РУС

Award.kz ұлттық интернет-жүлдесіндегі Гран-при

НСК сайты Award.kz Ұлттық интернет-премиясының төрт аталымын ұтып алды. Компания Гран-При иегері атанып, сонымен қатар «Корпоративтік сайттар», «Маркетингтік әлеуеті үздік сайт» және «Көрермендер көзайымы» санаттары бойынша үздік деп танылды.

AWARD.kz ұлттық интернет премиясы— бұл 2002 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан қазақстандық веб-сайттардың жыл сайынғы байқауы. Жыл сайын премия интернет-ресурстардың ақпарат сапасын, дизайны мен техникалық орындалуын бағалай отырып, үздік сайттарды анықтайды.

Марапатқа ие болған қандай жақсы! Біз премия ұйымдастырушыларына, sms-дауыс берудің қатысушыларына және әділ қазы мүшелеріне еңбегімізді жоғары бағалағаны үшін алғыс айтамыз.

Әсіресе клиенттеріміз бен қолданушыларымызға деген алғысымыз шексіз! Сіздердің қолдауларыңыз, сын мен пікірлеріңіздің арқасында біз осындай нәтижеге қол жеткіздік.