РУС

Компания туралы / «Мұнай сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысында дауыс беру нәтижелері туралы хаттама.

Қоғамның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, Бараев көш., 15;

Акционерлердің жалпы жиналысының өтетін күні, уақыты және орны: 13 маусым 2017 жыл; сағ.11; Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Қабанбай батыр көш., 186.

Деректемелері: салық төлеушінің тіркеу нөмірі 031400099981, "Казкоммерцбанк" акционерлік қоғамындағы жеке сәйкестендіру нөмірі KZ44926180219F242000, банк сәйкестендіру нөмірі 960440000716:

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер

Шешімдер

Дауыс беру қорытындысы

Директорлар кеңесінің мүшесі - Тәуелсіз директор – Кумпеисов Даурен Думановичқа сыйақы және шығындар өтемақысын төлеу мөлшері мен шарттарын бекіту туралы.

 

Директорлар кеңесінің мүшесі - Тәуелсіз директор – Кумпеисов Даурен Думанович үшін ай сайынғы тұрақты сыйақы 165 000 (бір жүз алпыс бес мың) теңге мөлшерінде Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелеріне өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақы және шығындар өтемақысын төлеу мөлшері мен шарттарын анықтау жөніндегі саясатқа сәйкес шарттармен бекітілсін. Осыған байланысты Қоғамның бухгалтериясы Д.Д.Кумпеисов ұсынған банк шотына жоғарыда көрсетілген төлемді жүргізіп отырсын.

«Жақтағандар» — 899 851, «Қарсы болғандар» — жоқ,
«Қалыс қалғандар» — жоқ.

Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелеріне өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақы және шығындар өтемақысын төлеу мөлшері мен шарттарын анықтау жөніндегі саясатын бекіту туралы.

 

Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелеріне өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақы және шығындар өтемақысын төлеу мөлшері мен шарттарын анықтау жөніндегі саясаты осы Хаттаманың №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

«Жақтағандар» — 899 851, «Қарсы болғандар» — жоқ,
«Қалыс қалғандар» — жоқ.