РУС

КАСКО болса қолыңда, ертегідей жолың да

Көлік иелерінің әлемінде сақтандыруға қатысты айтылған аңыздар мен асыра сілтеушіліктер көп. Көпшілігі КҚИ АҚЖ МС полисін алғаннан кейін, көлік үшін алаңдамауға болады деп санайды. Алайда күнделікті өмірден ЖКО-на кінәлі тараптың өз автокөлігін өз қалтасынан жөндеуге мәжбүр екендігінің куәсі болып жүрміз. Тек КАСКО шартымен ғана жолдағы қолайсыздықтармен қорықпауға болады.

Бүгін "НСК" сақтандыру компаниясының әдіснама және өнімдерді жасақтау басқармасының бастығы аңыздарға сенуді доғарып, көлікті қалай сенімді сақтандыруға болатынын түсіндіреді. Асқар Рустанов автосақтандыруға байланысты ең жиі таралған аңыздарға тоқталып шықты.

1 аңыз. Мен -тәжірибелі жүргізушімін, маған қосымша сақтандырудың қажеті жоқ

Өз күшіңіз бен дағдыларыңызға сенімді болған -әрине, өте жақсы. Алайда өз тәжірибемнен көріп жүрмін, жүргізушілер жол бойында өздерінен басқа да жол жүру қатысушылары бар екенін ұмытып, міндеттемелердің әртүрлі болатындығын ескермей жатады. Көбінесе «басқа жүргізушілер» сіз сияқты тәжірибелі, шапшаң, мұқият болмауы мүмкін, автокөлікті дұрыс басқара алмауы мүмкін. Егер ЖКО статистикасына жүгінетін болсақ, ЖКО-на себепкер болған жүргізушілердің көбі рульге бірінші рет отырғандар емес. Жүргізушілік шеберлікке қатысы жоқ тағы бір ескеретін жайт —бұл автокөлікті бөтен адамдар айдап кетуі немесе жымқыруы мүмкін, оның үстіне немесе ішіне бөгде нәрселер құлап, үшінші тұлғалардың құқыққа сыйымсыз әрекеттерінен өртенуі, жарылуы мүмкін. Небір мықты деген жүргізушілердің өздері форс-мажор жағдайларын айналып өте алмайды.

— Сақтандыру жөніндегі менеджерлер маған бірнеше жыл қатарынан КАСКО шартын жасауды ұсынып жүрген, — деп әңгімелейді Ирина. —Алайда тартыншақтаумен болдым. 10 жылдың үстінде тәжірибем бар, авария дегенді білген емеспін, үнемі көлікті мұқият жүргізуге тырысамын. Осы жылы «НСК» менеджерлері менің 10 000 ш.б. бағаланатын Subaru көлігім үшін сақтандыру құны небары 132 000 теңгені құрайтынын түсіндірді. Алматыда соңғы кезде дауыл тұру жиілеп кетті, менің капотыма бұтақтар құлап, кейбір тұстарын ойып кетті. Сондықтан не нәрсеге де дайын болайын деп сақтандыруды ұйғардым. Мен үшін КАСКО-ны бірнеше ай бойы бөліп төлеу арқылы сатып алу тиімді көрінді. Содан бірер уақыт өткенде таңертең тұрып, аулаға шықсам -көлігім жоқ, есімді жия алмай қалдым: оны біреулер айдап кеткен! Жарар, бәрін тәптіштеп айтпай-ақ қояйын. Тек айтарым, "НСК" компаниясы ең ықшам мерзімде менің автокөлігімнің құнын төлеп берді. Жаңа автокөлік алғанымда, бірден "НСК" мамандарына барып, КАСКО рәсімдеулерін өтіндім. Енді рульге отырғанда және машинамды тұраққа қалдырғанда, ешнәрседен қам жемеймін.

2 аңыз. Мен КҚИ АҚЖ МС полисін сатып алдым, енді маған КАСКО не үшін қажет?

Бұл аңыз кеңінен таралған, дейді Асқар Рустанов. — Оның дұрыс еместігін дәлелдеу үшін, ҚР заңнамасына үңіліп көрейік. Көріп тұрғанымыздай, көлiк құралдарын пайдалану нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген үшiншi тұлғалардың мүліктік мүдделерiн қорғауды  сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады. Егер осы заңнамалық норманы қарапайым тілге аударатын болсақ, КҚИ АҚЖ МС ЗАРДАП ШЕГУШІ ТАРАПҚА КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ кінәлі тараптың өз қалтасынан емес, сақтандыру компаниясының төлемдері есебінен өндіріп беруге мүмкіндік береді. Осылайша, егер жүргізуші жол үстінде абайсыздық танытып, жол көлік оқиғасы соның кесірінен орын алған болса, сақтандыру компаниясы зардап шеккен тарапқа ғана төлем жасайды, ал кінәлі тарап ештеңе ала алмайды. Кінәлі адам бүлінген көлігін өз есебінен жөндеуге мәжбүр болады. Егер жүргізуші өзгенің емес, өз машинасын сақтандырғысы келсе, онда ол КАСКО сатып алуы тиіс. Бұл сіздің көлігіңізді келесідей көптеген тәуекелдерден құтқарады: болмашы сызаттардан бастап айдап кетуден де. Бұл жерде автокөлік ЖКО-на тап болды ма, оны бұзақылар бүлдіріп кетті ме немесе айдап кетті ме -оның маңызы болмайды.

Сақтандыру компаниясы автокөлікті жөндеу ақысын немесе жаңа автокөлік сатып алу үшін өтемақы төлейді. Күзгі-қысқы кезең қарсаңында алдағы көктайғақтар мен жол үстіндегі түрлі қолайсыздықтарды алдын-ала бажайлап, басыңызды қатерге тікпей, КАСКО сатып алуды ойластырыңыз.

