Құрметті клиенттер мен серіктестер!
Құрметті клиенттер мен серіктестер!
Сіздерге 22 жыл бойы сақтандыру және қайта сақтандыру саласындағы біздің тәжірибеміз бен құзыретімізге деген сенімдеріңіз үшін алғыс білдіреміз.
Біз сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін үздік өнімдер мен жағдайларды ұсынып қана қоймай, сонымен бірге жаңалықтарды жедел жеткізуге тырысамыз. Сондықтан кірістік қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығын беретін лицензияның уақытша тоқтатылғанын хабарлаймыз. Лицензия ҚР Ұлттық Банкінің 05.05.2018 жылғы шешімі бойынша уақытша тоқтатылған болып саналады. Осы кезең ішінде біз өзге сақтандыру ұйымдарынан кірістік қайта сақтандыру бойынша сақтандыру тәуекелдерін қабылдамаймыз.
Бұл шектеудің компания қызметінің b2c бағытына еш қатысы жоқ.
Біз өзіміздің сақтанушыларымыз бен серіктестерімізді тарихи дәстүрмен қалыптасқан сапа және жауапкершіліктің шынайы үлгісін ұстана отырып, 19 ерікті сақтандыру класы бойынша толыққанды қызметімізді жалғастыра беретіндігімізге сендіреміз.
Біздің беделіміз адал төленген сақтандыру төлемдерінен және тәуелсіз халықаралық сарапшылардың жоғары бағаларынан құралады. Айталық, 2017 жылдың 19 маусымында «НСК» сақтандыру компаниясының сенімділік рейтингі Standard&Poor's нұсқасы бойынша тұрақты болжам «В+» деңгейінде расталды.
Біздің ұжым мен Басқарма Төрағасы Альжанов Жарқын келесі байланыс құралдары арқылы Сіздердің кез-келген сұрақтарыңызға жауап беруге дайын: alzhanov@nsk.kz, info@nsk.kz.