РУС

Компания туралы / Сақтандыру пулдарына қатысу туралы мәліметтер

1. «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ 2024 жылғы «15» наурыздағы №ГЕН230455789 сақтандыру пулына қатысушылардың бірлескен қызметі туралы шартқа сәйкес Автомобиль көлігін ерікті сақтандыру бойынша «Jusan Garant» СК» АҚ-мен сақтандыру пулының қатысушысы болып табылады (қолданылу мерзімі қол қойылған сәттен бастап 5 жыл). Сақтандыру брокері «Тойота Иншуранс Менеджмент» ЖШС болып табылады. Сақтандыру ережелерімен алып тасталмаған, кез келген күтпеген және болжанбайтын оқиғалар (сақтандыру пулына қатысушылардың бірлескен қызметі туралы шартқа №1 қосымша) сақтандыру жағдайлары ретінде танылған оқиғалар деп танылады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметінде жетекші болып табылатын ұйым – «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ

2. «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ «Freedom Finance Insurance» СК» АҚ-мен және «Jusan Garant» СК» АҚ-мен 2024 жылғы «17» маусымдағы №ГЕН234411463 сақтандыру пулына қатысушылардың бірлескен қызметі туралы шартқа сәйкес сақтандыру пулының қатысушысы болып табылады (қолданылу мерзімі қол қойылған сәттен бастап 5 жыл).

Сақтандыру түрлері:
  1) Автомобиль көлігін ерікті сақтандыру;
  2) автокөлік құралдары иелерінің жауапкершілігін ерікті сақтандыру;
  3) басқа да қаржылық шығындарды ерікті сақтандыру.

Сақтандыру брокері «Тойота Иншуранс Менеджмент» ЖШС болып табылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметінің мәні болып табылатын сақтандыру тәуекелдерінің тізбесісақтандыру пулына қатысушылардың бірлескен қызметі туралы шарттың қосымшаларындакөрсетілген.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметінде жетекші болып табылатын ұйым – «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ.

3. «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ 2024 жылғы 24 шілдедегі №58 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, 2024 жылғы 2 қазанда құрылған медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандырудың Бірыңғай сақтандыру пулына (БСП) қатысушы болып табылады. «MOI (МОЙ) сақтандыру брокері» ЖШС жетекші сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымы ретінде тағайындалды

4.«Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ«өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ лизинг алушыларының (сақтанушыларының) мүліктік мүдделерін сақтандыру жөніндегі 20.01.2021 жылғы№527 бірлескен сақтандыруды (бірлескен қызметті) ұйымдастырудың жалпы шарттары туралы шартқа 30.04.2024 ж. №6 ДС сәйкес пулға қатысушы болып табылады. 
Қор лизинг және несиелеу арқылы өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Бағдарлама шеңберінде осы сектордың кәсіпорындары Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес келетін лизинг және кредит беру арқылы қаржыландыруды ала алады.
Пулдың әкімшісі,«MOI (МОЙ) сақтандыру брокері» ЖШС-нің басқарушы брокері, 2019 жылғы 8 ақпанда берілген № 2.3.33 лицензия.