«Форум» журналы — «Үздік корпоративтік басылым — 2017»
«Форум» журналы— «Үздік корпоративтік басылым — 2017»
Жақында қазақстандық PR-форум аясында корпоративтік БАҚ арасында Х Орталық Азиялық конкурс ұйымдастырылып, 18 мамырда жеңімпаздарды салтанатты марапаттау шарасы өтті.
Конкурс нәтижесінде біздің «Форум» журналымыз «Үздік корпоративтік басылым — 2017» аталымында жеңімпаз атанды. Екінші жыл қатарынан жеңіп шықтық!
Мойындау қажет, бәсекелестер де мықты болды. Барлығы конкурсқа 17 басылым қатысты: қағаз және электронды журналдар, интрасайттар, корпоративтік әлеуметтік желілер. Төрешілер алқасы қыруар жұмыс атқарды.
Жоғары бағалағандарыңыз үшін рақмет! Ол бізді бұрынғыдан бетер күшті болуға және жаңа жеңістерге ынталандырады. Келесі жылы кездескенше!