Сұрақтар мен жауаптар
ДС ГПО ВАТ
АКИ АҚЖ ЕС — бұл автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру. Міндетті сақтандырумен салыстырғанда сақтандыруды клиент ерікті түрде сатып алады, алайда бұл жағдайда да клиенттің көлік құралын жүргізу кезіндегі азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылады.
ҚР сақтандыру заңнамасына сәйкес, әрбір КҚ иесі өзінің үшінші тұлға алдындағы жауапкершілігін сақтандыруы, яғни КҚИ АҚЖ МС полисін сатып алуы тиіс, сонымен бірге АКИ АҚЖ ЕС сатып алу арқылы сақтандыру жағдайы туындағанда төленетін сақтандыру төлемінің лимитін қосымша түрде кеңейте алады.
Арнайы техника жол полициясы органдарында тіркелуге жатпайды, сондықтан көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру қолданылмайды. Бұл жағдайда көмекке АКИ АҚЖ ЕС келеді. Арнайы техниканы осы бағдарлама бойынша сақтандыра отырып, оны иесі арналымына сай пайдалана алады, соған қоса үшінші тұлға алдындағы жауапкершілігі де сенімді сақтандырылады.
АКИ АҚЖ ЕС бойынша келтірілген зиян мөлшерінде төлемдер қарастырылған, алайда төмендегі шектерден аспауы тиіс:
- Үшінші тұлғаның мүлкіне келтірілген зиян – 600 АЕК;
- қаза тапса – 1 000 (бір мың);
- І-топ мүгедектігі белгіленгенде – 800 АЕК;
- ІІ-топ мүгедектігі белгіленгенде – 600 АЕК;
- ІІІ-топ мүгедектігі белгіленгенде – 500 АЕК;
- балаға мүгедектік белгіленгенде – 500 АЕК.
Егер АКИ АҚЖ ЕС клиенттің қолданысындағы КҚИ АҚЖ МС ескеріп жасалған болса, онда сақтандыру төлемі Қазақстан Республикасының 01.07.2003 жылғы № 446-II «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңында қарастырылған сақтандыру сомасы Зардап шегушіге келтірілген зиянды толық өтеу үшін жеткіліксіз болған жағдайда Қазақстан Республикасының 01.07.2003 жылғы № 446-II «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңында қарастырылған сақтандыру сомасы мен сақтандыру сомасының шегіндегі нақты келтірілген зиян арасындағы айырма мөлшерінде төленеді.
АКТ АҚЖ ЕС полисін біржолғы төлеммен, сондай-ақ бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады.
- сақтандыру сыйақысының 50% мөлшерінде 2 жарна түрінде: 1-ші жарна сақтандыру шартының әрекеті басталғанға дейін төленеді, ал 2-ші жарна сақтандыру шарты мерзімінің бірінші жартысында төленуі тиіс.
- сақтандыру сыйақысының 33% мөлшерінде 3 жарна түрінде: 1-ші жарна сақтандыру шартының әрекеті басталғанға дейін төленеді. Бұдан кейінгі әр жарна содан кейінгі әр төрт ай ішінде төленуі тиіс.
- сақтандыру сыйақысының 25% мөлшерінде 4 жарна түрінде (сақтандыру шартының әрекет ету мерзімі 1 жыл болса, тоқсан сайын): 1-ші жарна сақтандыру шартының әрекеті басталғанға дейін төленеді. Бұдан кейінгі әр жарна содан кейінгі әр тоқсан ішінде төленуі тиіс.
АКИ АҚЖ ЕС шартын жасау үшін қажетті құжаттар:
- сақтанушының тұлғасын куәландыратын құжаттар:
- ЖСН көрсетілген жеке куәлік;
- резиденттікті анықтау үшін төлқұжат.
- КҚ иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттар:
- көлік құралын тіркеу туралы куәлік;
- меншік иесі атынан КҚ жүргізу құқығын растайтын сенімхат.
- меншік иесі атынан КҚ жүргізуге рұқсат берілген барлық жүргізушілердің құжаттары:
- ЖСН көрсетілген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
- жүргізуші куәлігінің көшірмесі.
АКИ АҚЖ ЕС бағдарламасы бойынша төлем жасау төлемді қарау үшін құжаттардың толық жиынтығы тапсырылған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралады.