РУС

Сұрақтар мен жауаптар

При наступлении СС необходимо:

  • Предпринять все необходимые меры для выяснения причин, хода и последствий СС;
  • Незамедлительно вызвать представителя страховой компании (аварийного комиссара) на место СС;
  • Не позднее 24 часов сообщить о случившемся в соответствующие уполномоченные органы в письменной или иной законной форме;
  • Не позднее 3х рабочих дней в письменной форме сообщить о случившемся страховщику.

● Пәтердің құрастырылымдық элементтері (бұдан әрі "Құрастырылым"), соның ішінде терезе және есік құрастырылымдары (бөлме аралықтарын қоспағанда), жылу, су, канализация, газ жүйелерінің құбырлары;

● Пәтердің өңдемесі, атап айтқанда сылау және сырлау жұмыстарының барлық түрлері, соның ішінде илеу жұмыстары; қабырғаларды, төбені, еденді жабындау, бөлме аралық есік құрастырылымдары, соның ішінде әйнектеу, бөлмеаралық терезе құрастырылымдары; кіріктірілген жиһаз

● Техникалық жабдық: типтік емес жылу (соның ішінде қыздырылатын еден, төбе, қабырғаларды жылыту), бақылау және күзету (соның ішінде камералар, домофондар), ауаны желдету, баптау, сумен жабдықтау (соның ішінде бітеу құрылғылары, раковиналар, ванналар, душ кабиналары, т.б.), канализация (соның ішінде әжетхана бөлмелеріне арналған сантехникалық жабдық), қалдықтарды төгу (қоқыс құбыры), газбен жабдықтау (соның ішінде арматура, газ бағандары, плиталар), электрмен қоректендіру, соның ішінде әлсіз токты (антенна, телефон, сигнал бергіштер, радио және т.б.) жүйелері, өзге де жабдықтар.

Мүлікті келесі тәуекелдерден сақтандыруға болады:
●  Өрт және түтін, газдың жарылуы;
●  Табиғат апаттары (жер сілкінісін қоспағанда);
●  Ұшқыш басқаратын ұшу аппараттарының, ағаштардың немесе бөгде объект денелерінің құлауы; құрлықтағы КҚ немесе өздігінен жүретін машиналардың адамды қағып кетуі, соғылуы, түйісуі;
●  Үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы қылықтары – қарақшылық, бұзақылық,  вандализм;
●  Судан зардап шеккен кездегі азаматтық-құқықтық жауапкершілік.

Мүлікті ЕС шартын жасау үшін қажетті құжаттар:

  • ЖСН көрсетілген жеке куәлік (төлқұжат) немесе заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік;
  • сауалнама-өтініш (компания кеңсесінде толтырылады);
  • сақтандырылған мүлікті қарау және бағалау акті;
  • Сақтанушының жылжымайтын мүлік объектісіне меншік құқығын растайтын құжатының көшірмесі немесе жылжымайтын мүлікті жалға беру шарты.

Мүлікті сақтандыру бағдарламасы бойынша төлемдерді рәсімдеу үшін қажетті құжаттар:

  • Өтініш;
  • Полис (көшірмесі);
  • Сақтандыру шарты (көшірмесі);
  • Қосымша келісім немесе қосымша;
  • Сақтандыруға өтініш беру;
  • Мүлікке құқық белгілейтін құжаттар.

Өрт жағдайында:

  • Өрт туралы акт (мөрмен куәландырылған);
  • Өрт-техникалық сараптама;

Су басқан жағдайда:

  • ПИК акті;
  • Сақтандыру жағдайының туындағанын растайтын құжаттардың уәкілеті органдар куәландырған көшірмелері;
  • Тауардың болуын, құнын растайтын құжаттар (инвойс, шот-фактура);
  • Авариялық комиссардың қарап шығу акті;
  • Зиянды бағалау туралы есеп.
     

Мүлікті сақтандыру бағдарламасы бойынша төлем жасау ісін қарау мерзімдері шарт тармақтарына сәйкес анықталады. Әдетте қарау мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды.

ҚР сақтандыру заңнамасына сәйкес әрбір КҚ иесі өзінің үшінші тұлға алдындағы жауапкершілігін сақтандыруы тиіс. Яғни егер ЖКО орын алып, үшінші тұлғаларға залал келген болса, онда ЖКО кінәлі тұлғаның сақтандыру компаниясы зардап шеккендерге зиянның өтемін төлейді.

Полис құнын есептеу үшін келесі деректер қажет:

1. ЖСН, оның көмегімен Сіздің бонус-малусыңыздың класын анықтаймыз;
2. Көлігіңіздің тіркелген орны және типі;
3. Сіздің жасыңыз және көлік жүргізу өтіліңіз, қандай жеңілдіктеріңіз бар?

Қосымша түрде, НСК калькуляторы парақшасының сілтемесі бойынша өтіп, Полисіңіздің құнын өз бетіңізбен есептей аласыз.

Бонус-малус — (латын тілінен аударғанда «жақсы-жаман») сақтандыруда қолданылатын, сақтандыру жағдайларының тарихына қарай клиенттің сақтандырушыға төлейтін сақтандыру сыйақысын өзгерте алатын жеңілдіктер жүйесі. Бонус-малус класы авариясыз қозғалыс кезінде өсіп, клиент кінәсінен ЖКО орын алған жағдайда төмендеп отырады. Осылайша КҚИ АҚЖ МС құны бонус-малусқа қарай төмендеп немесе өсіп отырады. 

КҚИ АҚЖ МС рәсімдеу үшін қажетті құжаттар: жеке куәлік/ төлқұжат (барлық сақтандырушыларда), жүргізуші куәлігі (барлық сақтандырылушыларда), КҚ  техпаспорты.

