РУС

Компания туралы / Тарихы

2017

  • Standard&Poor's Global Ratings дүниежүзілік агенттігі рейтингті «B» дәрежесінен «B+» дейін көтерді.
  • Жеке және заңды тұлғалармен 669 000 астам шарт жасалды.
  • 2017 жылы сақтандыру төлемдері 3.6 млрд. теңгені құрады.
  • Компанияның бас кеңсесі мен Алматы қаласындағы төлемдер орталығы Алмагүл ш/а, 15а мекенжайы бойынша жаңа ғимаратқа көшті.
  • «Форум» журналы қазақстандық PR-форум аясында «Үздік корпоративтік басылым — 2017» аталымы бойынша X Орта Азия корпоративтік БАҚ конкурсының жеңімпаз атанды.
  • Алматыда Байтұрсынов көш, 111 мекенжайы бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін жаңа сату кеңсесі ашылды.
  • Компания Орталық Қазақстанның 15 қаласы арқылы өткен #МЕНІҢҚАЗАҚСТАНЫМ — джип-тур экспедициясының ұйымдастырушысы болды.
  • Компания RAEX рейтинг агенттігінің жылдық есептер байқауында («Эксперт РА Казахстан») "Қаржылық сектордағы үздік жылдық есеп" және "Жылдық есептің үздік дизайны" санаттарында бірінші орынды жеңіп алды.
  • НСК сайты Award.kz Ұлттық интернет-премиясының төрт аталымын ұтып алды.

2016

  • Standard&Poor's әлемдік агенттігі «B» рейтингісін «Тұрақты» болжамымен растады.
  • Жеке тұлғалармен 641 000 астам шарт, корпоративтік клиенттермен 74 000 астам шарт жасалды.
  • Қазақстанның 4 филиалында сатушы персоналды қосымша оқытатын НСК мектептері ашылды;
  • 2016 жылы сақтандыру сыйақыларының өсімі 2015 жылмен салыстырғанда 14% құрады;
  • 2016 жыл қорытындысы бойынша қаржылық капитал 6,1 млрд. меншікті қаражатты құрады (2017 жылдың 1 қаңтарына алғанда).

2015

  • Standard&Poor's әлемдік агенттігі «B» рейтингісін «Тұрақты» болжамымен растады.
  • 2015 жылы сақтандыру төлемдері 5.1 млрд теңгеден асып кетті.
  • Жеке тұлғалармен 640 000 астам шарт, корпоративтік клиенттермен 124 000 астам шарт жасалды.
  • Қазақстан үшін екі бірегей медициналық сақтандыру өнімі іске қосылды: Денсаулық Sphera және Global Protector.

2014

  • 2014 жыл қорытындысы бойынша «НСК» АҚ сақтандыру алымдары 12,5 млрд. теңгеден асып кетті, сақтандыру төлемдері 3,2 млрд. теңгеге жетті.
  • Standard&Poor's агенттігі «B+» рейтингісін «Тұрақты» болжамымен растады.
  • «Эксперт РА Казахстан» агенттігінің рейтингі «А+" «Өте жоғары сенімділік деңгейі» деңгейінде расталды.
  • Компанияның ресми сайтын жаңарту және жаңғырту.
  • «Город Мастеров” бірінші фестивалі ұйымдастырылды.

2013

  • Standard&Poor's агенттігі «B+» рейтингісін «Тұрақты» болжамымен растады.
  • «Эксперт РА Казахстан» агенттігінің рейтингі «А+" «Өте жоғары сенімділік деңгейі» деңгейіне дейін жақсартылды.
  • КАСКО бойынша автокөліктерді сақтандырудың жаңа шарттары жасақталды: қолжетімді тарифтер және тәуекелдерді таңдау мен қосымша бонустық опциялардың алуан мүмкіндіктері.
  • «НСК» АҚ сақтандыру алымдары 11,4 млрд. теңгеден асып, сақтандыру төлемдері 3,11 млрд. теңгеге жетті.
  • Бухгалтерлік есеп және сақтандыру төлемдерін реттеу процесі компанияның орталық кеңсесі арқылы орталықтандырылды.

2012

  • National Business журналының NB500АО Қазақстанның ірі компанияларының рэнкингінде «НСК» АҚ 262-ші орынға орналасты.
  • Exclusive аналитикалық журналы «НСК» АҚ беделі ең жоғары Қазақстан компанияларының рейтинг-парағына қосты. «НСК» АҚ ТОP-50 ішінде 38-ші орыннан табылды.
  • Компанияға екі агенттіктің рейтинг бағалары тиесілендірілді: Standard&Poor's халықаралық агенттігі -"В+" және қазақстандық «Эксперт РА Казахстан» «А» «Жоғары сенімділік деңгейі».
  • «Қазақстан аңыздары» республикалық автокөлік экспедициясының ресми сақтандырушысы.
  • Алғаш рет компания тарихында сақтандыру алымдары 10 млрд. теңгеден асып, сақтандыру төлемдері 2,4 млрд. теңгеге дейін артты.

2011

  • Жыл қорытындысы бойынша  клиенттерге 1,9 млрд. теңгеден асып кетті.

2010

  • «НСК» АҚ «Эксперт Казахстан» журналының "Эксперт 100 Казахстан" рейтингі бойынша елдің ең ірі 100 компанияларының тізіміне енгізілді.
  • Клиенттерге берілген төлемдер 1,5 млрд. теңгені құрады.

