+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Жеке нотариустардың АҚЖ МС

Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру

Міндетті сақтандыруға нотариалдық іс-әрекеттерді жүзеге асыру лицензиясына ие жеке нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі жатады.

Қазақстанда жеке нотариустарды міндетті сақтандыру 2003 жылғы 11 маусымдағы №435-ІІ «Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» жеке заңымен реттеледі.

Жеке нотариустың нотариалдық iс-әрекеттердi жасау нәтижесiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүдделерi жеке нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру объектiсi болып табылады.

Сақтандыру жағдайы не болып табылады?

Жеке нотариуспен нотариалдық iс-әрекеттердi жасау нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың мүліктік мүдделеріне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактысы.

Сақтандыру құны

Сақтандыру сыйақысының мөлшері тараптардың келісімімен белгіленеді, бірақ сақтандыру сомасынан 4,5% аспайды.

Сақтандыру сомаларының мөлшерлері

Жеке нотариустардың АҚЖ міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері құрауы тиіс:

  • Республикалық маңызы бар қаланың және астана аумағында қызметін жүзеге асыратын нотариустар үшін 1000-еселік АЕК кем емес.
  • басқа нотариустар үшін 500-еселік АЕК кем емес.

Сақтандыру төлемі моральдық залал, ұтылған пайда немесе тұрақсыздық айыбын өтеуді қарастырмайды.
Сақтандыру төлемі нақты залал мөлшерінде жүзеге асырылады, бірақ сақтандыру сомасынан көп емес.
Сақтандыру төлемінің мөлшері Сақтандырушымен тигізілген залалды өтеу туралы заңды күшіне енген сот шешіміне немесе үшінші тұлғалардың талап сомаларына сүйене отырып, анықталады

Қалай тапсырыс беруге болады?

Бұл үшін бізбен келесі телефон арқылы хабарласыңыздар:+7 (727) 258-18-00 ішк. 1063. Хабарламаларға арналған мекенжай: corpsales@nsk.kz. «НСК» корпоративтік сақтандыру бойынша мамандары сіздермен хабарласады.

Бізбен хабарласыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға толық жауап береміз.
Қаланы таңдаңыз
Қоңырау шалыңыз:
+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін
Сіз бізге хабарлама жібере аласыз, біз Сізбен өзіміз хабарласамыз.
Нужна помощь?