Егер сақтандыру полисіне бір ғана КҚ енгізілген болса, онда бұл сақтандыру полисіне бірнеше адамды қосып жазуға болады. Сондай-ақ егер сақтандырылушы бір ғана адам болатын болса, онда полиске бірнеше КҚ қосып жазуға болады.

Шартты бұзу және жаңа полис жасау кезінде полисті қайта рәсімдеуге болады. Бұл рәсім Негізгі сақтанушының қатысуымен ғана өткізіледі. КҚИ АҚЖ МС шартын қайта рәсімдеу/ бұзу үшін Сізге ескі полисті рәсімдеген компания кеңсесіне келіңіз немесе Сізге ең жақын орналасқан НСК кеңсесіне жүгініңіз  http://nsk.kz/kk/contacts/. Өзіңізбен бірге келесі құжаттарды ала келіңіз: жеке куәлік (төлқұжат), жүргізуші куәлігі, тех. паспорт, полис. 

КАСКО –бұл КҚ сақтандырудың ерікті түрі. Бұл жағдайда машина түрлі зардаптардан сақтандырылады.

КАСКО сақтандыру бағасы Сіз таңдаған бағдарламаға, КҚ шығарылған жылына, КҚ құнына, тіркелген аумағына, т.б.жағдайларға байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Құнын сілтемеге өту арқылы есептеуге болады.

Сақтандыру жағдайларының тізімі Сіз таңдаған бағдарламаға байланысты болады. 
Әдетте КАСКО бойынша сақтандыру жағдайларына келесі тәуекелдер жатады:

  • ЖКО;
  • көлікке бөгде денелердің құлауы немесе түсуі;
  • өртену, жарылу;
  • найзағай түсуі, табиғат апаттары;
  • үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері.

КАСКО полисін бөліп төлеуге болады. Төлеу мерзімдері сақтандыру жөніндегі менеджермен келісіледі. 

ЖО сақтандыру шарты 1 (бір) күннен бастап 12 айға дейінгі мерзімге жасалады.

ЖО сақтандыру шарты сақтандыру сыйақысы төленген күннен кейінгі күннен бастап күшіне енеді. Сонымен бірге сақтандыру сыйақысын немесе сақтандыру жарнасын төлеген күн Сақтандырушының банк шотына ақша түскен күн болып саналады.

  • Сақтанушы Сауалнама-өтініш толтыруы тиіс.
  • Жеке куәлік/ Сақтанушының (жеке тұлға) төлқұжаты.
  • Құқық белгілеуші құжаттар (егер Сақтанушы заңды тұлға болса болса).
  • 16 бастап 65 жасқа дейінгі тұлғалар үшін -Сақтандырылушы жеке куәлігінің (төлқұжат) түпнұсқасы (көшірмесі).
  • 1 бастап 16 жасқа дейінгі тұлғалар үшін -Сақтандырылушы төлқұжатының (туу туралы куәлік) түпнұсқасы (көшірмесі).
  • Көлік құралын пайдаланумен байланысты тәуекелдерді сақтандыру үшін - көлік құралын тіркеу туралы куәлік.

Жазатайым оқиғалардан сақтандырылмайтындар: 
65  жасқа толған тұлғалар (Шарт жасау сәтінде), бір жасқа толмаған сәбилер, мүгедектер немесе созылмалы аурулармен ауыратын адамдар, ВИЧ – инфекция жұқтырған, маскүнемдікке салынған адамдар.

Түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатырғандар, сондай-ақ мерзімді әскери қызметтен, әскери жиындардан, т.б. өту үшін әскерге шақырылғандар сақтандырылмайды.

Шартты Сақтандырушыға бұзу күнінен кем дегенде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын міндетті түрде жазбаша хабарлама жолдау арқылы мерзімінен бұрын бұзуға болады.

I, II топ мүгедектігі бар адамдар үшін бұл сақтандыру түрі рәсімделмейді.

  • Созылмалы аурулар, онкология; 
  • Жүктілікке (соның ішінде асқынуларға) және жүктіліктің үзілуіне қатысты шығындар (жүктілігі 12 аптадан аспайтын мерзімдегі Сақтандырылушының өміріне тікелей қауіп төндіретін жазатайым оқиғаларды қоспағанда);
  • Босану және босануға көмек беруге қатысты шығындар;
  • Күнге күю;
  • Күнге күюге байланысты туындаған аллергиялар мен дерматит;
  • Қант диабеті (I және II типті);
  • Қанды бүйректен тыс тазартуды талап ететін созылмалы бүйрек жетіспеушілігі.

НСК компаниясымен екі ассистанс-компания жұмыс жасайды: Акдениз Аларм (Түркия)
Балт -Ассистанс (Ресей). Дәл осы компаниялар НСК клиенттерінің әлемнің барлық елдерінде медициналық қамтылуын қамтамасыз етеді.

НСК компаниясы өз клиенттеріне шетелге шығушыларды сақтандыру полисін «онлайн» -мейлінше тез, ыңғайлы және арзан бағамен сатып алудың бірегей мүмкіндігін ұсынады. Шетелге шығушыларды сақтандыру полисін рәсімдеу үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Полистің электронды нұсқасы қағаз нұсқасымен теңдес.  Сіз өзіңізбен бірге сапарға шетелге шығушылардың сақтандырудың электронды полисін де, оның қағаз нұсқасын да алып шыға аласыз. Осыған қоса сапарға өзіңізбен бірге "Сақтандырылушыға арналған жадынаманы" алып шығуға кеңес береміз. Ол шетелге шығушы әр клиентке полис сатып алғанда беріледі.