2009

  • Медициналық сақтандыру басқармасы құрылып, оның құрамындағы бүкіл Қазақстан бойынша медициналық координаторлардың меншікті қызметі жұмысын бастады.
  • Емдеу мекемелерімен тікелей шарттар жасалды. Шарттарды жөнемелеу үшін клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім ашылды.
  • Клиенттерге берілген жалпы төлемдер 1,2 млрд. теңгені құрады.

2008

  • Катастрофалық тәуекелдер туындау жағдайлары үшін 20 млн. АҚШ долларын құрайтын облигаторлық қайта сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ұзартылды.
  • Сапа менеджменті жүйесіне және ҚР CТ 9001−2009 талаптарына сәйкестік сертификаты алынды. Содан бері «НСК» АҚ жыл сайын тәуелсіз аудиттен өтіп, осы биік стандартқа сәйкестігін растайды.
  • «НСК» АҚ Пекиндегі Жазғы ХХIХ Олимпиада Ойындары кезінде 600-ден астам қазақстандық жанкүйерлерді сақтандырды.

2007

  • «НСК» АҚ фирмалық стилі жаңартылды.
  • Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың ең бұқаралық бөлігінде жаңа жұмыс форматы іске қосылды: «Сындарлы сақтандыру — тікелей төлем».
  • Жыл қорытындысы бойынша клиенттерді сақтандыру төлемдері 761 млн. теңгені құрады.

2006

  • Байланыс орталығы ашылды.
  • Сақтандыру полистерін шығарып берудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді.

2005

  • «НСК» ААҚ екінші жыл қатарынан сақтандыру компанияларының арасындағы «Автомобильдік сервис» конкурсының жеңімпазы атанды.
  • Жеке тұлғаларға төленетін төлемдер бойынша шұғыл шешімдер қабылдау үшін Клиенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды.
  • «НСК» ААҚ Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын орындау мақсатында ААҚ ұйымдық-құқықтық нысанын өзгертіп, АҚ болып қайта тіркелді.
  • Жарғылық капитал 1,5 млрд. теңгеге дейін екі есе өсті.

2004

  • «НСК» ААҚ сақтандыру компанияларының арасындағы «Автомобильдік сервис» конкурсында бірінші орынға ие болды.
  • Кадрларды даярлау орталығы ашылды. «НСК» АҚ нарықта алғашқы сақтандыру компанияларының бірі болып сертификатталған сақтандыру агенттерін дербес және кәсіби даярлауды бастады.

2003

  • Компания «Жыл таңдауы» тауарлар және қызметтер байқауының "Қазақстандағы №1 сақтандыру компаниясы" аталымы бойынша үшінші рет жеңімпазы атанды.
  • Бір тәуекел бойынша өтеу сыйымдылығы 10 млн. АҚШ долларын құрайтын шығын эксцеденті негізінде мүліктік тәуекелдерді облигаторлық қайта сақтандыру шарты жасалды.
  • Компания «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ қатысушысы атанды.
  • «НСК» ААҚ «РЕСО -Гарантия» холдингінің стратегиялық серіктесіне айналды.

2002

  • Жыл қорытындысы бойынша «НСК» ААҚ «Қазақстандықтардың таңдауы» конкурсының жеңімпазы атанды.
  • Компанияның жинақталған сыйақыларының көлемі жыл қорытындысы бойынша 4 млрд.теңгеден асты.
  • Ақтау қаласында филиалы ашылды.

2001

  • Жарғылық капиталдың мөлшері 125 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды.
  • Жыл қорытындысы бойынша «НСК» ААҚ «Жыл таңдауы» байқауының "Қазақстандағы №1 сақтандыру компаниясы" аталымының екінші рет жеңімпазы атанды.
  • Сыйақылар көлемі жыл қорытындысы бойынша 1,2 млрд.теңгеден асты.

2000

  • Жинақталған сыйақылар көлемі жыл қорытындысы бойынша 1 млрд.теңгеден асты.
  • Компания «Жыл таңдауы» байқауының "Қазақстандағы №1 сақтандыру компаниясы" аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

1999

  • Компания Қазақстан Қаржыгерлері Ассоциациясының толыққанды мүшесіне айналып, Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің даму мәселелерін талқылауға белсенді қатысуға мүмкіндік алды.

1998

  • Marsh Ltd сақтандыру брокерінің делдалдығымен шетелдік қайта сақтандырушы компаниялармен жауапкершілік пен мүлікті облигаторлық қайта сақтандыру шарты жасалды.
  • Қызылорда қаласында өкілдігі ашылды.

1997

  • 28 шілдеде Қазақстанның мұнай-газ және қаржы салаларындағы акционерлерінің құрамына кіргеннен кейін, компания "АстыкИнСтрах» сақтандыру қоғамы" ЖШС құқықтық мұрагері ретінде қайта құрылып, «Мұнай сақтандыру компаниясы» ААҚ (бұдан әрі — «НСК» ААҚ) болып қайта тіркелді.

1996

  • 10 сәуірде ең ірі дән экспорттаушылары құрған "АстыкИнСтрах" сақтандыру қоғамы" ЖШС әділет органдарында тіркеуден өтті.
  • Ақмола, Қостанай, Көкшетау қалаларында филиалдары ашылды.