РУС

Тау – менің алғашқы жорығымнан басталған «стихиям»

Бизнес дегеніміз не? Бұл мықты адамдар ұжымының алдына мақсат қойып, соған жетуге ұмтылуы. Мақсот Жұмаевтың ойынша, бұл альпинизмге де қатысты, ол ең әйгілі қазақстандық альпинист, ҚР альпинизм бойынша еңбегі сіңген спорт шебері, «Әлем тәжін» — әлемнің барлық 14 сегізмыңдығын қосымша оттегісіз бағындырған шың шебері (2000—2011).

— Мақсот, сіз бүгінде бірталай биіктерді бағындырдым деп еркін айта аласыз. Ал бастапқыда қалай болып еді? Балалық шағыңыз қалай өтті, кім болуды армандадыңыз?

— Менің балалығым Батыс Қазақстан облысының Чапаев ауданының Чапаев ауылында өтті. Ауылға Чапаевтың аты берілуі тегін емес, Қызыл Армия сайыпқыраны Василий Иванович Чапаев дәл осы жерде қаза тапқан көрінеді.  Бала күнімде басқа ауылдың балалары сияқты өстім, олардан еш айырмашылығым болған жоқ.

Негізі археолог болғым келген. Оның себебі -ауылымыз орналасқан жерде Азамат соғысы кезінде үлкен қақтығыстар болған, бұл жерден ойнап жүріп талай рет патрондар, әскери құралдардың сынықтарын тауып алғанбыз. Тіпті ауламыздың ішінен картоп отырғызу кезінде немесе балық аулау үшін жерқұрт қазған кезде жарылғыш заттардың сынықтары табылатын. Сондықтан бала кезімде әртүрлі артефакттардың табылуы архелог болуға себеп болды деуге болды.

 — Сіздің кумиріңіз бар ма?

— Кумирлерім бола қойған жоқ, алайда мен үшін ең беделді адам, үлгі менің әкем Жұмаев Сағынтай болатын. Ол менің мінез-құлқымның, моральдық қасиеттерімнің қалыптасуына үлкен ықпал етті.

 — Сіздің тауға деген құштарлығыңыз қашан оянды?

— Мен бұны тауға алғаш жорық жасағанда түсіндім. Бұл 1996 жылы Алматы-Ыстықкөл трекингінде болған оқиға. Біз тауға Франциядан келген коммерциялық топпен жаяу шықтық, мен ол кезде институтта оқып жүргенмін, қолым бос кезде жүк тасушы болып табыс табатынмын.

— Қандай шыңдарды бағындырдыңыз?

— Альпинизмдегі спорттық жетістіктерімнен «Жер тәжін», яғни әлемнің барлық 14 сегізмыңдығын (Аннапурна, Чогори (K2), Нангапарбат, Канченджанга, Манаслу, Дхаулагири, Макалу, Гашербрум I, Шишабангма, Эверест, Броуд-Пик, Лхоцзе, Гашербрум II, Чо-Ойю) оттегі жабдығынсыз бағындырғанымды, ал «Әлемнің жеті ұшар шыңы» бағдарламасынан алты шыңды— континенттің барлық ең биік нүктелеріне шыққанымды мақтан етемін. Бұлардан басқа Іле Алатауында және бүкіл әлем бойынша басқа да бағындырған шыңдарымды қосыңыз.

Өзім үшін бұлардың ішіндегі ең маңыздысы -планетаның ең биік нүктесі -Эверест.

— Қай тауды бағындыру қиынға соқты?

— К2 (Чогори) шыңы—биіктігі жөнінен әлемдегі екінші шың (8611 м), бұл шыңға бес рет шығып ала алмағанмын. Мен үшін Чогори нағыз «алынбас қамалдай» көрінді. Қалған сегізмыңдықтарға бір шыққаннан бағындырғаныммен, бұл тауға алтыншы рет қана сәтті көтерілуім қалай? К2 -кәсіби біліктілігі аса жоғары және тиісті даярлықтан өткен альпинистер үшін де өте күрделі шың болып саналады. К2 пішіні пирамида тәріздес, оған өрмелеу  маршруттары өте қауіпті. Бұл тау барлық қиындықтардан құралған — құлайтын тастар, қар көшкіні, жарықтар -бәрі осында.