Әртүрлі елдердің елшіліктерінде/ консулдықтарында виза рәсімдеуде туристерге әртүрлі талаптар қойылады. НСК өз клиенттеріне елшіліктерге шетелге шығушылардың сақтандырудың бірегей бланктерінде басып шығарылған полистерді ұсынуға кеңес береді.

Егер сіз шетелге шығушыны сақтандыру полисін «онлайн» сатып алған болсаңыз, қолыңызда сақтандыру полисінің электронды нұсқасы ғана болса, полистің ресми бланктегі телнұсқасын алу үшін НСК ең жақын орналасқан кеңсесіне жүгінуге кеңес береміз.

Полистің телнұсқасы тек бір данада беріледі. Егер әр сақтандырылған адам үшін бөлек полис қажет болатын болса, әр адамға бір-бірден бірнеше полисті рәсімдеуді ұсынамыз.

Көлік құралын дереу тоқтатып (орнынан қозғамау), ЖЖҚ 7.2-тармағының талаптарына сәйкес апаттық жарық дабылшамын жағып, апатты тоқтау белгісін (жарқылдаушы қызыл қолшам) беріп, оқыс оқиғаға қатысы бар заттарды қозғауға болмайды.

Дәрігер келгенге дейін зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетудің ықтимал мүмкіндіктерін қабылдап, «жедел медициналық жәрдем» шақырып, төтенше жағдайларда жолшыбай көліктермен зардап шегушілерді жөнелтіп, ал егер мүмкін болмаса, өзінің көлік құралымен ең жақын орналасқан емдеу мекемесіне жеткізу, өзінің тегін, көлік құралының тіркелу таңбасын (тұлғаны куәландыратын құжатты немесе жүргізуші куәлігін және көлік құралының тіркеу құжатын көрсете отырып) хабарлап, сосын оқиға орнына оралу қажет.

Болған жағдай туралы ең жақын орналасқан ішкі істер органына хабарлап, куәлардың тектері мен мекенжайларын жазып алып, ішкі істер органдарының қызметкерлері келгенше күту қажет.

ЖКО орнына сақтандыру компаниясының өкілі — Авариялық комиссарды шақыру қажет.

Сақтандыру жағдайы туындағанда авариялық комиссарды міндетті түрде шақыру қажет. Біздің қызметкеріміз КҚ барлық ақауларын тіркеп қана қоймай, төлем алу үшін бұдан әрі қандай әрекеттер орындау қажеттігі туралы кеңес береді.

Жедел медициналық көмек алу үшін медициналық мекемеге жүгініп, содан соң 
3 (үш) жұмыс күні ішінде сақтандырушыға СЖ туындағаны туралы хабар беріп, төлем алу үшін құжаттар жиынтығын жинауы тиіс.

СЖ туындағанда орындалатын әрекеттер:

  • СЖ себептерін, барысын және салдарын анықтау үшін қажетті барлық шараларды қабылдау.
  • СЖ орнына дереу сақтандыру компаниясының өкілін (авариялық комиссарды) шақыру.
  • 24 сағаттан кешіктірмей болған жайт жөнінде тиісті уәкілетті органдарға жазбаша немесе басқа заңды нысанда хабарлау.
  • 3 жұмыс күнінен кешіктірмей болған жайт жөнінде сақтандырушыға жазбаша нысанда хабарлау.

КҚИ АҚЖ МС бойынша төлемдерді рәсімдеу үшін қажетті құжаттар:

  • Өтініш;
  • Полис (түпнұсқа);
  • Тех. паспорт (көшірме);
  • Жүргізуші куәлігі (көшірме);
  • Жеке куәлік (көшірме);
  • Пайда алушының банк деректемелері;
  • Көлік басқаруға берілген сенімхат немесе жолпарақ (көшірме);
  • Медициналық куәландыру қорытындысы (түпнұсқа);
  • Авариялық комиссардың хаттамасы;
  • ЖЖҚ бұзу туралы хаттама;
  • ЖКО сызбасы;
  • ЖКО қатысушылардың түсініктемелері;
  • Әкімшілік соттың заңды күшіне енген қаулысы немесе Сот үкімі. Іс сотқа жолданбаған жағдайда — ІІД ЖПБ немесе басқа құзыретті органның қаулысы (түпнұсқа).

Зардап шегушінің/ пайда алушының қажетті құжаттарының тізбесі:

  • Өтініш;
  • Тех. паспорт (көшірме);
  • Жүргізуші куәлігі (көшірме);
  • Жеке куәлік, СТН (көшірме);
  • Көлік басқаруға берілген сенімхат (көшірме);
  • Бас сенімхат (көшірме)
  • Сақтандыру төлемін алу сенімхаты (нотариалдық, түпнұсқа);
  • Пайда алушының СТН, банк деректемелері (көшірмелер);
  • Медициналық куәландыру қорытындысы;
  • Бағалау жүргізуге өтініш беру;
  • Мүлікке келтірілген зиянды бағалау туралы есеп.

Өміріне немесе денсаулығына нұқсан келген жағдайда зардап шегушінің/ пайда алушының қажетті құжаттарының тізбесі:

  • Еңбекке жарамсыздық парағы/ үзінді эпикриз;
  • Емделуге жұмсалған шығындарды растаушы құжаттар (фискалдық, тауарлық чектер);
  • Қайтыс болу туралы куәлік (нотариат растаған көшірмесі).
     

КҚ зақымдануын бағалау пайда алушының жазбаша өтінішінен соң жүргізіледі.

КҚ қарап шығу 3 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Бағалау нәтижесі 7 жұмыс күні ішінде әзірленеді.

Құжаттар жиынтығы толық тапсырылғаннан кейін төлем жасау ісі 15 жұмыс күні ішінде қаралады.