Жақында "НСК" компаниясының клиенті мынадай жағдайға тап болды. Сақтандырылған автокөлік ЖКО-ға түсті, келіп жеткен әкімшілік полиция қызметкерлері біздің клиентіміздің кінәлі екенін анықтады. КҚИ АҚЖ МС бойынша біз зардап шеккен тарапқа 800 000 теңге, ал оқыс оқиғаға кінәлі жүргізушіге, яғни өз клиентімізге — 1 миллион 300 мың теңге төледік. Ойланып көріңізші: егер жүргізуші көлігін сақтандырмаған болса, сақтандыру компаниясы зардап шегушінің ғана зиянын өтеп, ал кінәлі тарап көлігін өз қалтасынан жөндер еді ғой.

3 аңыз. КАСКО — қымбат.

— КАСКО құнының қымбаттығы ешқандай сын көтермейтін аңыздың бірі, — деп жалғастырады Асқар Рустанов. —ЖКО немесе өзге де күтпеген жағдайлар кезінде көлік иелерінің жөндеуге жұмсайтын ақшаларының мөлшерімен салыстырғанда КАСКО құны мардымсыз деуге болады. Оны автокөлікке салынған орынды инвестиция, оның жол үстіндегі қорғанышы деп түсіну керек, ал жолдың бойында көбі қалай болса солай жүруге әдеттенген. «НСК компаниясына жүгінген клиент өзіне қажетті опцияларды таңдай отырып, КАСКО құнын өзі реттей алады. Оның үстіне бөліп төлеудің қарастырылғаны өте ыңғайлы. Сонымен қатар клиент автокөлігін жөндеткісі келетін ТҚС өзі таңдай алады.

Біздің тәжірибемізден алынған оқиға: Біздің КАСКО-клиентіміз Әсет көктайғақта ЖКО-на түсіп, нәтижесінде капот, алдыңғы шамы мен жүргізуші жағындағы қанаты күрделі жөнделуі тиіс болатын. Ол КАСКО-ны 120 000 теңгеге сатып алды, ал автокөлік жөндеу, жаңа тетіктер мен шебердің жұмыс ақысын қосқанда оған 400 мыңнан астам ақшаға түсті.  Алайда Әсетті бұл шығын еш қынжылтқан жоқ, өйткені КАСКО оның барлық шығындарын жауып тастады. ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша, 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында 11 462 көлік құралының қатысуымен 7 901 ЖКО орын алған. Әсіресе КАСКО ірі қалалардың тұрғындары үшін өте қолайлы, өйткені барлық оқыс оқиғалардың 70%-ы сол қалаларда орын алады екен.

Әрине, авариялармен салыстырғанда автокөлік иелерінің саны әлдеқайда көп. Алайда осындай негізсіз аңыздарға сеніп, арқаны кеңге салуға бола ма? — Егер сақтандыру жағдайы орын алатын болса,
— деп жалғастырды Асқар Рустанов, — онда «НСК» компаниясында автокөлік иелерінің қалауына қарай автокөлігін қалпына келтіреді немесе барлық қажетті құжаттар тапсырылғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде сақтандыру өтемақысы беріледі. «НСК» үшін клиент көлігінде айдап кетуге қарсы құрылғының қойылғаны, көлік құралының тұрақ орны маңызды емес, ол Шарттың бағасына әсер етпейді, төлемдерді төмендетпейді.

Көріп тұрғаныңыздай, КАСКО — бұл өзіңізді және көлігіңізді жол үстіндегі әртүрлі жайсыздықтардан ақылға сыйымды ақшаға қауіпсіздендірудің ең тиімді және қолжетімді тәсілі.

4 аңыз. Ақшаны алу қиын әрі ұзаққа созылады

— "НСК" сақтандыру компаниясы ұсынылатын қызметтерді жетілдіре отырып, үнемі даму үстінде, — дейді Асқар Рустанов. —Өз жұмысында біздің компания ең алдымен өзінің клиенттерін, олардың қажеттіліктері мен талап-тілектерін бәрінен жоғары қояды. Сервиске ерекше мән беріледі, "НСК" сақтандыру компаниясы клиенттердің ойынан шығып, олардың өмірін жайлы ету үшін бар күш-жігерін жұмсайды. Сақтандыру жағдайын қараудың әр кезеңінде біз клиент пен компанияның өзара әрекеттесу рәсімін жедел әрі жайлы жүргізу үшін өзгертулер енгізіп отырамыз.

Қорыта келе айтарымыз, өткен жылы "НСК" сақтандыру компаниясы өзінің клиенттеріне КАСКО шарттары бойынша 374,6 миллион теңгеге төлем жасады, ал осы жылдың 9 айы бойынша 284,9 миллион теңгені құрады. Жалпы алғанда, 2015 жылы "НСК" компаниясы барлық сақтандыру түрлері бойынша 5 млрд теңге төледі.

Осы айтылғандарға сүйене отырып, уақытты босқа өткізбей, өз автокөлігіңізді Қазақстанның сақтандыру нарығында 20 жылдан астам уақыт бойы мінсіз қызметімен көзге түскен, клиенттерінің қиындықтарын шешу міндетін өз мойнына алатын «НСК» компаниясына сеніп тапсырғаныңыз жөн. Бүгінгі таңда «НСК» сақтандыру төлемдері бойынша  көш бастап келе жатқан үздіктердің бірі және автосақтандыруға қатысты алып-қашпа сөздердің бұрыстығын бірінші болып дәлелдеуге дайын.