Сонымен қатар Чогори өз ауданындағы басымдыққа ие тау, онда үнемі суық жел тұрып, қатаң арктикалық аяз үстемдік құрады. Эверестке мыңдаған адамдар өрмелеп шыққанымен, Чогори екі жүз метрдей аласа болғанымен, оған шығуға тек жүздеген адамның батылы жетті.

— Альпинизммен айналысатын адамның басшылыққа алатын қағидалары бар ма?

— Қағидалар қарапайым — өз дегеніңнен таймау. Альпинизм соншалықты ерекше нәрсе емес, ерекше ережелері де жоқ. Жақсы адам болсаң болғаны, альпинистер жауапкершілігі жоғары, ұжымшыл болуы тиіс, өйткені тауға жалғыз шыға алмайсың, сүйенетін, сенетін серіктерің керек. Біртұтас жүйені құрайтын адамдар командасы бір мақсатқа жету үшін бір алақанға жұмылады. Біз достықты, қолғабысты бәрінен жоғары бағалаймыз. Әндегідей —

«Досыңды тауға тарт — тәуекелге бас тік!
Оны жалғыз тастама,
Сен онымен бір арқанның бойындасың -
Тау басына шыққанда кімнің кім екенін білесің".

— Таулар сізге не үйретті?

— Мен үшін таулар өз бойымда мықты тұлғаны тәрбиелеуге көмектесетін алаң. Мысалы, мен оттегі жабдығынсыз шыңға көтерілдім — альпинистер үшін бұл "адал өмір сүру" дегенді білдіреді, бұл -фейр-плей.

— Сіз өз жеңістеріңізді кімге арнайсыз?

— Әрине, шың басында алдымен жаныңа жақын адамдарды, ата-анаңды, әпкелеріңді еске аласың, соңынан отбасылы болғанда -зайыбың, балаларың бәрінен жақын. Шың басындағы міндетті атрибут —бұл отбасыңның, зайыбыңның, балаларыңның фотосуреттері, мен үшін бұл символдың маңызы зор. Кішкентай пүліш ойыншық аюды -біздің отбасылық амулетімізді өзіммен бірге алып жүремін, ол маған күш береді.

— Қазақстанда альпинизмді дамыту үшін не жасап жатырсыз?

— Қазіргі таңда менің кез-келген кездесуім, қоғамдық шарам, БАҚ-тағы сөйлейтін сөзім -бәрі таулармен ғана байланысты. Қазір мен Қарулы күштердің Орталық спорт клубының тау даярлығы жөніндегі командасының басшысымын. Менің міндетім — арнайы бөлімшелерді тауда  арнайы даярлықтан өткізу. Мен арнайы бөлімшелерді таулы жерге бейімделуге және тасқа, тауға өрмелеуге үйретемін. Сонымен бірге Қалалық шыңға өрмелеу  федерациясының президентімін, менің Kazakh Alpine Club атты арнайы жобам бар, оның мақсаты  — таулы жерлерде белсенді демалысты дәріптеу, бұған альпинизм, шыңға өрмелеу және тау туризмі жатады.

— Тау шыңдарын бағындырғысы келетін адамның қандай қасиеттері болуы тиіс?

— Өзіңді дұрыс түсіну, өмірлік ұстанымдардан ауытқымау, өзіңнің ұстанымдарыңды ешқашан сатпау, барлығына құрметпен қарау. Егер осындай моральдық қасиеттері мен жаттығу деңгейі жақсы болатын болса —ол адамға кез-келген шың бас иеді.

Мақсот үшін басты сақтандыру көптеген жылдар бойынша тұрақты жаттығулар болатын, ал біз клиенттерімізге өз қауіпсіздігін қамқорлыққа алудың жедел тәсілі  — ауыртпалықтарды ойламай, шыңдарды жеңіл бағындыруға мүмкіндік беретін НСК жазатайым жағдайлардан сақтандыру қызметін таңдауды ұсынамыз!