КАСКО бағдарламасы бойынша төлемдерді рәсімдеу үшін қажетті құжаттар:

  • Өтініш;
  • Полис (көшірмесі);
  • Сақтандыру шарты (көшірмесі);
  • Қосымша келісім немесе қосымша (көшірме);
  •  Тех. паспорт (көшірме);
  • Жүргізуші куәлігі (көшірме);
  • Жеке куәлік (көшірме);
  • Сенімхат немесе жолпарақ (көшірме);
  • Пайда алушының СТН, банк деректемелері (көшірме);
  • Медициналық куәландыру қорытындысы;
  • Сервис Орталықтан Ақаулық акт;
  • Сервис Орталықтан шот;
  • Меншік иесінің өтініші;
  • Төлем тапсырмасы;
  • Бағалау туралы есеп.
  • Орташа нарықтық құнын анықтау жөніндегі қорытынды, «НСК» АҚ фотосуреті;
  • Авариялық комиссардың қарап шығу акті;
  • Орындалған жұмыстар акті, шот-фактура;

Сақтандыру жағдайының фактісін растаушы құзыретті орган құжаты (КАСКО бірқатар бағдарламалары бойынша міндетті болып саналмайды):

  • ЖЖҚ бұзу туралы хаттама;
  • ЖКО сызбасы;
  • ЖКО қатысушылардың түсініктемелері;
  • Әкімшілік соттың заңды күшіне енген қаулысы немесе Сот үкімі. Іс сотқа жолданбаған жағдайда — ІІД ЖПБ немесе басқа құзыретті органның қаулысы (түпнұсқа).
     

Пәтердің /тұрғызылымның құрастырылымдық элементтері (аялдама кешендерін қоспағанда, жерге мықтап бекітілетін, жылжымайтын мүлікке жататын құрылымдар мен өзге де құрылыстар), соның ішінде терезе және есік құрастырылымдары (бөлме аралықтарын қоспағанда), электр сымдары, жылу, су, канализация, газ жүйелерінің құбырлары.

Құрылыс өңдемесі, атап айтқанда сылау және сырлау жұмыстарының барлық түрлері, соның ішінде илеу жұмыстары; қабырғаларды, төбені, еденді жабындау, бөлме аралық есік құрастырылымдары, соның ішінде әйнектеу, бөлмеаралық терезе құрастырылымдары; кіріктірілген жиһаз

Техникалық жабдық: жылу (соның ішінде еденді, төбені, қабырғалардың жылу жүйелері), бақылау және күзету (соның ішінде камералар, домофондар), ауаны желдету, баптау, сумен жабдықтау (соның ішінде бітеу құрылғылары, раковиналар, ванналар, душ кабиналары, т.б.), канализация (соның ішінде әжетхана бөлмелеріне арналған сантехникалық жабдық), қалдықтарды төгу (қоқыс құбыры), газбен жабдықтау (соның ішінде арматура, газ бағандары, плиталар), электрмен қоректендіру, соның ішінде әлсіз токты (антенна, телефон, сигнал бергіштер, радио және т.б.) жүйелері, өзге де жабдықтар.

Тұрмыстық және жеке қажеттілік құралдары: жиһаз, интерьер бөліктері, шаруашылық керек-жарақтары, т.б. Үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілік: сақтандырылған мүлікті пайдалану кезінде судан зардап шегу нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне зиян келтірілгенде.
 

Сақтандырылатын жылжымайтын мүліктің салынған жылы 1960 жылдан ескі болмауы тиіс.

Сақтандыру объектілері орналасқан жылжымайтын мүлікті сақтандырып алмай, жылжитын мүлікті сақтандыруға тыйым салынады.

Мүлікті келесі тәуекелдерден сақтандыруға болады:

  • Өрт және түтін, газдың жарылуы;
  • Судан және басқа сұйықтық салдарынан бүліну;
  • Табиғат апаттары (жер сілкінісін қоспағанда);
  • Ұшқыш басқаратын ұшу аппараттарының, ағаштардың немесе бөгде объект денелерінің құлауы;
  • Құрлықтағы КҚ немесе өздігінен жүретін машиналардың адамды қағып кетуі, соғылуы, түйісуі;
  • Үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы қылықтары – қарақшылық, бұзақылық,  вандализм;
  • Ұрлық, тонау;
  • Үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілік. 

Мүлікті сақтандырудың стандартты шарты 12 айға сақтандыруды көздейді. 

Жалға алушы өзінің жалға алған мүлкін сақтандыруға құқылы. Бұл жағдайда пайда алушы болып осы мүліктің меншік иесі танылады.

Мүлікті ЕС шартын жасау үшін қажетті құжаттар:

  • ЖСН көрсетілген жеке куәлік (төлқұжат) немесе заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік;
  • сауалнама-өтініш (компания кеңсесінде толтырылады);
  • сақтандырылған мүлікті қарау және бағалау акті;
  • Сақтанушының жылжымайтын мүлік объектісіне меншік құқығын растайтын құжатының көшірмесі немесе жылжымайтын мүлікті жалға беру шарты.

КАСКО бағдарламасы бойынша төлем жасау ісін қарау мерзімдері шарт тармақтарына сәйкес анықталады. Әдетте қарау мерзімі 7 жұмыс күніне дейін құрайды.

ЖЖ ЕС бойынша төлемдерді рәсімдеу үшін қажетті құжаттар:

  • Өтініш;
  • Полис (көшірмесі);
  • Сақтандыру шарты (көшірмесі);
  • Еңбекке жарамсыздық парағы;
  • Сырқатнамасының үзіндісі;
  • Пайда алушының жеке куәлігі (көшірме);
  • Пайда алушының СТН, банк деректемелері (көшірме); Банктің БСК, ЖСК, СТН, Кбе, алушының тұлғалық немесе карточкалық шоты;
  • Сақтандыру жағдайының туындау фактісін растаушы құжаттар;
  • Нақты медициналық шығындарды растаушы құжаттар;
  • Шот-фактура;
  • Фискалдық чектер;
  • Дәрігердің тағайындамасы.

