+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Жүктер

Жүктерді сақтандыру

Мүліктік сақтандырудың бұрыннан келе жатқан түрлерінің бірі жүктерді сақтандыру болып табылады. Тауарды/жүкті жеткізуді қарастыратын маңызды мәміленің сақтандыру арқылы қорғауды қамтамасыз етпей жасалатындығын елестету мүмкін емес.

Жүктерді сақтандырудың өзектілігі

  • Жүктерді құрлық, су немесе әуе бойынша тасымалдаумен байланысты сіздің мүліктік мүдделеріңізді қорғау.
  • Тасымалдау кезіндегі жүктің жартылай немесе толық жойылу қауіп-қатерлерінің болуы (техногендік, табиғи, үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы іс-әрекеттері және т.б.).

Сақтандыру өтелімі

Жүктерді сақтандыру келесі қауіп-қатерлер санаттары бойынша жүргізіледі:

А — «барлық тәуекелдер үшін жауапкершілікпен»
В — «жеке апат үшін жауапкершілікпен»
С — «зақымдану үшін жауапкершіліксіз, қирау (тек толық жойылу) жағдайларынан басқа).

Сақтандыру сомасы

Жүктің нақты құнын растайтын құжаттардың негізінде анықталады.
Сақтанушының тілегі бойынша сақтандыру сомасына қосымша кіргізілуі мүмкін:

  • коммерциялық инвойсқа сәйкес жүктің құны;
  • көлік құжаттарының негізінде анықталатын тасымалдау төлемі (CMR–жүкқұжаты, MAWB–жүкқұжаты, т/ж жүкқұжаты, тауар-көліктік жүкқұжат, көліктік инвойс, коносамент)
  • жүктің келісімшарттық құнының 10% аспайтын мөлшердегі жүктің құны;
  • құжаттамамен расталған жолдағы жүкті транзиттік күзетумен, сақтаумен байланысты басқа да шығындар, бірақ жүктің құнынан 20% көп емес. 

Сақтандыру тарифі

«НСК» мамандарымен тасымалданатын жүктің түріне, көлік құралының түріне, тасымалдау тәсіліне, тасымалдау маршрутына, тасымалдау көлемі мен басқа да факторларға байланысты сақтандыру сомасынан пайыздарда белгіленеді.

«НСК» артықшылықтары

  • Жүк-көлікті сақтандыру саласында 12 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Қазақстанның барлық ірі қалаларында апаттық комиссарлардың болуы;
  • Қазақстанның ірі тасымалдау және экспедиторлық компанияларымен ынтымақтастық.
  • НСК – Қазақстанның барлық сақтандыру компанияларының арасында жүктерді сақтандыруда төлемдердің көлемі бойынша көшбасшы.

Қалай тапсырыс беруге болады

Біздің мамандар сіздің бюджетті, міндеттеріңізді және бизнесіңіздің ерекшелігін ескеретін жеке сақтандыру бағдарламасын жасайды.

Бұл үшін бізбен келесі телефон арқылы хабарласыңыз:+7 (727) 258-18-00 ішк. 1063 және ұялы: + 7 701 737 70 72 немесе өзіңіздің байланыс деректеріңізді қалдырыңыз және сіздің ұйымға қажет сақтандыруды сипаттаңыз және біздің «НСК» корпоративтік сақтандыру бойынша мамандарымыз сізбен хабарласады. Хабарламаларға арналған мекенжай: corpsales@nsk.kz

Бізбен хабарласыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға толық жауап береміз.
Қаланы таңдаңыз
Қоңырау шалыңыз:
+7 (727) 258 1800
2258 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін
Сіз бізге хабарлама жібере аласыз, біз Сізбен өзіміз хабарласамыз.
Нужна помощь?