+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Туристік оператор мен туристік агенттің АҚЖ МС

Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру туристік қызметпен, Қазақстанның ішінде және шетелге туристерді жіберумен айналысатын әрбір туристік компанияға және туроператорға қажет. Туроператордың және турагенттің жауапкершілігін сақтандыру туристік компания тарапынан туристердің алдында міндеттемелерін орындамаған жағдайда туристердің мүліктік немесе басқа мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

Сақтандыру Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №513-ІІ «Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңының негізінде жүзеге асырылады.

Өтем кімге төленеді?

Пайда алушы туристік қызмет көрсетумен байланысты туроператормен немесе турагентпен залал келтірілген турист болып табылады, ал турист қайтыс болған жағдайда – оның мұрагерлері.

Қандай жағдайларда сақтандыру өтемі төленеді?

Сақтандыру жағдайы ретінде туристік қызметтерді көрсету кезінде туристің мүліктік немесе басқа мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша туроператордың немесе турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактысы танылады. Сақтандыру жағдайы туроператормен немесе турагентпен келтірілген залалды өтеу туралы соттың шешімінің заңды күшіне ену немесе олармен туристің залалды өтеу туралы талабын негізді деп тану және туроператормен немесе турагентпен талаптардың мойындаумен сақтандырушының келісу сәтінен бастап басталған болып саналады.

Ерекшелік! Өтелуге моральдық залал, ұтылған пайда, тұрақсыздық төлемін төлеу жатпайды.

Сақтандыру құны мен сақтандыру сомаларының (төлемдердің) мөлшері:

  Сақтандыру сомасының (төлемнің) мөлшері Сақтандыру құны
Туроператор 4 000 АЕК аз емес
және 10 000 АЕК көп емес
Сақтандыру сомасынан 2%
Турагент 2 000 АЕК аз емес
және 5 000 АЕК көп емес
Сақтандыру сомасынан 2%

Сақтандыру төлемінің мөлшері сақтандырушымен туристің талап ету сомасына немесе тигізілген залалды өтеу туралы заңды күшіне енген соттың шешіміне сүйене отырып анықталады, және сақтандыру шартымен белгіленген сақтандыру сомасының мөлшерінен аспауы тиіс.

Төлемдер кезінде шарт қойылмайтын франшиза қолданылады – бір сақтандыру жағдайы бойынша және әрбір турист бойынша айлық есептік көрсеткіштің бес еселік мөлшері. Туристің өмірі мен денсаулығына келтірілген залал үшін сақтандыру төлемі франшизаны қолданбай жүзеге асырылады.
 

Қалай тапсырыс беруге болады?

Бұл үшін бізбен келесі телефон арқылы хабарласыңыздар:+7 (727) 258-18-00 ішк. 1063. Хабарламаларға арналған мекенжай: corpsales@nsk.kz. «НСК» корпоративтік сақтандыру бойынша мамандары сіздермен хабарласады.

Бізбен хабарласыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға толық жауап береміз.
Қаланы таңдаңыз
Қоңырау шалыңыз:
+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін
Сіз бізге хабарлама жібере аласыз, біз Сізбен өзіміз хабарласамыз.
Нужна помощь?