ЖЖ ЕС бағдарламасы бойынша төлем жасау ісін қарау мерзімдері шарт тармақтарына сәйкес анықталады. Әдетте қарау мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды.

Мүлікті сақтандыру бағдарламасы бойынша төлемдерді рәсімдеу үшін қажетті құжаттар:

  • Өтініш;
  • Полис (көшірмесі);
  • Сақтандыру шарты (көшірмесі);
  • Қосымша келісім немесе қосымша;
  • Сақтандыруға өтініш беру;
  • Мүлікке құқық белгілейтін құжаттар;
  • Өрт жағдайында:
  • - Өрт туралы акт (мөрмен куәландырылған);
  • - Өрт-техникалық сараптама.
  • Су басқан кезде:
  • - ПИК акті.
  • Сақтандыру жағдайының туындағанын растайтын құжаттардың уәкілеті органдар куәландырған көшірмелері;
  • Тауардың болуын, құнын растайтын құжаттар (инвойс, шот-фактура);
  • Авариялық комиссардың қарап шығу акті;
  • Зиянды бағалау туралы есеп.

Мүлікті сақтандыру бағдарламасы бойынша төлем жасау ісін қарау мерзімдері шарт тармақтарына сәйкес анықталады. Әдетте қарау мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды.

Сақтандырылушы, сервистік компаниямен және Сақтандырушымен келісімдей отырып, медициналық қызметтердің ақысын қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда, сақтандыру жағдайының туындағанын растау үшін Сақтанушы/Сақтандырылушы Сақтандырушыға келесі құжаттарды ұсынады:

  • Сақтандыру жағдайының туындау мән-жайы тәптіштеліп сипатталған сақтандыру жағдайы туралы өтініш;
  • Шарттың түпнұсқасы;
  • Тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі (төлқұжат, азаматтығы жоқ адамның куәлігі), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН);
  • Фискалдық чектердің түпнұсқалары;
  • Тауарлық чектердің, шот-фактураның, және әр медициналық дәрмектің, рәсімнің атауы, дәрігер қабылдаулары, олардың саны мен құны көрсетілген  төлем туралы түбіртектің түпнұсқалары;
  • Емдеуші дәрігердің медициналық дәрмекті қабылдау, рәсімдерден өту жөніндегі тағайындамалары, шотта көрсетілген дәрігер қабылдаулары.
  • Медициналық қорытындылардың түпнұсқалары;
  • Арнайыландырылған медициналық көлік шығындарын растаушы құжаттардың түпнұсқалары;
  • Сервистік компанияға қоңырау шалынғанын растаушы құжаттар (телефон қоңырауларының басылымы)
  • Сақтандырушы үшін жұмсалған шығындарды растайтын дәлелдемелер ретінде қажетті өзге де құжаттар;
  • Құжаттардың нотариат арқылы расталған орыс тіліне немесе мемлекеттік тілге жасалған аудармасы;
  • Құзыретті органдарының сақтандыру жағдайының туындау фактісін, мән-жайларын растаушы құжаттары;
  • Сақтандырылушының сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөніндегі өтініші Сақтандырушыға жазбаша нысанда Қазақстан Республикасының аумағына келген сәтінен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Сақтандыру төлемі Сақтанушы Шартта қарастырылған құжаттарын түгел тапсырғаннан күннен бастап 15 (он бес) банк күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

НСК —қазақстандық сақтандыру компанияларының ішінде ең қарқынды дамып келе жатқандардың бірі. НСК — танымал брэнд, сондықтан біздің өнімдеріміз жақсы сатылады. Біздің пайымдауымызша, НСК арқылы Сіз өзіңіздің кәсіби мүмкіндіктеріңізді толығымен іске асырып, көпжылдық ынтымақтастыққа есептелген келісімшартпен беркіген ең тиімді төлеу шарттарына ие боласыз. НСК командасына қосылу үшін Сіз сұхбаттасудан өтуге тиістісіз, сұхбаттасудан сәтті өткен жағдайда тегін міндетті ең қысқа бағдарлама бойынша 10 күндік оқыту курсына жолданасыз, сол жерде Сіз  нормативтік-құқықтық актілермен танысып, сақтандыру негіздерін оқып-үйренесіз, осыдан соң Сіз алынған білімді меңгергеніңізді сынау үшін тест тапсырасыз. Тест сәтті тапсырылған жағдайда, Сіз біздің компанияның сертификатын алып, жұмысқа алыну шартын жасасасыз, солар арқылы сақтандыру қызметін жүзеге асыру мүмкіндігіне ие боласыз. НСК қызметкері атанып, Сіз тұратын жеріңізге қарай ыңғайлы жұмыс орнын таңдай аласыз. НСК бөлшек сауда желісі бүкіл Қазақстан бойынша 500 сату кеңсесінен құралған. Болашақта агент менеджер ретінде жұмысқа шақырылуы мүмкін.

НСК компаниясында тұрақты клиенттер үшін жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдік мөлшерін Сіз сақтандыру жөніндегі өз менеджеріңізден нақтылап біле аласыз. Сонымен қатар НСК клиенттер үшін тиімді акциялар жүргізеді. Компанияның акциялары бойынша өзекті ақпарат "Корпоративтік блог" бөлімінде орналастырылған.

