+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

КҚИ АҚЖ ЕС шарттарының иелері сақтандыру жағдайына ұшыраған кезде жасайтын іс-әрекеттерінің тәртібі:

Шарттың шарттарына сәйкес, сақтандыру жағдайы кезінде КҚИ АҚЖ ЕС шартының иеленушілеріне қажет:

  1. Дереу, бірақ көлік оқиғасының орын алғаны және сақтандыру жағдайының туындағаны туралы белгілі болған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей КҚИ АҚЖ ЕС шартын жасасқан сақтандырушыға бұл туралы қолжетімді тәсілмен (ауызша, жазбаша түрде) хабарлауға тиіс. Ауызша түрде жасалған хабарлама кейін (72 сағат ішінде) жазбаша түрде расталуға тиіс. Сақтанушы және сақтандырылушы бір тұлға болмаған жағдайларда сақтандырушыға көлік оқиғасының орын алғаны және сақтандыру жағдайдың туындағаны туралы хабарлау міндеті сақтандырылушыға жүктеледі. Егер дәлелді себептер бойынша аталған іс-әрекеттерді жасауға сақтанушының (сақтандырылушының) мүмкіндігі болмаса, ол мұны құжат түрінде растауға тиіс;
  2. Зардап шеккендерге және жол полициясының қызметкерлеріне КҚИ АҚЖ ЕС шартын жасасқан сақтандырушының атауын және орналасқан жерін хабарлауға тиіс;
  3. Ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту үшін қалыптасқан жағдайларда қисынды және қолжетімді болатын шараларды, соның ішінде мүлікті құтқаруға жән зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуге бағытталған шараларды қолдануға;
  4. Жол-көлік оқиғасы болған жерге құзыретіне қарай тиісті органдар мен ұйымдарды (ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелерін, мемлекеттік өртпен күрес қызметінің органдарын, жедел медициналық жәрдем қызметін, апаттық қызметтерді) шақыруға тиіс;
  5. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес белсенді психикалық затты тұтыну фактісін және масаю күйінде болған-болмағанын анықтау үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның жазбаша жолдамасын алған сәттен бастап екі сағаттан кешіктірмей медициналық куәландырудан өтуге тиіс;
  6. Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының орын алғаны туралы хабарланған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей зардап шеккен адамға бұл туралы хабарлауға тиіс;
  7. Сақтандыру жағдайының туындағаны үшін жауапты тұлғаға кері талап ету құқығының сақтандырушыға өтуін қамтамасыз етуге тиіс.

Көлік құралының зақымдарын тіркеп жазу үшін КҚИ АҚЖ ЕС шарттарының иелері жол-көлік оқиғасы болған жерге міндетті түрде апат комиссарын шақыртуға тиіс.

Сақтандыруға арналған төлем туралы өтініш
Зардап шегушіге арналған сақтандыру төлемі туралы өтініш

Нужна помощь?