай залалдан сақтандыруға мүмкіндік беретін жалғыз құрал – бұл меншік құқынан айырылу тәуекелін сақтандыру, немесе басқалай айтқанда титулды сақтандыру шартын жасау.

Сақтандыру объектісі

Сақтандыру объектісі мүлікке меншік құқын тоқтату нәтижесінде залалдың туындау қауіп-қатерімен байланысты мүліктік мүдделері болып табылады.

Сақтандыру сомасы

Сақтандыру сомасы тараптардың келісімімен белгіленеді, бірақ шартты жасау сәтіне аталған жердегі мүліктің нақты құнынан (сақтандыру құнынан) аспайды.

Мүліктің нақты құны ретінде түсініледі:

  • нарықтық құн – мәміленің тараптары мүлік туралы барлық қол жетімді ақпаратқа ие бола отырып, әрекет ететін кезде, бәсекелестік жағдайларында мәміленің негізінде аталған мүлік иеліктен шығарылуы мүмкін неғұрлым ықтимал баға.
  • шарттық құн – шартта көрсетілген, мүлікті сатып алу сәтіне қол жеткізілген тараптармен келісім бойынша белгіленген құн;
  • баланстық құн – есеп беру күніне бухгалтерлік баланста (есепте) көрсетілетін мүліктің бастапқы немесе ағымдағы құны (жинақталған амортизация сомасын есептен шығара отырып).

Франшиза

  • Тараптар шарт қойылмайтын франшиза мөлшерін келісулері мүмкін (белгілі бір мөлшерден аспайтын залалды өтеуден сақтандырушыны босату). Франшиза сақтандыру сомасынан белгілі бір пайыз түрінде немесе тұрақты ақша сомасы түрінде белгіленуі мүмкін.
  • Шарт қойылмайтын франшизаны белгілеу кезінде франшизаның белгіленген мөлшерінен аз немесе тең залал өтелмейді; франшизаның мөлшерінен асатын залал залалдың толық сомасы мен франшизаның белгіленген мөлшерінің арасындағы айырмашылық мөлшерінде өтеледі.

Сақтандыру жағдайы

Сақтандыру жағдайы төменде аталған себептер бойынша соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде бұл мүлікке меншік құқын тоқтату нәтижесінде мүліктен айырылу болып табылады:

  • мүлікке құқықты белгілейтін құжаттарды ресімдеу кезінде оларда қателер жіберу;
  • мүлікті алдыңғы сатып алу-сату шарттарын жасау кезінде қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын бұзу;
  • шектелген өкілеттіктермен және/немесе мұндай құқы жоқ тұлғамен мүлікті сатып алу-сату шартын жасау;
  • сатып алу-сату шартын құқықтық субъектілік емес заңды тұлғамен жасау;
  • кәмелетке толмаған меншік иелерінің құқын бұзушылықпен сатып алу-сату шарттарын жасау;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына қайшылықпен сатып алу-сату шартын жасау;
  • сатып алу-сату шарттарын адастыру нәтижесінде үшінші тұлғалардың әсерімен жасау.

Сақтандыру жағдайы соттың шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап басталған болып саналады.

Бізбен хабарласыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға толық жауап береміз.
Қаланы таңдаңыз
Қоңырау шалыңыз:
+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін
Сіз бізге хабарлама жібере аласыз, біз Сізбен өзіміз хабарласамыз.
Нужна помощь?