НСК -дұрыс жасалған таңдау, өйткені біз нарықта 20 жылдан бері жұмыс жасап келеміз және көшбасшы компаниялардың бірі болып табыламыз. НСК КҚИ АҚЖ МС төлемдері бойынша алдыңғы қатарлы үш көшбасшының бірі екенін айта кетудің маңызы зор.
НСК «Жалпы Сақтандыру» класы бойынша сақтандыру қызметтерінің кең аясын ұсынады.
НСК-ның ҚР өңірлерінде клиенттерге қызмет көрсетудің 750-ден астам орталығы бар.                                   НСК полисті жедел рәсімдеп, тегін жеткізеді.                            
НСК -бұл Авариялық комиссар қызметі және тәулік бойғы 24/7 Байланыс орталығы.                          
НСК -бұл әр өңірдегі төлемдердің дербес сервисі.
НСК - бұл клиенттің кез-келген сұрауларына жауап берудің аса жоғары жылдамдығы.                             
НСК - сақтандыру қызметтері туралы толық және сапалы ақпарат ұсыну. 
НСК -сатылымнан соң кәсіпқойлықпен қызмет көрсету.

АКИ АҚЖ ЕС — бұл автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру. Міндетті сақтандырумен салыстырғанда сақтандыруды клиент ерікті түрде сатып алады, алайда бұл жағдайда да клиенттің көлік құралын жүргізу кезіндегі азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылады.

ҚР сақтандыру заңнамасына сәйкес, әрбір КҚ иесі өзінің үшінші тұлға алдындағы жауапкершілігін сақтандыруы, яғни КҚИ АҚЖ МС полисін сатып алуы тиіс, сонымен бірге АКИ АҚЖ ЕС сатып алу арқылы сақтандыру жағдайы туындағанда төленетін сақтандыру төлемінің лимитін қосымша түрде кеңейте алады.

Арнайы техника жол полициясы органдарында тіркелуге жатпайды, сондықтан көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру қолданылмайды. Бұл жағдайда көмекке АКИ АҚЖ ЕС келеді. Арнайы техниканы осы бағдарлама бойынша сақтандыра отырып, оны иесі арналымына сай пайдалана алады, соған қоса үшінші тұлға алдындағы жауапкершілігі де сенімді сақтандырылады.

АКИ АҚЖ ЕС бойынша келтірілген зиян мөлшерінде төлемдер қарастырылған, алайда төмендегі шектерден аспауы тиіс:

  • Үшінші тұлғаның мүлкіне келтірілген зиян – 600 АЕК;
  • қаза тапса – 1 000 (бір мың); 
  • І-топ мүгедектігі белгіленгенде – 800 АЕК;
  • ІІ-топ мүгедектігі белгіленгенде – 600 АЕК; 
  • ІІІ-топ мүгедектігі белгіленгенде – 500 АЕК; 
  • балаға мүгедектік белгіленгенде – 500 АЕК.

Егер АКИ АҚЖ ЕС клиенттің қолданысындағы КҚИ АҚЖ МС ескеріп жасалған болса, онда сақтандыру төлемі Қазақстан Республикасының 01.07.2003 жылғы № 446-II «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңында қарастырылған сақтандыру сомасы Зардап шегушіге келтірілген зиянды толық өтеу үшін жеткіліксіз болған жағдайда Қазақстан Республикасының 01.07.2003 жылғы № 446-II «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңында қарастырылған сақтандыру сомасы мен сақтандыру сомасының шегіндегі нақты келтірілген зиян арасындағы айырма мөлшерінде төленеді.

АКТ АҚЖ ЕС полисін біржолғы төлеммен, сондай-ақ бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады.

  • сақтандыру сыйақысының 50% мөлшерінде 2 жарна түрінде: 1-ші жарна сақтандыру шартының әрекеті басталғанға дейін төленеді, ал 2-ші жарна сақтандыру шарты мерзімінің бірінші жартысында төленуі тиіс.
  • сақтандыру сыйақысының 33% мөлшерінде 3 жарна түрінде: 1-ші жарна сақтандыру шартының әрекеті басталғанға дейін төленеді. Бұдан кейінгі әр жарна содан кейінгі әр төрт ай ішінде төленуі тиіс.
  • сақтандыру сыйақысының 25% мөлшерінде 4 жарна түрінде (сақтандыру шартының әрекет ету мерзімі 1 жыл болса, тоқсан сайын): 1-ші жарна сақтандыру шартының әрекеті басталғанға дейін төленеді. Бұдан кейінгі әр жарна содан кейінгі әр тоқсан ішінде төленуі тиіс.

АКИ АҚЖ ЕС шартын жасау үшін қажетті құжаттар:

  • сақтанушының тұлғасын куәландыратын құжаттар:

- ЖСН көрсетілген жеке куәлік;
- резиденттікті анықтау үшін төлқұжат.

  • КҚ иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттар:

- көлік құралын тіркеу туралы куәлік;
- меншік иесі атынан КҚ жүргізу құқығын растайтын сенімхат.

  • меншік иесі атынан КҚ жүргізуге рұқсат берілген барлық жүргізушілердің құжаттары:

- ЖСН көрсетілген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
- жүргізуші куәлігінің көшірмесі.

АКИ АҚЖ ЕС бағдарламасы бойынша төлем жасау төлемді қарау үшін құжаттардың толық жиынтығы тапсырылған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралады.

Пәтер иелерінің АҚЖ ЕС сақтандыру бағдарламасы су басу, өрт және осыған ұқсас күтпеген авариялық жағдайлар кезінде Сіздің айналаңызда тұрып жатқан көршілеріңіз алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігіңізді қорғайды.

Көршілер алдындағы АҚЖ Сіздің таңдауыңызға қарай 1 000 000 теңгеден 2 000 000 теңге сомаға сақтандыруға болады.

Пәтер иелерінің АҚЖ ЕС бағдарламасын тек біржолғы төлеммен ғана сатып алуға болады.

