+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

ТМҚ сақтандыру

Кәсіпорынның тауар-материалдық құндылықтарын сақтандыру

«Менің бизнесім» сақтандыру бағдарламасы – 1 млн.теңгеге дейінгі сомаға айналымдағы тауарды қоймада сенімді қорғау.
Сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті болатын сақтандыру жағдайлары:

  • өрт және түтін;
  • судан және басқа сұйықтықтардан зақымдану;
  • дүлей апаттар;
  • ұшақтардың және басқа әуе объектілерінің, сондай-ақ олардың сынықтары мен олардан түскен заттардың құлауы
  • жарылыс.

Шарт қойылмайтын франшиза – әрбір сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасынан 10%.

Сақтандыру шартын жасау кезінде тауар-материалдық құндылықтарды «НСК» АҚ өкілімен тексеріп қарау талап етілмейді.

«Табысты бизнес» бағдарламасы – бір шартта барлық керектінің бәрі бар: жылжымайтын мүлікті, тауарды және жауапкершілікті сақтандыру!

Нені сақтандыруға болады?

  • Ішкі әрлеуімен жылжымайтын мүлікті (сақтандырудың міндетті объектісі);
  • Жылжымалы мүлік (қоймадағы және айналымдағы тауарды қоса, азық-түлік өнімдерінен басқа);
  • Үшінші тұлғалардың алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілік.

Шарт келесілерден болатын залалдарды өтейді:

  • өрт және түтін, газдың жарылуы;
  • судан және басқа сұйықтықтардан зақымданулар;
  • найзағайдың түсуі, дүлей апаттар, жер сілкінісінен басқа;
  • жер сілкінісі;
  • үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы іс-әрекеттері;
  • ұрлық, тонау;
  • ұшуы басқарылатын ұшу аппараттарының, ағаштардың немесе басқа бөгде объектілердің құлауы, жер үстіндегі көлік құралдарының немесе өздігінен жүретін машиналардың соғып кетуі, қақтығысуы, соққысы.

НСК-да тауар-материалдық құндылықтарды сақтандырудың артықшылықтары:

  • «Табысты бизнес» бағдарламасы – жеңілдік тарифтері салынған және басқа компаниялар ұсынбайтын қосымша сервис қызметтері қосылған сақтандыру өнімі.
  • Тәуекелдердің ауқымды жиынтығы қорытынды бағада елеусіз көрінеді.
  • Шарт бір жыл мерзімге жасалады.
  • Төленген сақтандыру сыйақысы фирманың салық салынатын табысын азайтады.

Қалай тапсырыс беруге болады

Біздің мамандар сіздің бюджетті, міндеттеріңізді және бизнесіңіздің ерекшелігін ескеретін жеке сақтандыру бағдарламасын жасайды.

Бұл үшін бізбен келесі телефон арқылы хабарласыңыз:+7 (727) 258-18-00 ішк. 1063 және ұялы: + 7 701 737 70 72 немесе өзіңіздің байланыс деректеріңізді қалдырыңыз және сіздің ұйымға қажет сақтандыруды сипаттаңыз және біздің «НСК» корпоративтік сақтандыру бойынша мамандарымыз сізбен хабарласады. Хабарламаларға арналған мекенжай: corpsales@nsk.kz

Бізбен хабарласыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға толық жауап береміз.
Қаланы таңдаңыз
Қоңырау шалыңыз:
+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін
Сіз бізге хабарлама жібере аласыз, біз Сізбен өзіміз хабарласамыз.
Нужна помощь?