+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Жарқын Қабыкенұлы Әлжанов – 1998 жылдан бастап «МСК» АҚ Басқарма Төрағасы
Сақтандыру саласында 16 жылдық тәжірибесі бар. 1993-1998 жылдары Қазақ акционерлік Центрбанкінде (қазіргі – «Банк ЦентрКредит» АҚ басшылық қызметтерін атқарған. 1998 жылы Жарқын Әлжанов «МСК» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалған.

Жарқын Әлжанов 1997 жылы «Жалпы және стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша ІӘМ дәрежесін алып, Нидерландтағы Маастрихт Менеджмент Мектебін (MaastrichtSchoolofManagement, Netherlands), Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті (бұрынғы - ҚазМАУ) жанындағы Нарық институтын бітірген, 2002 жылы Экономика және менеджмент бойынша магистр дәрежесін, ал 2008 жылы Халықаралық Бизнес Академиясында ІӘД дәрежесін алды.

Сонымен қатар экономика және қаржылық құралдармен жұмыс саласындағы көптеген тренингтер мен біліктілікті арттыру курстарын тәмамдаған.

Таңгүлі Хәкімқызы Байғамытова – Басқарма Төрағасының Орынбасары

Компанияда 1997 жылдан бері жұмыс істейді.

Кәсіби қаржыгер. Қазақ акционерлік Центрбанкінде (қазіргі – «Банк ЦентрКредит» АҚ) және «Нефтебанк» ААҚ басшылық қызметтерін атқарған. 1998 жылы «МСК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Таңгүлі Байғамытова екі оқу орнын тәмәмдаған: Алматы есеп-кредит техникумын бітіргеннен кейін бухгалтер, Алматы халық шаруашылығы институтын аяқтағаннан кейін экономист.

Александр Сергеевич Тулешов – Басқарма Төрағасының Орынбасары.

Компанияда 2007 жылдан бері жұмыс істейді.

2001 жылы жеке компанияда заңгерлік тәжірибесін бастаған. 2003 жылдан бері «Қазақстанның даму банкі» АҚ заң басқармасында жұмыс істеді. 2007 жылдан бастап «МСК» АҚ басшылық қызметтерді атқарады, Компания қызметінің құқықтық қосталуына, сақтандыру төлемдеріне, сатылымнан кейінгі қызмет көрсетуге, қайта сақтандыруға, сақтандыру брокерлерімен жұмыс істеуге жетекшілік етеді.

Александр Тулешов Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Халықаралық құқық» мамандығын тәмәмдаған. 2003-2005 жылдары Нидерландтағы Маастрихт Менеджмент Мектебінде (MaastrichtSchoolofManagement, Netherlands) оқыған, ІӘМ дәрежесі бар.

Айдар Болатұлы Әукенов – Басқарма Төрағасының Корпоративтік клиенттермен жұмыс істеу жөніндегі орынбасары.

Компанияда 2003 жылдан бері жұмыс істейді.

Сақтандырушының кәсіби мансабын 2003 жылы ЖОО бітіргеннен кейін «МСК» АҚ бастаған. 2007 жылдан бері компанияда басшылық қызметтер атқарып келеді, корпоративтік сатылымдарға, оның ішінде, ғаламдық клиенттердің сатылымдарына, қаржылық институттарға және автокөлік салондарына, негізгі жобаларға және VIP аненттіктердің қызметіне жетекшілік етеді.

Айдар Әукенов 2005 жылы әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «Математик. Бизнестегі ақпараттық жүйелер саласындағы маман» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006 жылдан бері Қазақстан Республикасының лицензияланған Актуарийі болып табылады, 2008 жылдан бері «Қазақстан Актуарийлерінің Қоғамы» ҚБ Басқармасының мүшесі. SolvencyII бойынша сертификаты бар.

 

Нужна помощь?