Бірнеше көршіге қатысты сақтандыру жағдайы туындаған жағдайда төлем жасау олардың әрқайсысына бағаланған зиян мөлшерінде сақтандыру сомасының шегінде жүргізілетін болады. 

Егер зиян бірнеше көршіге келтірілген болса және зиянның жалпы мөлшері сақтандыру сомасынан асып кеткен болса, онда әр зардап шегушіге сақтандыру төлемі оған келтірілген зиян мөлшерінің барлық зардап шегушілерге келтірілген жалпы зиян мөлшеріне қатынасына пропорционал түрде сақтандыру сомасының шегінде төленеді.

Пәтер иелерінің АҚЖ ЕС бағдарламасы бойынша төлем жасау төлемді қарау үшін құжаттардың толық жиынтығы тапсырылған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралады.

Аурулардан медициналық сақтандыру полисін сатып алған жағдайда, Сіз өзіңіз таңдаған Сақтандыру бағдарламасы бойынша қалаңыздың үздік емханаларындағы медициналық қызметтердің кең аясын пайдалана аласыз.

Медициналық көмек алу үшін Сіз НСК компаниясының тәулік бойғы үйлестіру диспетчерлік қызметімен хабарласуыңыз қажет. Үйлестіруші Сізге медициналық көмек алу регламенті бойынша кеңестер бергеннен кейін, Сіз серіктес емханалардың есіктерін емін-еркін ашып, қажетті қызметтеріне ие бола аласыз.

Аурулардан медициналық сақтандырудың түрлі бағдарламалары бойынша Сіз созылмалы ауруларыңыз асқынған жағдайда тиісті медициналық көмек ала аласыз. Сақтандыру құрамына зерттеу, диагностика, дәрігерлердің кеңестері, емдеу кіреді.

Өзіңіз таңдаған бағдарламаға сәйкес төтенше көрсетілімдер бойынша кез-келген уақытта дәрігерді үйге шақырту қызметін тегін пайдалана аласыз. НСК медициналық үйлестірушілері мен кезекші дәрігерлері 24/7 режимінде жұмыс істейді.

ҚР бейрезиденттері үшін НСК компаниясы аурулардан медициналық сақтандырудың  «Non Resident» арнайы бағдарламасын ұсынады. Бұл бағдарлама бойынша шетелдік азаматтар НСК компаниясының серіктес емханаларында кең ауқымды медициналық қызметтерді пайдалана алады.

Аурулардан медициналық сақтандыру бағдарламалары бойынша жас шектеулері 1-ден 65-ке дейінгі жас аралығын қамтиды.

Шетелге шығу кезіндегі сақтандыру жағдайлары келесідей:

  • сақтандырылған адамның сақтандыру әрекеті кезеңінде кенеттен ауырып қалуы;
  • жазатайым оқиға нәтижесінде алынған дене жарақаттары (денсаулыққа келтірілген нұқсан);
  • тістің және/немесе оның айналасындағы ұлпалардың өткір қабынуы нәтижесіндегі тістің қатты ауыруы, немесе жазатайым оқиға нәтижесіндегі жақ сүйегінің жарақаты;
  • сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда оның мүрдесін еліне жеткізу шығындары

Шетелге шығушыларды сақтандыру шартын жасарда бастапқы медициналық тексерістен өту қажет емес.

«CLASSIC» — бұл шетелге шығушыларды сақтандырудың франшиза қарастырылмаған дәстүрлі бағдарламасы. Сақтандыру сомасының шегінде сақтандыру жағдайларының шығындарын өтейді.

«STANDART» —50 ЕВРО мөлшерінде франшиза қарастырылған бағдарлама. Франшиза — бұл клиенттің сақтандыру жағдайына қатысты шығындарды өз бетімен өтей алатын сомасы. Франшизаны шегергендегі (50 ЕВРО) сақтандыру сомасының шегіндегі сақтандыру жағдайларының шығындарын жабады.

«Бірінші сақтандыру жағдайына дейін» - шетелге қысқа мерзімге шығатын клиенттерге есептелген шетелге шығушыларды сақтандырудың ең бюджеттік бағдарламасы. Сақтандыру әр сақтандырылған адам үшін бір рет —бірінші сақтандыру жағдайына дейін әрекет етеді.

Шетелге шығушыларды сақтандыру аумағына әлемнің кез-келген елі енеді. Келесі аумақтар ғана енбейді:

  • аумағында әскери іс-қимылдар жүріп жатқан мемлекеттер;
  • БҰҰ санкциялары қолданылған мемлекеттер;
  • індет ошақтары анықталып, індет ошағы деп танылған аумақтар;
  • аумағында адамдардың денсаулығына нұқсан келу қаупінің ықтималдығы жоғары мемлекеттер.

Шетелге шығушыларды сақтандырудың бір полисіне 3 елге дейін және 6 сақтандырылған адамды қосып рәсімдеуге болады.

Онлайн сақтандыру жайлы жаңа заң – жаһандық деңгейдегі заң. Заңның негізгі идеясы – қағаз формасындағы сақтандыру полистерін толықтай жою мен оларды электронды форматпен алмастыру. Енді ешқандай қағаздар жоқ  міндетті сақтандыру түрлерінің сақтандыру полистері тек электронды формада берілетін болады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, клиент кез келген жерден және ғаламтор желісіне байланыса отырып, өз автокөлігіне сақтандыру полисін ала алады. Жеке тұлға полисті банк картасымен төлей алады, ал карта болмаған жағдайда төлем шотын жасауына болады.

Сақтандырудың электронды форматы сандар мен әріптер жиынтығынан тұрады. Ол word-құжаты немесе pdf-файл емес, ДБСБ-да (Деректердің бірыңғай сақтандыру базасы) сақталатын символдар жиынтығы.

Сақтандыру компаниялары автокөлік иелерімен шарт жасасқанда, клиент өзі ұсынған құжаттар негізінде ДБСБ-на жіберілетін. Бұл жағдайда оператор, агент немесе клиенттің өзі қате жіберу қаупі бар еді.

Ал қазір деректерді ДБСБ-на әдеттегідей жіберуден бөлек, алдын ала мемлекеттік деректер базасында (МДБ) тексеріс жүргізіледі. Яғни клиенттің жеке деректері мен автокөлік жайлы ақпаратты енгізген соң, жүйе олардың дұрыстығын ДБСБ мен МДБ біріктіру жолымен тексереді. Жүйе енгізілген деректердің дұрыстығын растаған соң ғана сақтандыру шарты жасалады.

Аталмыш жолмен барлық деректер базалары әрқашан жақсарып отыратын болады. Қате дерек пен алаяқтық орын алмайды.

Бәрі өте оңай. Клиент біздің сайтқа кіреді, «Калькуляторлар» бөліміне өтеді және Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыруды таңдайды. Содан соң жеке деректерін енгізеді, Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру ережелерімен танысады, смс-хат көмегімен мобильді нөмірді растайды және сақтандыру сыйлықақысын банк картасымен төлейді. Шартты ресімдеу аяқталған соң, клиент шартқа берілген, бірегей нөмірмен смс-хат алады.

Полисті онлайн сатып алудың кадамдық бейнесабағын сілтеме бойынша көруге болады.

Бірнеше тәсіл бар.

1. Сақтандыру бар/жоғын барлық жасасқан белсенді және жабық сақтандыру шарттары көрінетін біздің сайттағы жеке кабинетте немесе мобильді қосымшадан білуге болады. Сәйкесінше, белсенді сақтандыру шарттарында белсенді сақтандыру болады.
2. Мемлекеттік несие бюросының сайтына кіріп, өз ЖСН, сақтандыру шартының бірегей нөмірі мен автокөліктің мемлекеттік нөмірі бойынша ағымдағы сақтандыру полисін тексеруге болады. и проверить наличие текущего страхового полиса по собственному ИИН, уникальному номеру страхового договора и гос.номеру автомобиля. 
3. Егер сақтандыру тарихымен толықтай танысқыңыз келсе, МНБ сайтының басқа бөліміне ЭЦҚ арқылы кіруге болады.

Иә, егер COVID-19 қосымша тәуекелі сақтандыру шартына енгізілген болса.

Сақтанушы COVID-19-пен ауырған кезде шұғыл ауруханаға жатқызу шығындары сақтандыру шартында белгіленген шегінде төленеді.

COVID-19 қосымша тәуекелі үшін сақтандыру төлемі, сақтандыру шартына сәйкес таңдау бойынша 1000 € немесе 3000 €.

  • Конструктивные элементы квартиры (далее «КОНСТРУКЦИЯ»), в т. ч. оконные и дверные конструкции (кроме межкомнатных), трубопроводы систем отопления, водоснабжения, канализации, газоснабжения;
  • Отделка квартиры, а именно все виды штукатурных и малярных работ, в том числе лепные работы; покрытие стен, потолка, пола, межкомнатные дверные конструкции, включая остекление, межкомнатные оконные конструкции; встроенная мебель;
  • Техническое оборудование: нетиповые системы отопления (в том числе нагреваемых полов, стен, потолка с подогревом), наблюдения и охраны (в том числе камеры, домофоны), вентиляции, кондиционирования воздуха, водоснабжения (в том числе запорные устройства, раковины, ванны, душевые кабины и т. п.), канализации (в том числе сантехническое оборудование туалетных комнат), удаления отходов (мусоропровод), газоснабжения (в том числе арматура, газовые колонки, плиты), электропитания, в том числе слаботочные (антенна, телефон, сигнализация, радио и т. п.), иное оборудование.

Имущество можно застраховать от следующих рисков:

  • Пожар и дым, взрыв газа;
  • Стихийные бедствия, исключая землетрясение;
  • Падение пилотируемых летательных аппаратов, деревьев либо иных инородных объектов, наезд, столкновение, удар; неземных транспортных средств или самодвижущихся машин;
  • Противоправные действия третьих лиц — разбой, хулиганство, вандализм;
  • Гражданско-правовая ответственность при повреждении водой.

Для заключения договора ДС Имущества необходимы следующие документы:

  • удостоверения личности (паспорта) с ИИН либо свидетельство о регистрации юридического лица;
  • анкета-заявление(заполняется в офисе компании);
  • акт осмотра и оценки застрахованного имущества;
  • копию документа, подтверждающего право собственности Страхователя на объект недвижимости или договор аренды недвижимого имущества.

Для оформления выплаты по ДС Имущества необходимы документы:

  • Заявление;
  • Полис (копия);
  • Договор страхования (копия);
  • Дополнительное соглашение либо приложение;
  • Заявление на страхование;
  • Правоустанавливающие документы на имущество.

При пожаре:

  • Акт о пожаре (заверенный печатью);
  • Пожарно-техническая экспертиза;

При затоплении:

  • Акт КСК;
  • Заверенные уполномоченными органами копии документов, подтверждающие наступление страхового случая;
  • Документы, подтверждающие наличие, стоимость товара (инвойс, счет фактура);
  • Акт осмотра аварийного комиссара;
  • Отчет об оценке ущерба.

Сроки рассмотрения выплатного дела по программе страхования имуществаопределяются условиями договора. Как правило, срок рассмотрения составляет 10 рабочих дней.

Сұрағыңызға жауап таба алмадыңыз ба?

+7
Captcha толтырылмаған

Өтініміңізді алдық!

Хабарласқаныңыз үшін рақмет, жақын арада сізбен байланысқа шығамыз.